53
7. Оқушының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру біртұтас
әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап
оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы
жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын
білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып
сайын күрделендіріліп отыру керек
8.
Бастауыш
мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту
және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар,
рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын
тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.