ҚРӘМ №3832 12. 09. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ


Акциялар шығарылымының проспектісі



бет2/4
Дата26.02.2016
өлшемі295.5 Kb.
#26657
1   2   3   4

Акциялар шығарылымының проспектісі

Акциялар шығарылымының проспектісінің мәтіні акционерлік қоғамның қаржы жағдайы мен қызметі туралы ақпараттан тұрады.



  1. Акциялар шығарылымының проспектісінің бірінші бетінің парағында:

1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектісі";

2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

3) Онда: "Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар ұсынуды білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба болады.

Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтіні:



1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:


  1. Акционерлік қоғамның атауы.

Осы тармақта акционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауын көрсетілуі қажет.

Егер акционерлік қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.

Акционерлік қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ оның өзгерген күні көрсетіледі.

Егер акционерлік қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлік қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.

3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.

Осы тармақта акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және куәлігінің нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.

4-тармақ алынып тасталсын.

5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.

6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.

7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.

8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржылық агенттің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.

9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.

10. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, бар болса – әкесінің аты).

Тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде тиісті қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі консультанттардың толық ресми атауы.

Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттардың бұзылуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөніндегі ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.

11. Қоғам корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні (егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).

11-1. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.


2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)
12. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.

Осы тармақта:

1) коғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы (тәуелсіз директорды (-ларды) көрсете отырып);

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі;

3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;

4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен проценттік ара қатынасы;

5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.

12-1. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).

Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуі тиіс.

12-2. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.

13. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.

Осы тармақта:

1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, бар болса – әкесінің аты не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, бар болса – әкесінің аты;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.

14. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берілген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.

Егер, акционерлік қоғам акциялар шығару туралы шешім қабылданған күнге дейін үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бір басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретінде) акционерлік қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерін көрсету қажет.

15. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.

Осы тармақта:

1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;

2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;

3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың процентпен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;

4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы);

5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы);

16. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері.

Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар санын және түрін (түрлерін) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлерге тиесілі дауыс беретін акциялардың проценттік ара қатынасын көрсету қажет.

Мәліметтерде жеке тұлға – акционердің немесе құрылтайшының аты-жөні, болса әкесінің аты, туған жылы және заңды тұлға – акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері болуы тиіс.

17.Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.

Мәліметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) проценттік ара қатынасы, қызмет түрі, бірінші басшы туралы ақпарат болуға тиіс.

18. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

Осы тармақта көрсетілген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері көрсетілуі тиіс.

19. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет.

Осы тармақта осы Қосымшаның 12–18-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтерді оларды аффилиирленген тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып көрсету қажет.

20. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.

Осы тармақта осы шешімді қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты; мәміленің жасалған күні; мәміленің тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және/немесе жеке тұлғаның аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын; мәміле сомасын және мәнін көрсету қажет.
3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты
21. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

22. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

23. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат.

24. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі.

Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты жұмыс істеп отырған кезеңі ішіндегі шығарылған өнімдерінің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемінің өзгеруін талдау (Мысалы, соңғы екі жыл ішінде өнімдерді шығару 1 %-ке өсті, ол – 30 миллион теңге).

25. Өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның қызметі.

Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтерді, олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам процентін құрайтын көлемде көрсету қажет.

26. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;

2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;

3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;

4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот салған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;

5) тәуекел факторлары.

Тәуекелдердің мынадай толық талдауын ұсыну қажет:

бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рынокта акциялардың бағасына, сондай-ақ рынокта өнім құнының өзгеруіне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететін;

инфляцияға, құнсыздануға және банктік проценттердің ставкасына байланысты;

шығарылатын өнімнің бәсекелік қабілетіне байланысты;

елдегі саяси ахуалдың өзгеруіне және заңдардың өзгеруіне байланысты;

әлеуметтік факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі
27. Инвестициялар.

Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар, сатып алынған күнін көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетіледі.

Қоғамның инвестициялық портфельді басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөніндегі стратегияның қысқаша сипаттамасын келтіру қажет.

28. Дебиторлық берешек.

Осы тармақта:

1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;

2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;


  1. жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

29. Активтер.

Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет.

30. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.

31. Заемдар.

Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктік заемдарды және кредиттік желілерді шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат міндеттемелердің валюта бөлігінде және оларды орындау мерзімдері бойынша баяндалады. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемде орташа проценттік ставка, жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

32. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):

1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;

2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.


5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы
33. Банкаралық заемдар (банктер толтырады).

Осы тармақта банкаралық заемдар рыногындағы акционерлік қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.

34. Салымдар (банктер толтырады).

Осы тармақта депозиттік базаны сипаттау қажет, оның ішінде:

1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлігінде және мерзімді салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлігіндегі салымдардың өсу динамикасы;

2) тартылған салымдардың валюта бөлігіндегі салымдар бойынша орташа сыйақылар;

3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі);

4) соңғы үш жыл ішіндегі валюта түрлері бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.

35. Шет мемлекет заңдарына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзімінен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәліметтер).

36. Акционерлік қоғам активтерінің бес процентінен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сомасы, өтеу кестесі, сыйақы мөлшері) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерінің бес процентінен асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлімет.

37. Акционерлік қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекен-жайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуі және мақсатты пайдаланылуы көрсетілген ашық кредиттік желілер туралы мәлімет.

38. Қаржы нәтижелерін талдау.

Осы тармақта соңғы екі жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткіштеріне талдау келтіріледі: сатылған өнімдердің (көрсетілген жұмыстар, қызметтер) көлемі, таза кіріс, проценттік және процентсіз кірістер мен шығыстар. Аталған көрсеткіштердің таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.

39. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың құрылымы.

40. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметін сипаттайтын қаржы коэффициенттерінің есебі.

41. Акциялар шығарылымының проспектісінің күніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген пруденциалдық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа нормалар мен лимиттердің маңызы.

42. Қоғамның акция шығару туралы шешімі қабылданғанға дейінгі соңғы алты ай ішінде берілген кепілдіктердің көлемі мен саны.

43. Бұрын берілген кепілдіктер, сот талаптары нәтижесінде пайда болуы мүмкін акционерлік қоғамның ықтимал міндеттемелеріне қатысты өзге де ақпарат.


6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер (акциялар шығарылымы “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін тіркелген қоғамдар үшін)
44. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:

1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі,және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда – жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;

2) тармақша алынып тасталсын;

3) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы.

4) Аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;

5) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;

6) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуі тиіс;

7) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;

8) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;

9) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын рыноктарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі рыноктар.



44-1. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.


7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет
45. Акциялар туралы мәлімет:

  1. акциялардың саны, түрлері;

  2. құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;

  3. құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;

  4. артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.

45-1. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).

46. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.

Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртібі мен шарты көрсетіледі.

47. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.

Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.

48. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәлімет.

Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.
8. Қосымша ережелер
49. АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.

50. Инвесторларға арналған ақпарат.

Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты қоғам жарғысына сәйкес жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат көрсетіледі.

51. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер, ішкі аудит қызметінің басшысы (егер ол бар болса) қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.

Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының проспектісіне уәкілетті органның шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.

Уәкілетті органның банктің акциялар шығарылымы проспектісіне Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгізген өзгерістері мен толықтыруларына уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.

52. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 8, 9, 10, 11-1, 12, 12-1, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 25, 26, 27, 30, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 44-1, 45, 46, 47 –тармақтарын толтырмайды.


"Жарияланған акциялар шығарылымын

мемлекеттік тіркеу, акцияларды


орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне 1-1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет