Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Патологиялық физиология бойынша білімін, іскерлігін


-қадам – тышқандардағы эритроцит сандарының азаюы бос радикалдардың зақымдаушы әсеріне байланысты. № 6



бет5/5
Дата01.07.2016
өлшемі419.5 Kb.
#170051
1   2   3   4   5

2-қадам – тышқандардағы эритроцит сандарының азаюы бос радикалдардың зақымдаушы әсеріне байланысты.

6

Кәрі жіліктің ішкі бетіне диаметрі 5 см болатын шеңбер сызамыз. Қан қысымын өлшеуге арналған манжет аппаратын бекітеміз. Манжеттегі қысымды 90 мм. сб. дейін көтереміз және 5 мин. ұстап тұрамыз. Одан кейін манжетті шешіп 5 мин ішінде шеткерілік қан айналымының қалпына келгенін күтеміз. Содан сызған шеңберде ұсақ қан құйылу санын анықтаймыз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – эксперимент барысында қылтамырларда қысым жоғарылайды, резистенттілігі төмен қылтамырлар қабырғасы зақымдалады, мұндай жағдай петехиямен көрінеді (ұсақ қанқұйылулармен), дені сау адамдарда қан құйылу аумағы 1 мм аспайды, ал сандары 10-нан аспайды.

2-қадам – Кончаловский сынамасы көмегімен қылтамырлар резистенттілігін анықтайды.

7

Егеуқұйрыққа эфирлі наркоз береміз. Жануарды орнықтырамыз. Электрокардиограммаға түсіреміз. Кеуде және перикардтты ашып, тәж артериясына лигатураны саламыз. Әрбір 5-10 мин кейін электрокардиограммаға түсіреміз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – тәж артериясына лигатура салғанда миокард бөлігінің ишемиясын шақырады, яғни оған қан келуі азаяды, уақыт өте кардиомиоциттердің өлуіне әкеледі.

2-қадам – егеуқұйрықта миокард инфарктын бақылайды, яғни жүрек бұлшық етінің некрозы.

8

Барокамераны қалыпты атмосфера қысымында 95% азот және 5% оттегісі бар газ қоспасымен толтырамыз. Онда тышқанды кіргізіп және жаңағы көрсетілген қоспаның аз мөлшерін шығарамыз. 10-15 мин кейін жануарда тырыспа дамиды және тыныс алу тоқтайды.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – барокамерадан сұйықтықты шығарғанда онда қысым төмендейді, сондай-ақ оттегі мөлшері де төмендейді.

2-қадам – тышқанда тынысының тоқтауы жедел гипобариялық гипоксия әсерінен дамиды.

9

Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: № 1 тышқанға уретанды тері астына енгізу арқылы жансыздандырады. № 2 тышқан бақылауда болады. Барокамерадан 2-3 мин ішінде ауаны сорып аламыз. 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі, ал жансызданған тышқан ауасыз атмосферада тағы 15 мин бойы шыдайды. Содан кейін тәжірибені тоқтатады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және ондағы оттегінің мөлшері төмендейді, жансыздандыру жағдайында ағзаның қозғалғыштық активтілігінің және бас миының функционалдық активтілігі төмендеуіне байланысты оттегіге мұқтаждық азаяды.

2-қадам – тышқан гипобариялық гипоксиядан өледі, № 1 тышқанда бас миының гипоксияға тұрақтылығы жоғарылайды.

10

Үш қоянға жасанды түрде қызба туғызамыз. № 1 қоянның көк тамырына пирогенал енгізеді. 5 мин өткен соң № 1 қояннан қан алады және одан 5 мл сарысу дайындалады. Оны № 2 қоянның көк тамырына енгізеді. 120 мин өткен соң тағыда № 1 қояннан қан алып одан 5 мл сары су дайындайды, оны № 3 қоянға енгізеді.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – пирогенал эндогенді пирогендердің түзілуін шақырады, бұл үшін біршама уақыт керек, сондықтан № 1 қоянда эндогендік пирогендер аз болады, ал № 2 қоянда № 3 қоянға қарағанда аз болады.

2-қадам – № 3 қоянда дене қызуы анағұрлым тез көтеріледі.

11

Екі егеуқұйрыққа пирогеналды көк тамырға енгізу арқылы жасанды қызба шақырылады. № 1 егеуқұйрыққа алдын ала ОЖЖ қоздырғышы фенамин ерітіндісін енгіземіз. Ал № 2 егеуқұйрық бақылауындағы топ .

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – фенамин вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлімінің әсерін жоғарылатады, ол өз кезегінде дене қызуының көтерілуінде басты орын алады, осыған орай фенамин қызу көтерілуін күшейтеді.

2-қадам – № 1 егеу құйрықта анағұрлым тез және айқын дене қызуы көтеріледі.

12

Бұл тәжірибеде зерттелуші 3 – жүктеме орындайды. 1-ші жүктеме 30 секунд ішінде 20 – рет отырып тұруға негізделген. 2-сі бір орында тұрып максимальды қарқында 15 секунд жүгіру. Бұл жүктеме бірінші жүктемеден 3 минут өткен соң атқарылады. Үшінші жүктеме 3 минут бойы бір орында тұрып, бір минут ішінде 180 қадам, қарқынында жүгіруге негізделген. Бұл жүктеме екіншіден кейін 4 минут өткен соң орындалады. Әр жүктеменің аяғында АҚ және ЖЖЖ тіркеледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – әрбір бірінен кейін бірі орындалатын күштеме алғашқысынан ауыр, күштеме арасындағы уақыт ағзаның адаптациясы үшін керек, оның дәрежесі ЖСЖ және АҚ өзгеруімен анықталады. Сынамаға тән нормотонустық, гипертонустық, гипотонустық және дистониялық типтерін ажыратады.

2-қадам – Летунов сынамасы арқылы адам ағзасының жылдам жұмысқа және жұмысқа төзімділігіне бейімделіуін үйретеді.

13

Барокамераға екі тышқан орналастырылды: № 1 тышқанға физикалық жүктеме түсіреміз, № 2 тышқан бақылау ретінде қолданылады. Барокамерада 2-3 мин ішінде ауа шығарылып тасталынады. 3-4 мин өткен соң бақылаудағы тышқаны өледі, ал жүктеме түсірген тышқан барокамера ішінде тағы 15 минут өмір сүреді. Осыдан соң тәжірибе аяқталады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және ондағы оттегі құрамы төмендейді, физикалық күш түсіргенде аса көп жұмыс істеп жатқан тіндер оттегіні артығымен қажет етеді, нәтижесінде ағза оттегі тапшылығына үйреніп қалады.

2-қадам – № 2 тышқан гипобариялық гипоксия нәтижесінде өледі, ал № 1 тышқан гипоксияға үйреніп қалады (адаптация).

14

Екі егеуқұйрыққа пирогенал енгізу арқылы қызба шақырамыз. № 1 егеуқұйрыққа наркоз жасау үшін гексенал ерітіндісі енгізіледі. Ал № егеуқұйрық – бақылауда.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – гексенал бас миының функционалдық активтілігін төмендетеді және терморегуляциялық жүйенің орталық компоненттерін тежейді, ол өз кезегінде дене қызуын төмендетеді.

2-қадам – № 1 егеуқұйрықта гипотермия дамиды, ал № 2 егеуқұйрықта қызба дамиды.

15



Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: №1 тышқанға тәжірибеде 10 минут бұрын ОЖЖ-н қоздыратын фенамин енгізеді, № 2 тышқан бақылауда болады. 2-3 минуттан соң барокамерадан ауаны шығарып тастайды. Ауасы шығарылған ортада 2 минут кейін фенамин енгізілген тышқан, ал 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және оттегі мөлшері төмендейді; бас миының функционалдық қабілетін және ағзаның қимылдық әрекетін арттырады, осыған орай оттегі мұқтаждықты жоғарылатады.

2-қадам – № 1 гипоксия нәтижесінде ертерек өледі, өйткені айқын оттегіге тапшылық дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет