46
Еңбек арқылы оқушыда адамгершілік қасиеті, ақыл-ой қабілеті, физикалық
икемділік, эстетикалық талғам қалыптасады. Бастапқы технологиялық білім
арқылы қарапайым еңбек әрекетін ұйымдастыру жоспарлау білігі мен
құралдарды оңтайлы қолдана білу тәсілдерін меңгереді.
Сенсорика мен қол саусақтарының кіші моторикасы, заттардың кеңістікте
орналасуы, абстракциялық ойлауы, қиялы дамиды.
Жалпы
еңбек етудің арнайы білігі, еңбек және экологиялық мәдени негізі
қалыптасады. Ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін
практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін
қолдануға үйретіледі.
Жеке
гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік
жұмыс тәсілін
қолдану дағдысы
қалыптасады.
Өздігінен
әр
-
түрлі
материалдардан түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді. Ұжымдық, жеке жұмыс
істеу ынтымақтастығы қалыптасады. Техникалық және көркем еңбек әрекеттері
туралы түсінігі қалыптасады.
Заттарды мүсіндеу,
аппликация, мозаика құрау, кестелеу, модельдеу мен
құрастыру
жұмыстарын игеріп, жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері мен
әдістерін меңгереді. Халық кәсіпшілік өнеріне бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: