«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



жүктеу 144.01 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі144.01 Kb.


«Әлеуметтік қорғау саласында

мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы ________________

№ _____ қаулысымен бекітілген




«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Жалпы ұғымдар
1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

1) Кресло-арба -мүгедектердің белсенді және баяу жүріп тұруына арналған техникалық көмек түрі.

2) ҚҚБ - мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделес органдардың құрылымдық-қызметтік бірлігі, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйесі;

3) Өкілетті орган -«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім);

4) Тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.

2.Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне (бұдан әрі – регламент) 1-қосымшада көрсетілген «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – бөлім) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнің негізінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz және www.karaganda-akimat.kz Қарағанды қаласының әкімдігінде, бөлімнің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы осы регламентқа 6-қосымшаға сәйкес хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап.

Мүгедектердің өтініштері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) кресло-арбаға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды және Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оларды сатып алуды жүргізеді.

Кресло-арбаларды беру мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты, зейнеткерлік куәлігінің нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері, алған кресло-арбаның атауы, алған күні, алудағы белгілер көрсетіле отырып, тізім бойынша бөлімде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

Жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесін және жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат ұсынады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы осы регламенттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш білдірген күнгі көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш білдірген күнгі орнында мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Бөлімнің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00-ге дейін, түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға бөлімнің үй-жайында көрсетіледі. Бөлімнің үй-жайы қажетті құжаттарды даярлау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стенділермен жарақтандырылған, күту залы бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.
3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын;

3) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

12. Өтініш нысандары бөлімдегі күту залында арнаулы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті толтырылған өтініш осы регламентқа 4-қосымшаға сәйкес нысаны мен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрғылықты жері бойынша бөлімнің жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі ақпарат қойылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.

14. Тұтынушы уәкілетті органда барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген осы регламентқа 5-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

15. Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі бөлімге жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша:

1) тұтынушының мүгедектердің кресло-арбалармен қамтамасыз етілуіне қарсы медициналық көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімделуінде қате анықталған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұту үшін негіздемелер жоқ.

 17. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) Мүгедектік кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін құжаттар қабылдау және тексеру, өтініштері тіркеу журналына тіркеу, барлық құжаттарын тапсырғаннан соң тұтынушыға құжаттардың қабылдап алынғандығы туралы жауапты маманмен талон беріледі.

2) Мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың ресімделгендігі (немесе бас тарту) туралы қағаз жүзіндегі хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап тұтынушының жеке өзінің бөлімге келгенінде немесе пошта арқылы бері леді.

    18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚҚБ:

1) Бөлім бастығы;

2) Бөлімнің жауапты мамандары.

19. Әрбір әкімшілік әрекетті (үдерісті) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚҚБ-нің қарапайым әрекеттері (шаралары) жүйелігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 7 қосымшасында келтірілген.

20. ҚҚБ мен мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы осы регламенттің 8 қосымшасында келтірілген.


4. Шағымдану тәртібі
21. Көрсетілген қызметтерге жауапты тұлға бөлімнің бастығы, бөлімнің жауапты лауазымдық тұлғалары болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері (іс-әрекетсіздігі), үшін белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.

22. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы осы регламентқа 1-қосымшада көрсетілген.

23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы мен электронды пошта мекенжайлары осы регламентқа 1 қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.

24. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі бөлімнің ақпараттық стендісінде көрсетілген бөлім басшысының атына беріледі. Бөлімнің жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, Қарағанды қаласы әкімі аппаратының және Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының телефоны мен мекенжайы осы регламентқа 1, 2, 3 -қосымшаларда көрсетілген.

25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы белгіленген заңнамалық тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

26. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушының қолы қойылуға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды адам, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

27. Жазбаша шағым берген тұтынушыға берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

28. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ






Өкілетті органның атауы

Өкілетті органның орналасқан заңды мекен-жайы (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, электронды поштаның мекен-жайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, еmail: krggorsobes@mail.ru

8-(7212) 300169

300233


Күн сайын сағат 9.00-ден, 18.00ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден-14.00-ге дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ






Өкілетті органның атауы

Өкілетті органның орналасқан заңды мекен-жайы (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, электронды поштаның мекен-жайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының әкімшілігі» ММ

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары көшесі, 39 үй еmail: www.karaganda-akimat.kz

8-(7212) 420890

Күн сайын сағат 9.00-ден, 18.00ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден-14.00-ге дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ




п/п


Уәкілетті органның аталуы

Уәкілетті органның заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше, үйдің № , электрондық поштасының мекен-жайы)



Телефон номері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ

Қарағанды қаласы Ержанов көшесі,
47/3-үй

Тел:
8-(7212)-43-20-82,
телетайп:
8-(7212)-27-12-42,
Email: karaganda
trud@mail.ru

Күн сайын сағат 9.00-ден, 18.00ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден-14.00-ге дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша
«Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің бастығы

Ж.Ысқақовқа

ӨТІНІШ
________________________________________________________________________________________________________________________________________


беруіңізді сұраймын.

Келесі құжаттардың көшірмесін ұсынамын:



1. Жеке куәлік

2. Мүгедектік туралы анықтама

3. ОЖБ

«____»___________2012 г. ___________________________

(өтініш берушінің немесе оның атынан өтініш берушінің қолы)
Өтініш берушінің ұсынған құжаттар _________________________________

көшірмесінің дұрыстығын растаймын (өтінішітің дұрыстығын растайтын тұлғаның Т.А.Ж, лауазымы)


«____» ____________ 2012 г.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

5-қосымша

Аз.________________________ өтініші ___ дана құжаттарымен қоса қабылданды және №______ «___» ___________________201___ж тіркелді.


Заявление гр.__________________________ с прилагаемыми документами в количестве __________штук принято и зарегистрировано №_________

«___» __________________ 201___г.


Қабылдаған маманның А.Т.Ж________________________________________________________

Ф.И.О., должность, подпись принявшего документы

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

6-қосымша


_______________________

_______________________

_______________________
ХАБАРЛАМА
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Сіздің ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(құжаттарды ресімдеудегі мемлекеттік қызмет көрсетудің аталуы)
тапсырған құжаттарыңыздың ресімделгендігі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлайды.

Себебі: _____________________________________________________________

(құжаттарды ресімдеуден бас тарту жағдайында толтырылады)

ММ басшысы (қолы)

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

7-қосымша


1-кесте. ҚҚБ іс-әрекетінің сипаттамасы




Негізгі іс-әрекетінің сипаттамасы (жүруі, жұмыстардың ағымы)


1.

әрекеттің № ( жүруі, жұмыстардың ағымы)

1

2.

ҚБФ. атауы

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

3.

Әрекеттердің аталуы

(шаралар, процестер,операциялар) және олардың сипатталуы.



Тұлғалардан мүгедектік кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін әкелген құжаттарды ресімдеуге қабылдау және тексеру, өтініштері тіркеу журналына тіркеу.

Мемлекеттік қызметті алғандығы туралы талон беріледі.

15 минут


4

Аяқталу түрі (мәліметтері, құжат, ұйымдастырылып – таратылатын шешім ).

Кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап

5

Мерзімі

10 күн.

6

Келесі әрекет номері

1 баған

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне

8-қосымша

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу бойынша процесс



овал 7
прямая со стрелкой 17прямая со стрелкой 18
прямая со стрелкой 19

скругленный прямоугольник 21


блок-схема: альтернативный процесс 20

блок-схема: альтернативный процесс 24



скругленный прямоугольник 27





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет