Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет68/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102
annotation177627

Үрей мен фобияның айырмашылығы
Үрей дегеніміз төніп тұрған қауіп жайлы қолайсыз сезім. Үрей мен қорқыныш тұлғаның әлеуметтену процесінде маңызды рөл атқарады, бейрационалды қорқыныш тұлғаның бейімделмеуі (дезадаптацияға) алып келеді.
Фобия дегеніміз жеке тұлға басқара алмайтын қатты үрей.
Әлеуметтік қорқыныш сезімі субъект бағалану нысанына айналғанда пайда болады.
Мысалы, дәрісхана алдында сөйлеуден қорқатын танымал тұлғалардың өкілі, опера әншісі М. Калласе сахнаға шықпас бұрын аяқ-қолының дірілдеп, қолайсыз сезінгенін айтады. Алайда ол өз сезімдерін жеңіп, сахнада керемет өнер көрсетіп келеді. Бұл әлеуметтік үрей деп аталады, яғни үрей кезінде тұлға белгісіз қорқыныш сезімдерін басқара алады.
Ал, әдебиет бойынша нобель сыйлығының иегері Е. Елинек өз рәсіміне келуден бас тартты. Оған Елинектің көпшіліктің алдында сөйлеуден қорқуы себеп болған. Бұл жағдайда әлеуметтік фобияның анық белгілері көрінеді. Ол – қашу. Әлеуметтік жағдайлардан қашу әлеуметтік фобияның нақты белгілерінің бірі.
Үрей мен фобияның физикалық белгілері бірдей болғанымен, субъект үрей кезінде әлеуметтік жағдаяттардан қашпайды. Оны келесідей түсіндіруге болады: кез-келген үрей, қорқыныш пен тұлға арасындағы қарым-қатынас «күрес-қашу» принципі негізінде жүзеге асады.
Қорқыныш кезінде тұлға қашады, ал үрей кезінде қашуға әрекет жасайды, соқтығыспауға тырысады. Үрей пайда болғанда қашу сезімі де пайда болады (қашу нысаны белгісіз болса да);
Қорқыныштың белгілері = физиология + ойлар + іс-әрекет
Физикалық белгілері:

  1. жүрек қағысы мен тамыр соғысының жиі соғуы;

  2. жиі тер бөлінуі;

  3. әлсіз дене тітіркенуі;

  4. ауаның тарылуы;

  5. жүрек айнуы немесе асқазан-ішек жолының бұзылысы;

  6. бақылауды қайып етуден немесе естен айырылудан қорқу;

  7. жалған сезім (ұйып қалу немесе шаншу);

  8. дене ыстығының көтерілуі және қалтырау.

Ойлар: Қауіп қайда? Кім кінәлі?
Іс-әрекет: агрессия және қашу.
Жағымсыз ойлар үрей мен қорқыныштың дамуына ықпал етеді.
Әлеуметтік фобияның салдары:
Т.С. Павлов бойынша әлеуметтік фобия төмендегідей мінез-құлық ауытқуларына алып келеді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет