Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет35/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Акапелла - (a`capella) - мyзыкaлық acпaптың cүйeмeлдeyiнciз aйтылaтын көп дayыcты хоp нeмece жeкe ән.
Акколада екі немесе одан да көп нота жақтауларын біріктіретін белгі.
(фортепианоға, органға, оркестрге, сүйемелдеумен орындалатын әнге т.б.). Екі немесе одан да көп нота жақтауларына жазылатын аспаптық (фортепиано, арфа) музыкаға фигуралы акколада пайдаланылады.
Аккомпанемент - (фр. Accompagnement - сүйемелдеу) аккомпанемент - әннің не жеке аспапқа жазылған музыкалық шығармалардың негізгі үнін (әуенін, сарынын) толықтырып сүйемелдеу үшін жазылған музыка. Әншіні, хорды немесе жеке музыка аспаптарында орындалатын музыканы рояль, баян, гитара, домбыра немесе бүкіл оркестрмен сүйемелдеу.
Аккорд (итал.accordo - үйлестіру, үндестіру) аккорд - музыкалық дыбыстардың бірімен-бірінің үндесуі, үйлесуі. Терция бойымен орналасқан, бір мезгілде орындалатын 3- 4 дыбыстан құралған үндестікті аккорд дейміз.
Акустика (грек. Akucin - есту) а) дыбыстың, үннің шығу, пайда болу табиғатын зерттейтін ғылым; ә) музыкалық дыбыстардың үндестігінің үйлесуін, үндесуін, қалыптасуын зерттеу.
Акцент (лат. accentus - бөлу, даралау) а) музыкалық шығарманың жеке дыбыстарын бөліп, даралап салмақпен ойнау. Белгілеу таңбасы (>, <) - жеке дыбыстардың үстінде немесе астында орналасады.
Ақын - Қазақстан, Қарақалпақстан, Қырғыз елдерінің халық серісі. Өз шығармаларын домбыра және қобыздың сүйемелдеуімен орындап жеткізеді.
Аллегро (итал. Allegro - көңілді, жылдам) орындалу керектігін көрсететін екпіннің бірі.
Альбом – белгілі бір топтардың, жеке орындаушылардың репертуарлары жиналған күйтабақ (пластинка). Қазіргі компакт – дискілер.
Альт - (лат. Altus жоғары, биік).

  1. Әйелдің төменгі әншілік дауысы.

  2. Хорда - партияның атауы. Балалардың және әйелдердің төменгі орындауындағы дауысы.

  3. Диапазоны ля к - ми 2 октава аралығындағы балалардың төменгі кеуделік әншілік дауысы.

  4. Көп дауысты шығармада - сопрано мен тенор париялар аралықтағы пария. Альтерация (лат. Alterare - өзгерту) Музыкалық шығармалардың жеке дыбыстарын жарты тон, бір тон (жоғары немесе төмен) өзгертетін таңбалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет