Оксиќышќылдар


Несмеянов Алексаңдр Николаевич



бет17/22
Дата26.01.2022
өлшемі1.11 Mb.
#454859
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Дип.-Бір-негізді-екі-атомды-оксиқышқылдар 2

Несмеянов Алексаңдр Николаевич

(1899-1980)

Профессор жәме көп жылдар Мәскеу Университетінің ректоры, академик болды. Элементорганикалық қосылыстар химиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы. Көптеген химияпық реакцияларды ашты және зерттеді. Қалайы, қорғасын, сурьма, сынап және басқа металдардың органикалық қосылыстарын, сонымен қатар фосфорорганикалық және фторорганикалық қосылыстарды синтездеді. Металдың периодтық жүйедегі орны мен металлорганикалық қосылыс түзу қасиеті арасындағы заңды байланысты анықтады. Синтетикалық тағамдық өнімдерді алуды химиялық зерттеудің жаңа бағытын жасады



Қорытынды

Оксиқышқылдарды сұйық көбінесе кристалды заттар. Гидроксилі жоқ өздеріне сәйкес карбонқышқылдарына қарағанда бұлар суда жақсы ериді. Жеңіл оксиқышқылдар сумен кез-келген мөлшерде араласа алады. Бір негізді екі атомды оксиқышқылдардың ең маңызды өкілдерінің бірі сүт қышқылы СН3- СНОН-СООН. Сүт қышқылын сүт қышқылының нитрилінен (ацетальдегидтің циан гидридінен) қантты заттарды сүт қышқылынан ашытып, моно қанттардың судағы ерітінділерін сілтілермен әрекеттестіріп алады. Ашыту арқылы алынған сүт қышқылы техникада қолданылады. Мысалы басытқылап бояуда, былғары өндірісінде және т.б. Екі негізді төрт атомды оксиқышқылдарының ең маңызды өкілі шарап қышқылы НООС- СНОН-СНОН-СООН болып табылады. Шарап қышқылының және оның тұздарының қолданылу орындары әр түрлі. Шарап қышқылы ас-тағам индустриясында және бояу жұмыстарында шарап қышқылының тұздары, мысалы сегнет тұзы С4Н4О6КNa ∙ H2O радио техникада, анализ жасауда қолданылады. Мысалы фелинг сұйықтығы түрінде. Дәл сол анализдегідей қышқылдардың натрий тұзыда қолданылады. Медицинада және басытқылы бояу жұмыстарында құстырыш тас 2С4Н4О6К2(SbO)2 ∙ H2O деген атпен калий мен антимонилдің қос тұзы белгілі. Үш негізді төрт атомды оксиқышқылдар өкілі лимон қышқылы болып табылады. Табиғатта лимон қышқылы кең тараған. Мысалы, қызылша, таңқурай, тұшала, жүзім, лимондарда оның қышқылы 6-7% болады. Лимон қышқылы тамақ өнеркәсібін және бояу жұмысында, медицинада және басқада салаларда кең қолданылады. Көмір қышқылдардың өкілі фосген әдеттегі жағдайларда, бұл газ. Фосген тұншықтыратындай әсері бар, күйдіріп жіберетін уландырғыш зат. Осы кездегі техникада фосген өте кең қолданылады. Оның қатысуымен көптеген бояулар, мочевина және де басқа да заттар алынады. (СОСl2). Көмірқышқылдарына екі амид шығаруға болады. 1. Карбамин қышқылы.






2. Мочевина (карбамид). Карбамин қышқылы уретандар деп аталады, яғни уретандар түссіз кристалды заттар, сумен ұзақ уақыт қайнатқанда гидролизденеді. Уретандар медицинада ұйықтатқыш ретінде қолданылады. Сонымен қатар мочевинаны ацилдегіш заттармен әрекеттестіргенде уреидтер алынады.




Уреидтер ұйықтатқыштар ретінде қолданылады. Мысалы, бормизовалериан қышқылының уреиді ұйықтатқыш ретінде бромурал деген атпен белгілі.




Мочевина техникада құнарландырғыш пласмассалар синтезінде пайдаланылады. Мал азығына мочевина қосылса, азықтың құнарлығы артады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет