Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет16/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
7261 (1)

Сызықтық масштаб 
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп 
аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. 
Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді. Сол жақтағы шеткі 
негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0- деп белгіленеді. 
Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен 
пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің 
аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен 
дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб 
қолданылады. 


21 
Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, 
бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен 
перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, 
әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер 
арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол 
жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға 
бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Осылай сызылған 
көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 
не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі 
горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. 
 
Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады: 
 
t = cb =А
'
 О=a/m*n 
мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің 
саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 
1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып 
келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер 
мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды 
масштабтық сызғыштар дейді.  
Карта масштабы (Масштаб карты) — картадағы ұзындық 
сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына 
қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын 
тапсырмалардың әр түрлі болуына орай масштабтары әр түрлі 
карталар қажет болады: 

1:10000 – он мыңдық 

1:25000 – жиырма бес мындық 

1:50000 – елу мыңдық 

1:100000 – жүз мындық 

1:200000 – екі жүз мындық 

1:500000 – бес жүз мындық 

1:1000000 – миллиондық.
Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен 
картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты 
болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі 
болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. 
Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті 
жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада 
бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта 
масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік 


22 
(төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет