Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет30/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары 
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері 
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және 
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде талдау 
жүргізу; 
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география 
ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара 
байланысын орнату; 
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, 
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды 
пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін 
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдана білу;
4) әр адам үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын 
түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама, 
баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; гипотезалар, 
модельдер жасап, зерттеу жүргізу. 
Негізгі құзыреттіліктер: 
- ғылыми зерттеуге болатын мәселелерді анықтау; 
- ғылыми ақпаратты табу үшін қажетті кілт сөздерді анықтау; 


42 
- жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау. 
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру 
- қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану; 
- ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру, 
өзгерістерді болжау. 
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін 
ұсынылатын қажетті минимум: 
Физика бойынша: 
- механиканың физикалық шамалары мен түсініктері; 
- электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің 
құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы, 
жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар). 
Химия бойынша: 
- заттың құрылымы (мысалы, атом моделі); 
- заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр 
өткізгіштік); 
- заттың химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық реакциялар, 
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері; 
Биология бойынша: 
- жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер мен 
жануарлар жасушалары); 
- тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі 
организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы, тыныс алу
қозғалыс, координация және реттелу); 
- популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық 
вариация); 
- экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары); 
- биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму).
География бойынша: 
- география ғылымдары жүйесіндегі Геоэкология, Геоинформатика, 
геосаясат, геоэкономика, елтану рөлі; табиғатты пайдалану, экономикалық, 
әлеуметтік, саяси география және геосаясат саласындағы негізгі ғылыми 
ұғымдар; геосфераларға антропогендік әсердің факторлары, көздері мен 
салдары; экологиялық тәуекелдер; 
- қазіргі әлемнің кеңістіктік әртүрлілігі, оның жалпы және аймақтық 
ерекшеліктері; табиғаттың, халықтың және экономиканың даму заңдылықтары; 
- қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелері. 
Әрі қарай, кесте түрінде биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі 
(жоғары сыныптарда) құзыреттіліктердің мысалдары келтірілген. 
«Қоректену» бөлімшесі 
Оқу мақсаты: 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар 
азық-түлік тізімін жасау 
1-кесте – «Биология» пәні бойынша мысалдар 


43 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
Тапсырмалардың күтілетін нәтижелерге бағытталуы 
Дәрумендер мен денсаулық 
арасындағы 
байланысты 
анықтаңыздар 
Құзыреттіліктер: 
пәндік: денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану 
ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіре білу 
метапәндік: оқу тапсырмасын орындау үшін ақпаратты 
түсіндіре білу 
Дәрумен деген не? 
Пәндік: дәрумендер және дәремен жетіспеушілігі жайлы 
білімі болу 
Метапәндік: 
Өз ойын сауатты және жүйелі жеткізе білу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет