Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Мемлекетік қызмет көрсету тәртібі



бет10/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

2-параграф. Мемлекетік қызмет көрсету тәртібі

80. Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - портал) немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.


Құжаттарды портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберген кезде бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
Өтініш портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
Қызметті көрсетушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде осы Қағиданың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Негізгі талаптар тізбесінде қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған кезде осы Қағиданың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.


3-параграф. Сараптамалық кеңестің құрамы және педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі

81. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелердің тақ санынан тұрады, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.


82. Сараптамалық кеңестің құрамы аттестаттаушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі:
«педагог-модератор» біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары және салалық мемлекеттік органның білім беру ұйымдары үшін); аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұтатын Сараптамалық кеңес;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттарына –облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
«педагог-шебер» біліктілік санатына - республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес.
83. Комиссия қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдарды қарау үшін Сараптамалық кеңеске жылына бір рет (15 қаңтарға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде жібереді.
Педагогтің біліктілік санаттарын беруге (растауға) арналған материалдары (портфолиосы) осы Қағиданың 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі бойынша Сараптамалық кеңеске беріледі.
84. Сараптамалық кеңес осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы бойынша портфолионы бағалайды. Педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нұсқаулықтың негізінде толтырылады.
Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
85. Сараптамалық кеңес тиісті деңгейдегі Комиссияға осы Қағиданың 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.
86. Комиссия отырысының хаттамасынан көшірме аттестатталушылардың электрондық пошталарына жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет