Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Біліктілік санатын берудің ерекше тәртібі



бет7/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

3-параграф. Біліктілік санатын берудің ерекше тәртібі

69. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей біліктілік санаттары береді:


жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – «педагог-модератор»;
жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, «педагог-сарапшы».
Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
70. Комиссия өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей «педагог-модератор» біліктілік санатын береді:
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне;
қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуижтичинг то адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пасэндэбав Pass and above) Дэлта DELTA (дипломининглшлэнгуиджтичингтуадалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пасэндэбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
71. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғаліміне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:
1) «педагог-модератор»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.
2) «педагог-сарапшы»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2;
3) «педагог-зерттеуші»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners).
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1;
4) «педагог-шебер»:
ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners);
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
72. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия біліктілік санатын береді:
«педагог-модератор» - В2 деңгейі;
«педагог-сарапшы» - С1 немесе С2 деңгейі.
73. «Педагог кадрлар тапшылығы бар өңірлерді қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагог кадрларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге ( Арнайы бағдарлама)» аттестаттау рәсімінен өтпестен өтініші бойынша біліктілік санаты беріледі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «оқытушы-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар мұғалімдерге – бір деңгейге жоғары.
Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлер Арнайы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
74. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей «бірінші санатты басшы» біліктілік санаты беріледі.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет