Практикалық жұмыс №4 Тақырып: «Бетон және темірбетон жұмыстарын орындауға арналған машиналар және жабдықтар, Нақты жұмыс жағдайына жабдықтарды тандау, Бетоноараластырғыш өнімділігін анықтау» Жоспар


Еріксіз жұмыс жасайтын араластырғыштар



бет2/6
Дата17.04.2024
өлшемі1.45 Mb.
#499086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
5fan ru Бетон қоспалары мен сылақтарын дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар. Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш машиналардың жіктелуі

Еріксіз жұмыс жасайтын араластырғыштар толтырғыштарының ірілігі 70 мм-ден асапайтын жылжығыштығы мен қатаңдығы кез-келген дәрежедегі қоспаларды дайындауға арналған. Олар айналмалы қалқанды білікті (вертикаль және горизонталь) болады.

Роторлы араластырғыштар – қатаң қоспаларды дайындауға арналған массалы жылдамдығы жоғары вертикаль біліктері бар араластырғыштар.
Үздіксіз жұмыс жасайтын араластырғыштар – жұмыс өнімділігі 30 м3/сағ. дейін, горизонталь екі білікті – қоспа компоненттерін үздіксіз ағыммен ішінде бір-біріне қарама-қарсы орналасқан қалқанды біліктер айналып тұратын астауға түсіріп тұрады.
Техникалық өнімділігі уақыт бірлігінде осьтік бағытта орын ауыстырылатын қоспа көлемімен анықталады. Мыналарға тәуелді: қалқандар өлшемі, олардың орналастырылу бұрышы мен айналу жиілігі.


Дозаторлар
Олар көлемді және таразылы болуы мүмкін, өйткені материал көлемі мен массасына қарай мөлшерленеді. Көлемді мөлшерлегіштер қарапайымдау болып келеді, алайда мөлшерленетін сусымалы материалдардың тығыздығы мен ылғалдылық деңгейі және өлшем ыдыстарын толтыру шарттары тұрақсыз болғандықтан дәлдік дәрежесі төмен болады. Жұмыс режимі бойынша циклді (порциялы) және үздіксіз жұмыс жасау мөлшерлегіштері деп ажыратылады. Алғашқысында материал өлшегіш немесе таразылық бункерде мөлшерленеді, екіншісінде – материал араластырғыштарға үздіксіз ағыммен беріледі. Олар басқару пультінен автоматты түрде басқарылады.

Порциялық мөлшерлегіштің жұмыс жасау принципін қарастырайық. Олар цементті, толықтырғыштарды, химиялық қосымша қоспаларды автоматты порциялы өлшеу үшін және өлшенген порцияларды араластырғыштарға беру үшін қолданылады. Компоненттерді алдымен бункерге ірі материалдар түрінде, соңынан ұсақ материалдар түрінде жүктеп кезекпен мөлшерлейді. Мұндай мөлшерлегіштер өлшемдік бункер сыйымдылығына және басқа да параметрлерге тәуелді болатын өлшеу шегімен ерекшеленеді.
Мөлшерлеу кезінде азық ретінде мыналар қолданылады:
1-құм, щебень т.с.с– ленталы конвейерлер;
2-цемент – аэрожелоб, шнекті және барабанды қуаттандырғыштар;
3-сұйықтар – герметикалылығы қажетті деңгейдегі қақпақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет