Научный журнал



Pdf көрінісі
бет128/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   202
Д. Р. Мүтәлиева
1
, А. C. Сәбитова
2
1
п.ғ.к., қауымд. профессор, «Педагогика» кафедрасы, Инновациялық білім 
беру факультеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университеті, Атырау қ., 060011, Қазақстан Республикасы;
2
магистрант, «Педагогика және психология» мамандығы, Инновациялық 
білім беру факультеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау 
мемлекеттік университеті, Атырау қ., 060011, Қазақстан Республикасы
е-mail: 
1
Dana1657@rambler.ru; 
2
asikona_91@mail.ru
ПСИХИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙЛЕРДЕ АДАМ
ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ БАРЫСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУЫ
Бұл мақалада авторлар адамның психикалық жай-күйіне 
өздігінен әсер етудің реттеушілік тәсілдері ретінде психологиялық 
технологияны қолдану мәселелерін қарастырады. Әр түрлі деңгейдегі 
психикалық жай-күйлерге реттеуші техникалардың реттеушілік 
әсерінің динамикалық және ерекше механизміне назар аударылған. Бұл 
жұмыс психикалық шиеленістің барлық белгілерін кетіретін, адамның 
ішкі ресурстарына жол ашатын, оның психологиялық көңіл-күйі мен 
когнитивтік-танымдық процестерінің қызметін жақсартатын 
заманауи психологиялық технологияларды талдауға арналған. Авторлар 
реттеуші техникалар ретінде, әсіресе тыныс алу жаттығуларын, 
интерактивті өзіндік тренингті, өзін-өзі бағдарламалау мен сөздік-
бейнелі және эмоционалды-ерік-жігерлі өзін-өзі сендіру әдістерін 
атап айтады. Ойдағы бейнелермен қоса жүргізілетін өзін-өзі сендіру 
аффирмациялары, НЛБ-мен, релаксациямен, медитациямен, аутогендік 
жаттығумен және т.б. психикалық өзіне-өзі әсер етудің мақсатқа 
бағытталған тиімді құралдары болып табылады.
Теориялық-эксперименттік зерттеудің нәтижелі қорытындылары 
аналитикалық-синтездік жолмен тұжырымдалған. Ғылыми тәжірибе 
арқылы психикалық жай-күйлердің деңгейлік көріністері мен адамдарға 
тән белсенді психикалық қызметтің бұзылу себептері анықталды. 
Авторлар өзін-өзі психикалық реттеу тәсілдерін қолданғанда адам 
туындаған проблемаларды өз бетінше шеше алатыны мүмкін екенін, 
сөйтіп ол толығымен өзін-өзі ақтайтын, мақсатына қол жеткізе 
алатынын атап өтеді. Қалыптастырушы экспериментті өткізу 
барысында сынақтан өтушілердің құндылық-мотивациялық және 
эмоциялық-еріктік бағыттарының сапалық өзгерістерінің жоғары 
динамикасы байқалды. 
Кілтті сөздер: психологиялық технология, психикалық өзін-өзі 
реттеу, психикалық эмоционалды күйі, реттеушілік әсер ету, реттеуші 
техникалар, өзіне-өзі әсер ету, өзін-өзі жетілдіру, интерактивті өзіндік 
тренинг, өзін-өзі бағдарламалау, өзін-өзі сендіру аффирмациялары, 
маңыздану.
КІРІСПЕ
Адам психикасының ерікті жақтарының белсенді және мақсатты түрде 
жұмыс істеу процесі өзін-өзі реттеу болып табылады. Адамның мінез-құлқы, 
іс-әрекеттері, қылықтары, психикалық процестері, жай-күйі мен қасиеттері оның 
өзінің белсенділігін іске асыру тәсілдеріне бағынышты.
Өзін-өзі реттеу кезінде психикалық танымдық процестері (ой, қиял, түсінік, 
қабылдау, сезу, түйсік және сөйлеу) қызметі жанданады. Әр адам өз бетінше 
өзін-өзі реттей алады және ол жүйке жүйесінің сипаттары мен жеке қасиеттеріне 
байланысты болады. 
Психологиялық технологиялардың көмегімен адам өзінің психикалық 
жай-күйін жүйелеп отырады. Психикалық жай-күйлерде өзін-өзі реттеудің түрлі 
психологиялық технологиялары кездеседі. Адамның әлеуетті мүмкіндіктері 
табиғи жолмен қалпына келтіріледі. Адамның өзінің психикалық жай-күйлерін 
өз бетінше реттеуде күнделікті серуендеу, табиғатпен және жануарлар әлемімен 
үндесу, фитнес, бассейн, таңертеңгі гимнастика, музыкамен және бимен үйлесімді 
байланыс, әзіл-сықақ және т.б. қол жетімді құралдар болып табылады.
Психиканың жай-күйіне өздігінен әсер ету кезінде тыныс алуды, қозғалысты 
және сөздік-бейнелік, эмоционалды-ерік-жігерлік өзін-өзі сендіруге арналған 
басқару тәсілдері қолданылады. 
Психикалық жай-күйдің өзін-өзі реттеуінің теориялық және қолданбалы 
аспектілерінің көптеген психологиялық зерттеулерде қарастырылуы аса 
маңызды, алайда, осы зерттеудің мәнмәтінінде реттеу техникасының олардың 
реттеушілік әсер ету кезіндегі динамикалық процестері дербес міндеттер 
тұрғысынан айтылады.
Зерттеу мақсаты адамның өзі психологиялық технологияларды өз бетінше 
қолдану кезінде психиканың жай-күйіне олардың реттеушілік әсер етуін зерттеу 
болып табылады.
Зерттеу мәні психикалық жай-күйде өзін-өзі реттеу тәсілдері ретінде 
психологиялық технологиялардың тиімділігі болып табылады.


250
251
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет