Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет32/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
VB

Лекцияның мәтіні:

ПІШІННІҢ ОРНАЛАСУ ТЕРЕЗЕСІ

Басты панельдің төменгі оң жақтағы бұрышында Пішіннің орналасу (Расположение формы- Form Layout) терезесі орналасқан. Бұл терезе кейбір әдебиеттерде Пішін макетінің немссе Пішін жоспарының терезесі деп те аталады.

Бұл терезені қосымша орындалып жатқанда пішіннің түрі монитор экранында қалай көрінетіндігін, яғни жобаланып жатқан пішіннің кішірейтілген бейнесін (макетін) көрсететін қарапайым, бірақ айтарлықтай пайдалы сайман деуге болады.

Қосымшаны жобалау процесі кезінде емес, программаңыздың орындалуы кезінде монитор экранындағы пішіннің орнын орнату мүмкіндігіңіз бар, яғни Пішіннің орналасу терезесі қосымшаның жұмысы кезінде пішін экранның қай бөлігін алып жататынын пайымдауға көмектеседі.

Бұл терезе пішін терезесінің монитор экранында программа орындалып жатқанда қалай орналасатындығын көрсетеді. Пішіннің орнын тышқанмен тасымалдап өзгертуге болады.

Пішіннің орналасу терезесіндегі пішіннің өлшемдері осы тере-зедегі монитор бейнесінің өлшемдеріне пропорционал, яғни барлық шын пропорциялар дәлме-дәл сақталған.

Жұмыс істеп тұрған қосьгмшаға пішінді тексеру үшін Пішіннің орналасу терезесін ашыңыз және Іске қосу (Пуск-Run) мәзірінің Старт (Cтарт - Start) командасымсн іске қосыңыз. Сонда пішін жұмыс істеп түрған косымшаларда қалай көрінсе, ол дәл сол түрде іске қосылады.

Пішіннің орналасу терезесін мынадай тәсілдермен ашуға бола­ды:

> жобанын Басты панелінің Түрі (Bид - View) мәзіріндегі Пішін жоспары (Планн формы - Form Layout Window) командасының көмегімен;

> басты панельдің саймандар панеліндегі Пішін жоспары (План формы - Form Layout Window) батырмасын шерту арқылы. ,

Монитop экраны өрісіндегі ақ тікбүрыш Сіздің қосымшаңыздың, яғни пішініңіздің жұмыс істеп түрған кездегі терезесі.

Одан Сіз пішіннің өзіңіз меншіктеген атын оқи аласыз. Бұл қо­сым­шаңызда бір емес, бірнеше пішін болғанда ынғайлы. Бұл жағдай­да Сіз өзіңіздің жобаңызда қанша тікбүрыш болса сонша пішін бар екендігін білетін боласыз.

Пішіннің дәл орналасу орны және өлшемдері қосымша терезесіндегі саймандар сызғышының оң жағындағы екі жүп санмен бейнеленеді.

Бірінші жұп сандар монитордың жоғарғы сол жақтағы бүрышы­нан пішіннің жоғарғы сол жақтағы бұрышына дейінгі қашықтықты, ал екінші жүп сандар - бұл өлшемдерін (енін және биіктігін) білдіреді.

Тышқанмен Сіз осы тікбүрышты өзіңізге үнайтын экрандағы орынға "суйреп апара" аласыз. Осылайша, Сіз қосымшаның жұмысы кезіндегі қажет емес терезелердің бір-бірімен қабаттасуынан құтыласыз, немесе керісінше, өзіңіз ойластырған қабаттасуға қол жеткізесіз.

Пішіннің бейнесін тышқанмен "тасымалданғанда" оның Left және Тор қасиеттерінің мәні автоматты түрде өзгереді. Бұған Сіз жобаның басты панеліндегі саймандар панелінің оң жақ бөлігіне орналасқан объектінің өлшемдеріне және орынын анықтаушы индикаторына қарап көз жеткізесіз.

ПІШІНДІ РЕДАКЦИЯЛАУ ТЕРЕЗЕСІ

Пішін редакторы (Редактор форм - Ғоrm Editor) терезесінің саймандары пішінде орналасқая бірнеше объсктінің координаттарын және өлшемдерін бірден өзгертуге (теңестіруге) мүмкіндік береді.

Мүндай қажетгілік Сіз пішінге бірнеше өлшемдері бойынша бірдей мәтін өрістерін, батырмаларды немесе басқа объектілерді орналастырғыңыз келетін жағдайда пайда болуы мүмкін.

Мұнда Сіз бұл объектілердің пішін бетіне қалай болса солай емес горизонталь және вертикаль қатарларға бірдей болып орналасқан­ды­ғын қалайсыз.

Кейде пішінге орналастырылған объекгілердің кейбіреулері бірін-бірі жауып қалады. Мұнда пішінге кейін орналастырылған объект пішінге оған дейін орналастырылған объектіні жауып қалады. Ал Сізді бұл қанағаттандырмауы мүмкін. пішін редакторы (Редактор Форм - Fotm Editor) панелінің саймандары объектілердің осындай орналасуын өзгертуге мүмкіндік береді.

Пішін редакторы (Редактор Форм-Form Editor) панелін тышқан­ның сол жақтағы батырмасымен екі рет шертіп оны оңай терезеге айналдыруға болады.

Таңбашаларының түріне қарап оңай білуге болатын осы терезенің бірінші екі сайманы пішінде ерекшеленген объектіні алдыңғы немесе артқы көрініске (планға) қоюға мүмкіңдік бе-реді.

Бұл жерде көрсетілген саймандар екі объектіге қолданыл­ған. Text3 объектісі артқы планға орын ауыстырылған, ал Textl объктісі алдыңғы көрініске орын ауыстырылған.

Келесі үш сайман ерекшеленген объектілер тобының коорди-наттарын және өлшемдерін теңестіруге мүмкіндік береді.

Бір объектіні калай ерекшелеуді Сіз білесіз, яғни ол үшін оны тышқанмен шерту жеткілікті. Бірнеше объектіш ерекшелеу үшін Shift пернесін басып үстап түрып, оларды тізбектей шертіп шығу керек. Сонда Сіз мысалы, мынадай көріністі көре аласыз.

Енді Сіз теңестіруге арналған саймавдардың кез келгенімен пайдалана аласыз. Олардың әрқайсысының оң жағында шерткенде мәзірді шакыратын стрелка бар.

Мәзірде объектілер тобын теңестіруде пайдалануға болатын үш пункт бар:


  • Cол жаққа (Слева-Lefts);

  • Центрі бойынша (По центру - Genters);

  • Оң жакка (Cпpaвa - Rights).

Мысалы осы мәзірдің Оң жаққа (Cnpaвa - Rights) пунктін таңдап
Сіз бейнеленген объекгілерді оң жақ шетке жылжыта аласыз.

Центрі бойьшша теңестірілетін объектілердің бірдей өлшем-дерін орнатуға болады.

Ешқандай қиындықсыз ақ Сіз қүлып бейнеленген батырманың көмегімен өзіңіз орнатқан объектілердің координаттары мен өлшемдерінің бұдан әрі қарай өзгерісін тоқтатута болатындығын түсінесіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет