51
2.
Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз
Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
3.
Өз елінің материалдық және
рухани байлығын сақтап, оны
молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық
ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды.
Онда оқушылардың
құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым
құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап оқу тәрбие процесінің барлық
құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады.
Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн.
Оқушылар 1-4
сыныптарда алғашқы
құқықтық ұғымдармен танысады,
адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген
ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы,
олар мектептің
өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады,
алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер
барысында
олардың
сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері
қалыптасады.