Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

Кімдер 
қатысады 
Тараптар және 
медиатор 
Тараптар және олардың 
адвокаттары 
Тараптар және 
төреші 


13 
1-
кестенің жалғасы 
Қалай 
сайланады 
Тараптардың келісімі 
бойынша тартылатын 
тәуелсіз жеке тұлға 
Дау барысында 
тараптармен жалданған 
тұлға 
Тараптармен дауды 
шешу үшін 
сайланған немесе 
«Төрелік» туралы 
заңына не тиісті 
төреліктің 
регламентіне 
сәйкес 
тағайындалған 
жеке тұлға 
Бітімгершілік 
рәсімі қандай 
тәртіпте өтеді 
және 
қорытындысы 
қалай болуы 
мүмкін 
Медиация рәсімінде 
медиатор үстемдік 
танытпайды және екі 
тараптың да 
шешімдерін бірдей 
құрметтейді. «Ойын» 
ережесін тараптар 
өздері белгілейді және 
бітімгершілікке 
өздерінің қойып 
отырған талаптарын 
өзгерту немесе 
ауыстыру арқылы 
келуі мүмкін. 
Медиатор тек сол 
тараптардың 
бітімгершілікке 
келуіне мүмкіндік 
жасайды, бірақ 
олардың істеріне 
араласпайды. Егер 
тараптар келісімге 
келсе, медиатор 
олардың келісімін 
жазбаша бекітеді. 
Мұндай 
жағдайда 
ұтқан не ұтылған жақ 
болмағандықтан, 
тараптар көбіне риза 
болып жатады. 
Партисипативтік рәсім 
судьяның қатысуынсыз 
сот кеңесу бөлмесіне 
шыққанға дейін 
тараптардың келіссөздері 
арқылы, олардың дауды 
реттеу туралы 
өтінішхаттары негізінде, 
екі тараптың 
адвокаттарының дауды 
шешуіне жәрдемдесу 
арқылы жүзеге 
асырылатын процедура. 
Қорытындысы бойынша 
адвокаттармен жасалған 
дауды партисипативтік 
рәсім арқылы реттеу 
жайлы келісімге қол қою 
арқылы рәсімделеді.
Төрелік тәртібі 
соттан тыс 
қаралғанымен 
жүргізу тәртібі сот 
процесіне ұқсайды. 
Яғни ол 
тараптардың талап 
арызбен қатар 
қарсы пікірді қарау 
арқылы жүргізіледі. 
Төрелік тәртібімен 
талапты қарау 
нәтижесі бойынша 
төрелік шешім 
шығарылады 
немесе егер 
тараптар қандай-да 
бір келісімге келе 
алса, АІЖК 
көзделгендей 
бітімгершілік 
келісіммен 
ресімделеді. 
Яғни, көріп 
отырғандай бұл 
жерде тараптардың 
біреуі шешімге 
наразылық 
танытып, әрі қарай 
сотқа жүгінуі 
мүмкін. 
Ескертпе – Зерттеу негізінде автормен жасалған
Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай, төрелік ету арқылы дауды шешу 
рәсімі дәстүрлі сот ісін жүргізу рәсіміне ұқсастығы бар және бұл жерде бір тарап 
міндетті түрде ұтылады (егер белгілі бір себептермен өзара ымыраға келмеген 
жағдайда). Себебі төрелік түбінде бір тарапқа орындауға міндетті шешім 
шығарады. Ал шешімге наразы тарап сот органдарына жүгінбеуіне ешкім 
кепілдік бере алмайды. Сондықтан бұл процедура коммерциялық ұйымдар 


14 
сияқты басқа да заңды тұлғалардың дауларын шешуде тиімділігі болуы мүмкін, 
бірақ жекелеген дауларда, оның ішінде еңбек дауларын реттеуде оның тиімділігі 
аз деп санаймыз. Себебін жоғарыда айтылғандардан түсінуге болады, ал төрелік 
тәртібімен талапты қарауға белгіленген қаржы көлемін назарға алмағанның 
өзінде, арызды қарау мерзімінің өзі ұзақ. Атап айтқанда, істі төрелік талқылауға 
дайындық мерзімі он бес күнді құраса, істің өзі екі айға дейін созылуы мүмкін. 
Осы орайда, наразы тарап сотқа жүгінетін мүмкіндіктерін ескерсек, бұл тағы екі 
жарым айдан аса уақытты құрайды. Бұл тым ұзақ, сондықтан жеке дауларды 
реттеуде тиімсіз болады деген тұжырымға келдік. 
Енді қалып отырған екі процедура медиация және партисипативтік 
рәсімдерінің ерекшеліктерін салыстырсақ, жоғарыда аталып өткендей, соңғысы 
медиациядан кейін жаңадан пайда болған рәсім екенін және бұл рәсімнің 
қолданылуы медиациядан аздау екенін байқауға болады.
Осы ретте салыстырмалы кестеде көрсетілгендей партисипативтік рәсім 
білікті заңгерлердің не адвокаттардың көмегімен реттелетінін рәсім екенін 
назарға алсақ, оның тараптардың арасындағы даудың ушыққанан кейін, 
тараптардың сотқа жүгінгеннен басқа амал қалмай, заңгер көмегіне жүгінгеннен 
кейін, өздеріне артықшылықтарды іздейтін рәсім екенін байқауға болады. Әрине 
білікті заңгерлердің көмегімен партисипативті процедураларын қолдануда 
дауды бітімгершілік келісіммен шешу әбден мүмкін, дегенмен уақыт пен 
қаржылық шығындар тұрғысынан медиацияға жол береді. Өз кезегінде
адвокат 
пен заң қызметі өзінің құқықтық табиғатында қақтығыстардың пайда болуымен 
үздіксіз байланысты және олар сол қақтығыстарды реттеу немесе шешуге 
қатысуды көздейді. Енді не себепті партисипативті рәсімнің теориялық тұрғыда 
маңыздылығы көрсетілген, ал іс жүзінде тиісті деңгейде маңыздылығын ақтамай 
отыр? Бұл сұраққа жауап беру үшін, бірінші кезекте шетелдер мен өз еліміздің 
дауаларды реттеудің балама түрлерінің туындау тарихы мен қолдануын 
талдасақ, медиацияға деген үстемділік байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет