Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы


Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі394 Kb.
#125281
1   2   3   4

2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

801 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 802 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 221 «Дайын өнімдер», 920 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қарожылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 301-ші шоты дедеттеледі де, 701 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс», 702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» және басқа шоттары кредиттелінеді.

Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына 301 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредеттеледі. Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілгекн есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 433 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 451 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі. Жабдықтаушы кәсіпорындарының бухгалтериясы бұрыныпақ төленген авансты есепке алынады да, ол: 661 және 662 шоттарының дебеті және 301 –ші шотіның кредиті бойынша көрініс табады.

303 шоты әрбір дебитор немесе келісім – шарт бойынша, яғни есеп айырысуды жүзеге асыруына қарап жүргізіледі.

Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады.

Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, соннаң соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Жоғалту мен кем шығудың есебі субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде әртүрлі жоғалтулар мен кем шығулар болуы мүмкін және олар: нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінуі мүмкін. Нормаланатын жоғалтулар негізінен атаулардың физикалық- химиялық қасиетінің өзгеруімен байланысты болып келеді. Бұлардың есептері объективті сипатта болғандықтан олардың жоғалтулары белгіленген денгейде нормаланады.

Нормаланбайтын жоғалтулар бұзылудың, кем шығудың т. б нәтижесінде болады.

Нормаланған жоғалтулар өндіріс шығыстарына жатқызылады, ал нормаланбайтын жоғалтулар, себебін анықтағанша, 334 шотқа жатқызылады және ол бойынша «кем шығу, жоғалту және құндылықтардың бұзылуы» деген субшоты ашылады да, ол мына шоттарымен корреспонденцияланады:

325 «Басқа да» шоты дебеттеледі де, негізгі құралдың жетіспеген баланстық құнына – 123-125 шоттары; материалдық құндылықтардың жетіспеген ақша қаражаттарына -451-452 шоттарына кредиттеледі.

Жоғалтулардың себебі ашылса, онда 334 шотында есепке алынған сомасы 333 шотында есептен шығарылалды, яғни 333 дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі. Ал егер де кінәлілер белгісіз болса, онда олар кәсіпорынның шығысына жатқызылады, яғни 821 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі.


2.3 Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.

Басқада дебиторлық қарыздардың есебіне келер болсақ, олар 33 «Басқалай дебиторлық қарыздар» бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынандай шоттар кіреді:

331 «Өтелуге тиісті қосылған құн салығы»

332 «Есептелген сыйақылар»

333 «Қызметкерлеркерлердің және басқа тұлғалардың қарызы»

334 «Басқа да қарыздар»

Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуды көрсетуүшін 331 «өтелуі тиіс қосылған құн салығы» шоты қолданылады. 331 шотының дебеті бойынша 671 «жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу », 687 «Басқа да » шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.

Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, Егер де:



  • тауар алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;

  • жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға берілген шот – фактураның негізінде.

Қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылатын болып табылады егер:

  • тауарды алушы ҚҚС- ғын төлеуші болса;

  • төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің деклорациясында көрсеткендей болса;

  • төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайын болса;

  • тұрғын-үй қызметіндепайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;

Есептелген проценттер 332 «Есептелінген проценттер» шотында есепке алынады. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөніндегі ақпараттарды табуға болады.

Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 332 «Есептелген проценттер» шотының дебеті және 724 «Акциялар бойынша девиденттер және процент түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетіледі.

Есептелінген проценттердің төленуі 441 «Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша», 451 «Кассадағы Ұлттық влюта түріндегі қолма-қол ақша», 431 «Ел ішіндегі валюталық шотындағы қолма-қол ақша» және т.б шоттардың дебеті және 332 «Есептелген проценттер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

333 «Есептелген проценттер» шоты бойынша аналитикалық есептері қарыз алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосінде немесе соған ұқсас машинограммасында жүргізіледі.

334 «Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары» шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есеп ке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған займдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорынның өз қызметкерлерінің қызмет бабы мен іс сапарға жібереді,дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады,почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

Іс – сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебіне келер болсақ іс-сапар шығыстары деп- кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңымен қаралған шаралар бойынша бдекітіледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге қоғам өз қызметкерлеріне үш айлық есептік көрсеткіш деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сонымен қоса жолда болған күндері де қоса есептеледі.

Нақты іс- сапар орынына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іс-сапар куәлігіне белгі соғады. Егер да еңбеккер бірнеше мекен- жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс- сапарға дейін шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс.

Әдетте, іс- сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда 40 күннен аспауы керек.

Іс- сапарға жіберілген қызметкердің үй- жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі. Іс- сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив денгейінде және тиісті құжаттар мен дәлелдеген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындар мен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.

Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын – ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін конверттелетін валюта беріледі.

Іс- сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттар мен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп береді.

334 шоттың дебеті бойынша және мына шоттардың кредитіне келесі жазба жазылады: 451 –кассадан есеп берген кезде; 441- авансты есеп айырысу шотынан почта арқылы аударған кезде; 334- есеп беретін тұлғаға чек кітапшалары арқылы берілген кезде; 451- есеп беретін мемлекеттік салық маркаларын, почта маркаларын және т.б беру кезінде. 333 – шотының кредиті бойынша жазбалары мынандай шоттардың дебетіне жазылады: 201- 206,208,222,223- сатылып алынған тауарлы- материалдық құндылықтардың және өндірістік дайындау- көлік шығындарының сомасы; 821 немесе 936 – іс-ссапар, почталық, телеграфтық және басқа да шығындар; 451- авансты кассаға қайтару кезінде; 681- авансты еңбек ақысынан ұстаған кезде.

Есеп беруші адамдармен есеғп айырысу шетел валютасымен жүзеге асырылуы мүмкін. «Есеп беруші адамдармен шет елдік валютамен есеп айырысу» аралық шоты дебеттеліп, 452 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма- қол ақша» шоты кредиттеледі. Шығындардыесептен шығару кезінде 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар». 938 «Басқа да қосымша шығындар » шоттары арқылы жүзеге асырылады.

333 және 452 шоттар бойынша валютамен орындалған операциялар тенгелік бағам бойынша көрсетіледі.

Бағамдық айырмасы сәйкесінше мына шоттарда көрініс табады: 725 және 844 шоттарда.

Өкілдік шығыстарының есебі. Қоғам өз қызметінің барысында өкілдік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма- қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін.

Өкілдік шығыстарының сомасы заңда бекітілген нормасымен сәйкес кеуі тиіс:

Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болуы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептелгенде бес адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары бестен аспағаны жөн.

Өкілдік сипаттағы шаралардың алдын –ала қарастырылған шараға сай болғанын қуаттайтын құжаттарды қоғамның өзі әзірлеуі және есеп саясатында көрсетілуі керек. Өкілдік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде мыналар саналуы мүмкін:



  • басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын, директорлар кеңесін, бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;

  • келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің бағдарламасы күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі т.б;

  • шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс сметасы.

Осы аталған құжаттар толық талқыланып, оның негізінде бұйрық жасалып, сол бұйрыққа кәсіпорын басшысы қол қойғаннан соң, ол бухгалтерияға беріледі, содан кейін жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.

Шара аяқталған соң, есеп беруге тиісті тұлға,бұйрықта қаралған шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін: аванстық құжаттарын, оның шығысын растайтын алғашқы құжаттары мен және қоғам басшысы бекіткен сметаның орындалуы туралы актісін бірге бухгалтерияға тапсырады.

Аванстық құжаты мен сметаның орындалуы турралы актісін бекіткен соң, есеп беруге тиісті тұлғадан қабылдаған құжаттың негізінде шығындар сомасы 821, 811 шоттардың дебеті мен 333 шотының кредеті бойынша есептен шығарылады.

Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі. 333 шотында жоғарыда келтірілген баптар мен қатар еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады. Кем шығудың нәтижесінде қоғам шеккен зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.

Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредеттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 333 дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 333 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредеттеледі.

Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі де, 333 шоты кредеттеледі; ал егер де олар өз кінәсін мойындап, нақты қолма- қол ақшамен төлейтін болса, онда 451 шоты дебеттеле,ді де, 333 шоты кредиттеледі.

Талдамалы есеп әрбір еңбеккер бойынша жүреді.

Басқадай дебиторлық қарыздар шотында жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне , бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым- талап сомаларына, ТМҚ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемулеріне, айыппұлдарына т.б ақпараттарына шолу жасалынады.

Шағын- талап бойынша есеп айырысуды есепке алу.

Шағын – талап деп – кредитордың өзінің мүліктікң құқығымен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздары өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын – ала тікелей қарызданушыға шағым – талабымен баруы керек. Кәсіпорын шағым – талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен өнндіріп алудың қажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым – талапта: шағым – талап қоюшы қоғамның атауы, шағым- талаптың номері және түскен күні; тиісті актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің талабы; шағым- талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; қоғамның басшысының қолы көрсетілуге тиісті.

Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе жиыны түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым – талаптар екі ай ішінде қойылады. Тиісті құжаттардың негізінде шағым- талап сомаларын 334 шотының дебетінде- жабдықтаушыларға шағым – талап қойылған жағдайда 671 шоттың қате аударып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым – талап қойған жағдайда – 441 шотының кредитінен; төлеушілердің өздері мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісімшартындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және тағы да басқа өндіруге тиісті айыппұл, өсімайыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 727 шотының кредитінен есептен шығарады.

Қойылған шағым – талап бойынша төлем түскен жағдайда 441 шоты дебеттеледі де және 334 шоты кредиттеледі. Қойылған шағым – талап бойынша қойылған сомалардан бос тартқан кезде 334 шоты кредиттеледі де, 821 шоты дебеттеледі.

Ішкі шаруашылық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық – бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдерімен және өзге де ерекшеленген бөлімшелерімен және жеке балансқа шығарылғандармен есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесінде кәсіпорындар мн жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды.

334-шоты бойынша аналитикалық және жинақтық есептерін ұйымдастырудың тәртібі 32 «Еншілес серіктестердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді.

334- шотында мынандай есеп айырысулар есепке алынады: шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы- материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша; өнімдерді өткізу бойынша; жұмыс және қызметі бойынша; бөлімшенің қызметкеріне еңбек ақы төлеуі бойынша; егер қордың тиісті бөлігі бөлімшелерге берілмей бас кәсіпорынның балансында есепке алынатын болса, онда тұтыну қорлары және солардың есебінен қаражат жұмсауы бойынша; басқа да ағымдағы операциялар бойынша.

334 шотының дебеті бойынша бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық есептері бөлігіндегі қалдығы, құрылымдық бөлімшелерінің оған дегенгі, ал құрылымдық бөлімшелерде- бас кәсіпорынның қарыздары көрсетіледі.

Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақтаған балансында 334 және 687 шоттарында есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға дейін 334 және687 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі. Ішкі шаруашылық есебі қаржылық есеп беруге көрініс таппайды. 334 шоты бойынша талдамалы есебі, яғни ішкі шаруашылық есебінің субшоты әрбір филиалы бойынша немесе дербес бөлімшелері бойынша жүреді.

Жоғалту мен кем шығудың есебі субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде әртүрлі жоғалтулар мен кем шығулар болуы мүмкін және олар: нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінуі мүмкін. Нормаланатын жоғалтулар негізінен атаулардың физикалық- химиялық қасиетінің өзгеруімен байланысты болып келеді. Бұлардың есептері объективті сипатта болғандықтан олардың жоғалтулары белгіленген денгейде нормаланады.

Нормаланбайтын жоғалтулар бұзылудың, кем шығудың т. б нәтижесінде болады.

Нормаланған жоғалтулар өндіріс шығыстарына жатқызылады, ал нормаланбайтын жоғалтулар, себебін анықтағанша, 334 шотқа жатқызылады және ол бойынша «кем шығу, жоғалту және құндылықтардың бұзылуы» деген субшоты ашылады да, ол мына шоттарымен корреспонденцияланады:

325 «Басқа да» шоты дебеттеледі де, негізгі құралдың жетіспеген баланстық құнына – 123-125 шоттары; материалдық құндылықтардың жетіспеген ақша қаражаттарына -451-452 шоттарына кредиттеледі.

Жоғалтулардың себебі ашылса, онда 334 шотында есепке алынған сомасы 333 шотында есептен шығарылалды, яғни 333 дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі. Ал егер де кінәлілер белгісіз болса, онда олар кәсіпорынның шығысына жатқызылады, яғни 821 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі.

Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарға бұрындары жатқызылған ҚҚС сомасына 633 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттелген қызыл жазумен жазылады, сосын 821 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттеледі.

Берілген авнсбойынша есеп айырысудың есебі.

Берілген авнсбойынша есеп айырысудың есебі 35 «Бепрілген аванстар»бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар -351 «Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар» және 352 «орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар».

Аванс берілген жағдайда 35 ші бөлімшенің шоттары дебеттеледі, 441, 431 шоттары кредиттеледі, сондай-ақ шетел валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 725 шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың кредиті бойынша және 671 шотының дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі, сондай –ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты корреспонденцияланады. Берілген аванстың есебі басқадай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 351 және 352 шоттары бойынша бөлек жүргізіледі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» деген бөлімшесі қарастырылдған.Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 321 «Еншілес серіктестіктерінің қарыздары», 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары», 323 «Бірлесіп бақыланатын тұлғалардың қарыздары». Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Аталған еншілес кәсіпорынның дебиторлық қарыздары 321-323 шоттарында көрсетілсе, ал солардың кредиторлық берешегі 641-643 шоттарында көрсетіледі. Бас және еншілес серіктестіктердің арасында жасалңан есеп айырысулар 641 -643 және 321-323 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарй жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасы: 641-643 шоттары дебеттеліп, 321-323 шоттары кредиттеледі. Есеп айырысу шоттары арқылы бас кәсіпорынның және еншілес серіктестіктердің есеп айырысуы жүргізіліп қана қоймайды, сонымен қатар еншілес серіктестіктің екінші серіктестікпен есеп айрысуы да жүргізіледі. Бұл жағдайда мәлімдемелер үш данада жазылады: тараптардың есеп айырысуына қатысатын үшеудің әрқайсысы үшін. Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін мына төмендегі синтетикалық шоттары пайдаланады: 641, 642, 643 шоттарында жүргізіледі. 641,642 және 643- шоттары негізгі, пассивті әі күрделі болып келеді. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктері бойынша жүргізіледі.Төменде 641,642 және643 шоттарының дебеті және кридиті бойынша шоттарының корреспонденциясы келтірілген. Қоғам консалидацияланған қаржылық есеп беруін жасағанкезде 641-643және321-323 шоттары бойынша өзара жабылады немесе жойылады, немесе олардың қалдықтары тепе – теңдігін сақтайды.




3.Дебиторлық берешектің аудиті.
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты.

Дебиторлық борыштар (қарыздар) – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқа заңды тұлғамармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.

Аудитор дебиторлық борыштар тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланыста толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлык борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:


  • баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;

  • аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін тексереді;

  • субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;

  • күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіртерін және олардың дұрыс қолданылуы тексереді;

  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;

  • шағым-талап ету тәртіптерінің уақтылы сақталып, олардың қозғалысын бақылаудың дұрыс ұйымдастырылғандығын тексеруді; еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді:

  • дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдары талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.


3.2 Дебиторлық берешектің аудиті.

Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.

1. «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде аудитор талап ету мерзімі біткен борыштарға және уақтылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.

Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:



  • алынуға тиісті шоттар;

  • алынған вексельдер;

  • негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;

  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;

  • басқа да дебиторлық борыштар.

Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек ғана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.

Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты аланатынын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігі); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталауы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айрысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгенлеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқұларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті.

Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетіні – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан–жақты қамтып, айқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет:



  • өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;

  • түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу қүжаттаымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын;

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын»

  • Бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.

Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынандай мәселерді қамтамасыз етуге міндетті:

  • Вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттараның мерзімінде түспегендігінде қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді:

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін; 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімінің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;

  • Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын. Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылады.

Аудитор 301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнелтілген өнім ( тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын таалп ету құжаттарының уақтылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазуларымен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдын аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғандығына көз жеткізуі тиіс.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі – алынған вексельдер бойынша есеп айырысу. Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден есеп айырысу ушін алынған вексельдермен қамтамасыз етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотында жүргізеді. Векскль бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен 4 «Ақша қаражаттар» бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін.

Қарапайым вексель бұл жасалған сауда-саттықтар немесе орындалған жұмыстарды (қызметтер) төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің), екінші бір жағына (векскльді ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі. Аудармалы вексель (тратта) немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассат) вексельде көрсетілген соманы, үшінші тұлғаға (ремитентке) немесе талап етушіге төлеу туралы бұйрығын көрсетеді. Бұл құжат борыштық міндеттемеге айналып, төлеуші (трассант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индассамент) көмегімен әмбебап несие есеп айырысу құжатының қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Бұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысуымен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіліп, банктің тәуелсіз дисконтының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.

Аудит кезінде вексельдердің есебінің тұрлері төлеуші субъектінің төлеу мерзімінің жетуі бойынша борыштарды (аударады) вексельдер арқылы толтырудың негізділігін; алудан үмітін үзген немесе талап ату мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың зандылығын тексеру қажет.

Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті.

Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек, күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептен шығарып жабу үшін жасалады.

Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күдікті қарыздар – бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөндірілмеген қарыздар деп көрсетілген.

Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді.

Күдікті қарыздар бойынша резервтерді құру, оларды жұмсау және олардың қозғалысы туралы ақпарат жинақтау үшін бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 31 «Кудікті борыштар бойынша резервтер» бөлімшесінің дәл осылай аталатын 311 синтетикалық шоты қаралған.

Жасалған резервтің көлемі борышкерлердің қаржылық жағдайы (төлем қабілеттілігі) ескеріле отырылып, олардың қарызды тұтастай немесе бөліп төлеу мүмкіндіктерін бағалау арқылы анықталады.

Жасалған күдікті резервтер сомасына 821 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотын дебеттеп, 311 «Күдікті борыштар бойынша резервтер» шотын кредиттейді.

Күдікті деп танылып, өтеу мерзімі біткен дебиторлық борыштарды субъектінің балансынан шығысқа шығарғанда 311 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер» шотының дебетінде 30,33,35 бөлімшелердің тиісті шоттарының крелитінен көрсетеді.

Күдікті қарыздарды жабуға жасалған резервтің жұмсалмаған сомасына 821 шотының дебетіне, 311 шотының кредитіне қызылдап жазу әдісінің қолданылып, стороно жасалып жабылғандығын тексереді.

Жылдың соңында жасалған резерв бойынша қалдық тек қана ағымдағы жылғы күдікті қарыздар деп танылған дебиторлық борыштардың сомасынан тұратындығын тексеру қажет. Жасалған резервтің есебінен субъектін шеккен басқада зияндарын жабуға жұмсалғандағын; егер орын алған жағдайда олардың заңдылығын, есепті жылдың соңында қалған қалдықтың негізділігін тексеру қажет.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті

Аудитор дебиторлық борыштардың есебін тексеруді, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарында оперецияларының дұрыс көрсе тілгендігін және олардың есеп регистрларындағы мәліметтерінің Бас кітапқа және балансқа дұрыс жазылғандығын тексерумен ұштастырып жалғастырады. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық борыштарының түрлері бойынша ақпараттарын жинақтау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының кестесінде 32 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары» бөлімшесінің 321 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары», 322 «Тәуелді серіктестіктердің борыштары» және 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштары» синтетикалық шоттары қаралған.

Бақылау жүйесінің тетігін қолына ұстап, көп салалы өндірісті дамытумен, қызмет көрсету түрлерін кеңейтумен айналысатын негізгі (бас) субъектіге, капиталды өте тиімді пайдалануға, шаруашылық есеп жүргізу бастамаларын күшейтуге, еңбектің өнімділігін арттыруға, басқаруды тиімді ұйымдастыруға, өз мұқтаждықтарын жартылай фабрикаттармен, басқа да бұйымдарымен қамтамасыз етуге, шаруашылық ұжымдарын ауыл шаруашылық және тағы басқа да өндіріс салаларының өнімдерімен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктерге толық басшылық жасап ықпал етумен қатар, олардың заңды дербестігін сақтауға тиісті. Егер еншілес (тәуелді) серіктестіктер күйреуге үшырағанда, олардың шеккен зияны үшін Бас шаруашылық жауап бермейтіндігі секілді бас шаруашылық зиян шегіп күйреуге ұшыраған жағдайда олар да ол үшін жауап бермейді.

Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктердің табысының өзара бөліске салынуын бақылауға алады.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарын тексерген кезде, оларға ұзақ мерзімді түрінде салынған ақша-қаражаттай, материалдық-құндылықтай инвестицияларының жатқызылмағандығын анықтау қажет. Дебиторлық борышқа инвестициялардан тыс ақша-қаражаттар, дайын өнім,тауарлы материалды құндылықтар түрінде берілген құндылықтар бойынша есеп айырысулар жатады.

Аудитор еншілес (тәуелді) серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының аналитикалық есебінің тізімдемеде немесе машинажазбаларда жазу операциялары көп, ірі субъектілерде №280 үлгідегі дебетіндегі мәліметтерінің негізінде дебиторлармен және несие берушілермен есеп айырысу карточкаларында жүргізілгендігіне көз жеткізіп, анықтауға тисті.

Айдын басындағы және аяғындағы қалдықтарының және айлық айналымның карточкада жинақталып, Бас кітапқа жазылатын тізімдемеге немесе машинажазбаға қондырылғанына бақылау жүргізіп, оларға қоса тіркелетін шаруашылық операцилар растайтын құжаттарын тексереді.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарымен қатар,несиелік борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарың типтік жоспарының 64 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несие бойынша қарыздар» бөлімшесінің шоттарында (641-643 шоттар) есеп айырысу жүргізетінін ескеру керек. Еншілес (тәуелді) серіктестіктерден алынған шикізат, дайын өнім, басқа да материалдық құндылықтардың құны оларға осындай және басқадай түрде берілген тауарлы материалдықтардың құндылықтардың құнына өзара жатқызу туралы екі жақты келісімді растайтын хаттамамен танысып, бухгалтерлік есепте айырбастау операциялары сияқты көрсетілгендігін анықтау қажет.

Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің аудиті.

Дебиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудитордан баоанстың «Басқа да дебиторлық борыштар» бабына ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл аталған бап бойынша жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтары бухгалтерлік есеп шоттарның типтік жоспарында қаралған 33 «Басқадай дебиторлық борыштар» бөлемшесінің мынандай синтетикалық шоттарында көрсетіледі:


  • 331 «Орын толтыруға тиісті қосылған  құн салығы»

  • 332 «Есептелген сыйақылар».

  • 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары»

  • 334 «Басқа да борыштар».

Бұл аталған дебиторлық борыштарды аудитор жеке-жеке тексеруге тиісті. Орын толтыруға тиісті қосылған құн салығына тексеру жүргізгенде аудитор мына мәселелерді анықтап алуға тиісті:

  • баланста көрсетілген мәліметтері мен Бас кітаптағы және есеп регистрларындағы мәліметтерінің сәйкестігін;

  • жабдықтаушылар мен мердігерлерден сатып алынға тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеген (төлеуге келісім берген) шоттар бойынша қосылған құнға салынған салықтың (ҚҚС) көрсетілгендігін;

  • қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай (атқарылған жұмысты көрсетілген қызметі қабылдау) кіріске алынып, 331 шотының дебетінде көрсетілген ҚҚС сомасы, осы шоттың кредитінен 663 «Қосылған құн салығы» шотының дебетінде шот-фактураның негізінде жазылғандығын;

  • қоймаға түспеген және кіріске алынбаған материалды құндылықтарды қабылдау актісі бойынша қабылданбаған, атқарылған жұмыстар және қызметтердің акцептелген (төлеуге келісім берген) шот-фактуралары бойынша 331 шоттың дебетіне жазуларының жазылғандығын.

Аудитор Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес бухгалтерлік есепте және салық есебінде есептеу әдісін қолдану ережелерінің сақталуына назар аударуға тиіс.

Есептелген сыйақының есебінің аудиті.

Аудитор 332 «Есептелген сыйақы» шотында жинақталған ақпараттармен танысып, олар қандай аралық шоттар арқылы жүзеге асырғандығын тексереді. Есептелген сыйақы бойынша дебиторлық борыштардың құрылымын анықтап, оларға талдау жасап, 332 шотының дебетінде жазылған алынуға тиісті пайыздың үстеме сомасының 724 «Акциялар бойынша дивидендтер және сыйақы түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетілген сомамен сәйкестігін тексереді. 

332 шотының дебетінде көрсетілген есептелген сыйақылардың ақша-қаражаттар бөлімінің тиісті шоттарына уақтылы келіп түскенін анықтау қажет.

332 «Есептелген сыйақылар» шотының аналитикалық есебінің, займ алушылар, вексель ұстаушылар, жалға алушылар және т.б. шарушылықтар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған пайыздық қарыздарды айналым ведомостіне ұқсас тізімдемеде,машинажазбаларда жүргізілгендігін анықтау қажет.

Аудитор басқадай дебиторлық борыштардың елеулі үлесін құрайтын 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары» шотындағы шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілгендігін тексеруге баса назар аударға тиіс. Бұл шотта жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары туралы ақпараттарының есебін, есеп беруге тиісті әкімшілік, шараушылық және операциялық шығындарына, қызметтегі іссапарларға берілген сомалар бойынша жүргізеді.

Есеп беруге тиісті сома деп шаруашылықтың қассасынан ұсақ шарушылық шығындарына (қолма-қол есеп айырысусыз болмайтын әкімшілік шаруашылық және операциялық шығындарына) және іссапар шығындарына субъектінің жұмыскерлеріне берілген ақшалай авансын айтамыз. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың аналитикалық есебін әрбір берілген аванс бойынша жүргізеді.

Аудитор берілген авансы бойынша есепті, оған тіркелген құжаттарымен, несие берушінің аванстық есепті бекіткен мәліметтерімен жинақ ведомостындағы жазуларын салыстырып, жаппай тексеру жүргізеді. Ең алдымен аванстың кімдерге берілгендігін анықтайды. Іссап шығындарына берілген аванстар тәртіп бойынша сол субъектіде жұмыс, қызмет істейді тұлғаға берілуге тиісті. Кейбір шаруашылықтардың жұмыс тәжірибесінде бұндай аванстарды жоғары тұрған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына берген жағдайларда кездесіп қалады.

Кейбір шаруашылықтардың бухгалтерияларында жұмысшылар мен қызметкерлерді шаруашылық және іссапар шығындары деген сылтаумен, жеке басының қызметі үшін жалған аванс беруге жол берілгендігі орын алып жатады. Сондықтан жұмыскерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықты, іссапар куәлігін, оның мерзімін, барып-келу құнын, күшіндегі нормалар бойынша тәулігіне төленген сомасын, есеп беруге тиісті тұлғаларының аванс бойынша қорытынды есебінің уақтылы тапсырғандығын және пайдаланылмаған қалдық сомасын өткізгендігін анықтауы керек.

Аудитор аванстық есепке тіркелген құжаттарының дұрыстығын, оларға төленген төлемдердің заңдылығын тексеріп, қажет болған жағдайда қарама-қарсы тексеру жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, аудитор есеп беруге тиісті сомалар бойынша операцияларына тексеру жүргізгенде мыналарды анықтауға тиісті:



  • субъектінің төрағасының есеп беруге тиісті сомаларды алуға құқық берілген тұлғалардың шеңберін анықтағандығын;

  • есеп беруге тиісті тұлғаларға берілетін аванстың бекітілген көлемінен артық берілмегендігін;

  • бұрынғы алынған аванс сомалары бойынша есеп бермеген тұлғаларға берілмегендігін;

  • аванстық есепке жасалған шығындарының мақсаттылығы туралы көрсетілген соманы бекіткен төрағаның белгісінің бар екендігін;

  • есеп беруге тиісті сомалары шығындарының кіріске алынып,есепте уақтылы көрсетілгендігін.

Кейбір жағдайларда ақша-қаражаттарды есеп айырысу кезінде субъектінің бухгалтерінің өзі сіңіріп кетуі де ықтимал немесе оның белсенділік танытып араласуының салдарынан есептегі жазуларын көрсетудің нәтижесінде болуы мүмкін. Сондықтан аудитордың есеп кұралдарын және әдістерін қылмыстық іске пайдалануға баййланысты әдістерін білуге тиісті.

Шағын ұйымдардың бухгалтері, әдетте, есепті барлық операциялар бойынша жүргізеді, ұрлық істеуге резерв жасау мақсатында саналы түрде құжаттарын дұрыс өндемейді. Жүмыскерлерге берілген есеп беруге тиісті сомаларын олардың бет есебіне қондырмай жалпы өндірістік немесе басқа да шығындарына шығысқа шығарылуы мүмкін.

Жұмыскер аванстың қорытанды есебін тапсырғаннан кейін, бухгалтер оның бет есебіне кредиті бойынша сәйкес сомалырын көрсетудің нәтижесінде осы жұмыскерлердің алдында субъектінің жасанды борышы пайда болады.

Бухгалтер іссапар немесе шаруашылық шығындары ретінде есеп беруге тиісті соманы алуға, өз атына кассалық ордер жазып, ондағы көрсетілген соманы алуы мумкін. Бузгалтерияға түскен кассалық қорытынды есепті өндеген кезде, басқаларымен бірге бухгалтердің атында жазылған шығыс ордері көрсетіліп, алған сомасын өзінің бет есебіне көрсетпей, жоғарыда көрсетілген жұмыскердің бет есебінде көрсетеді. Нәтижесінде осы жұмыскермен есеп айырысу жабылады.

Аудитор материалды шеккен зиянды өндіру бойынша есеп айырысуды мұқият тексеріп, жетіспеушіліктер және ұрланғандары бойынша есеп айырысуларға талдау жасап, кем шыққан және жоғалған жағдайда қарау мерзімі мен тәртібінің сақталғандығын анықтауға, оларды қалай өндірудің қамтамасыз етілгендігін ж.т.б. тексеруге міндетті. Әсіресе кем шыққан және жоғалғандарын өндіріс шығындарында немесе кәсіпорынның қызметінің нәтижесінде шығысқа шығырылу фактілерін зерттеуге баса назар аударуы керек.

Күшінде заң актілеріне сәйкес табиғи кему нормасынан жоғарғысын, сондай-ақ бүлінген құндылықтарды кінәлі тұлғалардың мойындарына апарады. Табиғи кему нормасының көлеміндегі кем шыққандығы оларды түгендеу кезінде анықталған жағдайда ғана өндіріс шығындарына шығысқа шығаруы мүмкін.

Тәжірибеде (әсіресе сауда-саттықпен айналысатын шаруашылықтарда) табиғи кему нормасының көлеміндегі материалды құндылықтарды түгендеу жүргізбей-ақ шығысқа шығарып, колданыстағы заң актілері бұзу фактілері жиі кездеседі.

Аудитор кем шыққан, талан-таражға салынған және ұрланған құндылықтар құны толығымен кінәлі тұлғаларының мойнына апарылғандығын, ақша қаражаттарын және материалды құндылықтарды түгендеу актісінің дұрыс толтырылып, нәтижесінің шығарылғандығын және түгендеу кезінде анықталған кем шыққан және жоғалғандарын реттеу тәртібін, кінәлі тұлғаларының мойнына алып, кем шыққан материалды құндылықтарды өндіріс шығындарына шығысқа шығарудын дұрыстығын және негізділігін тексеруге міндетті.

Аудитор, сондай-ақ шаруашылықтың жұмыскерлеріне несиеге сатылған тауар және басқа да операциялар үшін берілген қарыздары (займдары) бойынша есеп айырысудың дұрыс жүргізілуін тексеруге тиісті. Бұндай есеп айырысулар үшін 333 «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың борыштары» шоттарына тиісті аралық шоттар ашылады. Бұл аралық шоттар бойынша аналитикалық есеп субъектінің жұмыскерлері бойынша жүргізіледі.

Аудитор алынуға тиісті жалгерлік міндеттеме, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық аударылған сомалар, жабдықтаушыларға, мердігерлерге, тасымалдау ұйымдарына және басқа да заңды тұлғаларға анықталған сәйкессіздіктер, табиғи кему нормасынан жоғары кем шыққан тауарлы-матариалдық құндылықтар, айыппұлдар, тұрақсыздықтар үшін үстемелер және, сондай-ақ меншіктік акциялардың номиналды құнынан, сатылу құнының жоғары сомасына талап етілген шағым-талап сомасы көрсетілген 334 «Басқадай» шотының мәліметтерімен танысып шығым-талап бойынша есеп айырысуға байланысты мына мәселелерді анықтауға тиісті:



  • құжаттардың ерекшеліктерін, уақтылы және дұрыс толтырылғандығын. Шағым-талап ету мерзімін сақтамау, ұрланған материалды құндылықтардың фактілерін жасыру үшін қолданылуы мүмкін, өйткені шағым-талапта көрсетілген соманы төлеуден бас тартқан кезде шеккен зиян сомасын өндіріс шығындарына шығысқа шығарады;

  • тексерудегі шаруашылықтың шағым-талаптарының негізділігін. Шағым-талап қанағаттандырылған жағдайда субъектінің шеккен зиянын өндіру үшін кінәлі тұлғаларын анықтау мақсатында әкімшілік тарапынан тексеру жүргізіліп, жоғалған, ұрланған, бүлінген құндылықтардың құнын өндіруге байланысты қолданылған шараларған орай тексеру жүргізеді;

  • 334 шоттың «Шағым-талап бойынша есеп айырысу» аралық шоттары бойынша бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс жасалғандығын;

  • аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығын, ол аналитикалық есеп жазуларының №8 журнал-ордеріне, Бас кітаптағы және баланстағы жазуларына сәйкес, әрбір дебитор және жеке шағым-талаптар бойынша жүргізілуге тиісті.

Аудитор кем шыққандығы және ұрланғандығы туралы шағым-талап материалдарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, жоғалғандығы және бүлінгендігі туралы материалдарының сапасыз немесе уақтылы тапсырылмауының салдарынан тергеу немесе сот органдарының қараудан бас тартып қайтарылғандығын немесе ондай фактінің орын алмағандығын мұқият тексеруге міндетті. Жұмыс практикасында әдейі кінәлі тұлғаларын жауапкершілікке тартуға жол бермеу мақсатында талап ету материалдарын дұрыс толтырмау немесе мерзімін сақтамай кешіктіру сияқты фактілер орын алуы мүмкін. Кем шығу және бүліну фактісін растау емес, маңыздысы олардың пайда болу себептері анықтау болып табылады. Тәжірибеде жиі кездесетін зиян шегудің себебі (материалды құндылықтардың кем шығуы, талан-таражға салануы, ұрлануы) тарту-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілмеу, қойма бөлмелерінің жағдайының нашарлығынан тауарлы-материалды құндылықтарды сақтау жағдайын сақтамағандықтан, оларды бір цехтан, екіншісіне қабылдау және бостау тәртібінің бұзылғандығынан, олардың сақталуына бақылаудың нашарлығынан, түгелдеу мерзімін сақтамай, қалай болса солай жүргізуден болып табылады. Сондай-ақ аудитор шаруашылыққа келтірілген зиянның дұрыс анықталғандығымен және аңықталу тәртібімен танысуға тиіс. Кейбір жағдайларда шеккен зиян сомасы бөлшек саудадағы бағасынан сауда үстемесі шығарылып есептеледі. Бұндай жетіспейтін немесе ұрланған қалдықтардан шеккен зиян сомасын, сол жергілікті жердің бөлшек сауда бағасы бойынша есептеп шығару керек.

Шаруашылықтың қоймасынан басқа сақтау орындарынан кем шыққан және ұрланған құндылықтар бойынша оларды өндірудің қамтамасыз етілгендігі орындау беттері бойынша, борышкерден өндіруді бақылаудың ұйымдастырылғандығын анықтауда талап етеді. Кейде шеккен зиянды шығысқа шығаруға асығады. Бұндай жағдайда шаруашылық тәртіп бойынша жауапкердің жағдайының келмейтіндігі және оның мүлкінің есебінен өндірудің мүмкін еместігі туралы сот шешімдерінің негізінде жасауға тиісті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір жауапкердің мүліктік жағдайы өзгереді, сондықтан шаруашылықтарға бұндай қарыздар бойынша тіркелген дебиторлық борыштарды өндіру мүмкіндігін бақылау үшін, баланс сыртындағы 007 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың борыштарын зиянға шығысқа шығару» шотында 5 жыл бойы көрсету ұсынылған.

Басқандай дебиторлық борыштарды талдаған кезде, кәсіпорынның жұмыскерлерінің құрал-саймандарды пайдаланғаны, алдын ала төлемсіз босатылған материалдық құндылықтар, өткізілмеген арнайы жұмыс киімдер үшін ж.т.б. борыштарының тіркелу, оларды сөндіру тәртіптерін тексерудің маңызы зор.

Аудитор есеп айырысу жағдайын зерттегенде, қарыздардың уақтылы қайтарылмауы, бухгартерлік есептегі есеп айырысу операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындауы мүмкін екендігіне назар аударуды қажет. Сондақтан дебиторлармен есеп айырысулар аналитикалық және синтетикалық есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені дебиторлық борыштар басқа да синтетиқалық шоттарда көрсетілуі мүмкін, оның ішінде талап ету мерзімі өтіп кеткен, алынуы мүмкін емес борыштар болуы да мүмкін.

Дебиторлық борыштардың қатарына «Берілген аванстар» бабы да жатады. Күшінде есеп айырысу жүйесіне сәйкес субъект жабдықтаушылардан келешекте түсетін тауарлы-материалдық құндалықтар, орындалатын жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін аванс беруі мүмкін. Келешекте түсетін тауарлы-материалдық қорларға немесе жұмыс орындауға, сондай-ақ тапсырыс берушіден ішінәра дайындығына қарай өнімдер және жұмысты төлеу бойынша берілген аванстардың ақпараттарын жинақтау үшін, 351 «Түсетін тауарлы-материалдық қорлар үшін берілген аванстар және 352 «Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» деп аталатын 35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттары қаралған.

35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттары бойынша аналититкалық есеп әрбір дебитор бойынша жүргізіледі. Аудитор аванс бойынша есеп айырысу оперциялрын тексерген кезінде олардың аталған шоттарда көрсетілген борыштардың нақтылығын анықтайды. Бұл жерде тексеру нысаны болып тек бухгалтерлік жазулар ғана емес, сонымен қатар жабдықтаушылармен және мердігерлермен жасалған шарттар да қызмет етеді. Әсіресе, аудитор аванс бойынша күдікті борыштарға, олардың пайда болу себебіне және кінәлі тұлғаларына назар аударады. Борыштарды нақты деп, егер ол мүдделлі тұлғаларының өзара есеп айырысу актілерімен салыстырылып расталған жағдайында айтамыз.

Аудитор шаруашылықтың балансында көрсетілген дебиторлық борыштардың нақтылығын анықтап, ақиқатына жеткеннен кейін, оның құрылымының өзгеруін зерттеуге, оның құнының нақтылығына баға беруге, дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімі бойынша таратуға, бұл борыштардың сапасын және олардың өндірілу жолдарын анықтауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет