Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.
Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы - ерікті қоғамдық ұйым, кәсіподақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. 14 облыста облыстық және 22 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Федерацияның құрамында Ғылым академиясының, архитектура, Жобалық және Зерттеу институттарының, инновациялық және ұсақ кәсіпкерлер, мұнай, газ, көмір, т.б. кәсіподақтары бар. Қазірде федерация 7,5 млн. кәсіподақ мүшелерінен, 43 мыңнан астам бастауыш ұйымдардан тұрады. Кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде басшылық жасайтын 835 аудандық және қалалық, 209 облыстық кәсіподақ; қоғамдары бар.
Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалыұ, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет, спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.
Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы, әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді.
Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері. Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеулік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы.
"Бірлесу" кәсіподағы республикадағы ғана емес, бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды.
"Бірлесу" қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.
"Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл - еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел" деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |