«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы



бет24/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

58. Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы.
Қазақ халқы үшін отарлық тәуелділік жағдайында аса қажетті әлеуметтік прогресс жөніндегі мәселені ерекше өткірлікпен көтерген оның теориялық тәжрибесін бірқатар себептермен жаңа тарихи жағдайда қайта ұсынуға болар еді. Біріншіден, мұндай тәжірибе өзара мәдени ықпалдар пен мәдени қарым-қатынастардың түйіс-кен тұсында пайда болды, сондықтан ол өзара түсіністік философиясы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. Екіншіден, шын мәнісінде, Ш.Ш. Уәлиханов өзінің шығармашылық мұрасында Қазақстанда қазіргі мәдениет пен саяси тәжірибе басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы әлеуметтік прогресс түсінігіндегі евразиялық ұстанымды айқындап берген. Үшіншіден, оның даму жағынан кенжелеген қазақ қоғамының әлеуметтік дамуының мәні туралы түсінігі халық тағдырына алаңдаулы қоғамның саяси элитасы мен озық өкілдердің саяси ұлттық санасезімнен бастау алған. 154 Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін Оның ой-толғамдары қоғамның мүддесін, құндылықтары мен дәстүрлерін ескермейтін еліктеуден туындаған бөтен идеялардың көмескі сұлбасы емес, әлемдік тәжрибені өнімді дамытудан туындап, нақты елге арналған пайымдаулар болатын. Ш.Ш. Уәлиханов өз елінің болашағы мен қоғамдық прогреске жету жолдарын болжайтын көзқарасы, өз идеяларын туғызып, қоғамдық санаға енгізетін, сол арқылы олардың бұқараға таралуына ықпал ететін қазақ қоғамындағы элита өкілінің көзқарасы еді. Кез келген теориялық көзқарас сияқты, ол да белгілі бір дүниетанымдық негіздемеге, адами дамудың мақсаты ретіндегі әлеуметтік прогрестің мәнін ұғынуға, сондай-ақ қойылған мұратқа жетудің нақты қадамдарына арқа сүйеген. Терең дарын иесі, ой жүйесі ерек, қазақ халқының ұлттық рухын бойына сіңірген тұлға ретінде Шоқан Уәлиханов орыс мәдениетінен келген прогрессивті идеяларды жатсынбай қабылдаған. Бұл идеяларды Батыспен мәдени қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде сондағы буржуазиялық қоғамның прогресивті дамуы қалыптастырған идеялардың әсерімен Ресейдегі әлеуметтік прогресс теоретиктерінің жасағаны белгілі. Сондықтан әртүрлі мәдени әлемдердің пікірталасынан туған идеяларды басшылыққа алған Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстанның болашақ дамуы мен прогресіне деген көзқарасын біз біржақты яки таяз дей алмаспыз, өйткені оның түсініктері әлемге ортақ өткір проблематиканы қамтыған. Ал, қазақ халқының тағдыры мен лайықты тарихи дамуының болашақ мүмкіндіктері – ғалымның бүкіл ғылыми, философиялық, тарихи, лингвистикалық және т.б. ізденістерінің басты уәжі мен әлеуметтікфилософиялық дүниетанымының өзегіне айналды. Ш.Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген тарихи жағдайда қазақ қоғамының прогресивті даму идеясын тұтастай әрі нақты тарихи негіздеген деп айта аламыз. Ол, қазақ жұртының ауыр материалдық жағдайы мен өлкенің артта қалушылығының кері әсері болған қазақ менталитеті мен мәдениетінің ерекшелігі мен өзгешелігін, ақыл-парасатының даму деңгейі мен дүниетанымдық көкжиегінің шектеулігін ескеріп, оларға ерекше мән берді. Патриот және жауапкершілігі мол саяси қайраткер ретінде ол, орыстың озық зиялы қауымы мен оның саяси элитасының назарын қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси даму ахуалына көбірек аударуға, сондай-ақ, мүмкіндігінше, қазақ қоғамын оятуға тырысты. Жеке тұлғаның қоғамдық прогресті танып, түсінуі нақты тарихи жағдайда қалыптасатыны белгілі және ол тұлғаның өмірбаяны басталған сәтте қалыптасып, өмір бойы өзгеріп отыра- 4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 155 тын құндылықтар мен құндылықтық-мәндік бағдарлар жүйесіне, әлеуметтік-мәдени және психологиялық ерекшеліктерге, түрлі объективті және субъективті сипаттағы факторларға негізделеді. Қазақ қоғамының дегдар қабатынан шығып, оның саяси пирамидасының шыңынан орын алған Ш.Ш. Уәлиханов, қазақ даласының мәдениетін, құндылықтары мен дәстүрлерін бойына сіңіріп, тамаша білім алады, өзінің жеке дарынын одан ары дамытады. Оның асқан дарындылығына онымен дос болып, араласқан, бірге оқып, бірге жүргендердің бәрі куәлік етеді. Замандастарымыздың қолында А.Н. Потаниннің, П.П. Семенов-ТянШанскийдің, Н.И. Веселовскийдің және т. б. ресейлік қоғамдық ойдың және ғылымының көрнекті өкілдерінің естеліктері бар, онда Ш.Ш.Уәлиханов тұлғасының алуан түрлі қырлары ашылып, жарқын біртумалығы мен әлеуметтік тағдыры айқын көрініс тапқан. Ф.М. Достоевскийдің Ш.Ш. Уәлихановты өз бауырынан артық сүйетіні жайлы және оның қоғамдық-тарихи миссиясы туралы мынадай пікір айтуы да тегін болмаса керек: – «…Ресейде сахара мен өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін алғашқылардың бірі болып түсіндіру, сонымен қатар орыстардың алдында Отанына көзі ашық жоғын жоқтаушы ретінде қызмет ету» [1, 178–179 бб.]. Ш.Ш. Уәлиханов туған өлкесінің географиясы мен этнографиясын жақсы білген, тамаша эрудит, жан-жақты дарын иесі болған ғалым, «соқыр нанымсыз» жаңалық пен белгісіз нәрсені зерттеуге құштар болатын, ол өз елін сүйген, оған жоғарыдан қарамаған. «Уәлиханов өз өмірінің мақсаты қырғыз халқына қызмет ету, орыс билігі алдында оның мүдделерін қорғап, ақыл-ой қабілетін қайта түлету деп білген, – деп жазады А.Н. Потанин» [2, 94 б.]. Халқының мұндай қайта түлеуі Ресейдің прогрессивті дамуының арнасында ғана мүмкін болады деп санаған ғалым, Ресейді ақсүйектер салондары мен ресми қабылдаулар арқылы ғана емес, оның терең қайшылықтары арқылы да таныған. Сондықтан, Н.М. Ядринцевтің бағалауынша, Ш.Ш. Уәлиханов «өз өмірінің жаңа Құранына табынған»: «қоршаған орыстық ортаны жақсы түсінген және онымен европалық өркениет топырағында туыстасуға әрқашан дайын болған» [3, 96 б.]. Әлеуметтік-тарихи жағдайлар тұрғысынан келгенде, Ш.Ш. Уәлихановтың мұндай әлеуметтік-философиялық ұстанымын әдебиетте күрделі әрі әрқилы түсіндірілетін Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісінен туындаған контекст қалыптастырды – бұл үдеріс жүз жылдан астам уақытқа жалғасты және оның жағымды да, жағымсыз да салдары болатын. Сол кездің өзінде қазақтың саяси элитасы мұндай бірігудің тарихи қажеттілігін түсініп, таңдап 156 Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін алынған әлеуметтік-саяси дамудың артық және кемшін аспектілерін байқап, оның әлді және әлсіз тұстарын қабылдады. Тұлға ретінде Ш.Ш. Уәлихановтың маңдайына өмір бойы орыс-қазақ қарымқатынасының өтінде жүріп, қазақ қоғамының Ресейге қарай бет бұру траекториясы мен орбитасына кірігу жазылған еді. Сонымен бірге, бұл азаматтың, ғалым мен патриоттың ерікті әрі жауапты таңдауы да болатын.
Қазақ қоғамының ақсүйек табынан түлеп ұшқан азаматтың дамуы сол кездегі Ресейдің отар шалғай аймақтарының өкілдері мен «жат діндегілер» үшін қол жетімді ең тәуір оқу орындарында өтті және ол жерде әртүрлі терең білім алуға жақсы мүмкіндіктер болды. Омбы кадет корпусында оқыған кезде де, одан кейін де, оның айналасында Ресейдің тарихына немқұрайлы қарамайтын, оған жантәнімен берілген, Ресейдің мүддесі мен гүлденуі үшін жанын қиюға дайын адамдар көп болды. Ресейдің әлеуметтік-саяси дамуы жайлы талқылаулар мен айтыстар Ш.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік-саяси проблематикаға деген көзқарасының қалыптасуына ықпал етіп, қазақ халқы үшін әлеуметтік прогрестің мәнін анықтап, қалыптастыруға мүмкіндік берді. Мұны А.Н. Пыпин де атап өтеді – «Уәлихановты жақсы білетін адамдар өзінің ақыл-парасатының бағыты мен ұнатулары бойынша, Уәлиханов орыс батысшылы болған дейді; ол Ресейді риясыз жақсы көрді, оның кемшіліктерін көрді және озық адамдармен бірге оның жаңаруын тілектес еді. Ол алпысыншы жылдардағы қозғалысқа әуес еді». И.И. Стрелкова да: «Шоқан Уәлиханов тарихшылар кейін Ресейдегі алғашқы революциялық жағдай деп атаған маңызды дәуірдің қоғамдық өмірінің иіріміне тартылды», – деп атап өтеді. Бұл жағдайды 1825 ж. тарихи айырықша оқиғалардан кейінгі Ресейдің барлық әлеуметтік-саяси дамуы, орыс шаруаларының ауыр жағдайы және оны басыбайлықтан құтқару үшін күрес, Ресейдің дамыған еуропалық елдердің даму деңгейіне көтерілуі дайындап берген еді. Әлеуметтік прогресс тақырыбы Ресейдің әлеуметтік-саяси ой өрісі үшін негізгі әрі анықтаушы тақырып болатын. Ресейдегі Ш.Ш. Уәлиханов заманындағы, сондай-ақ XIX–XX ғғ. шегіндегі әлеуметтік прогресс түсінігімен байланысты мәселелер шоғыры сан алуан еді. Оларды орыс зиялыларының соншалықты жан-жақты әрі қызу талқылауына қарап, біз, ресейлік қоғамның әлеуметтік-саяси ой өрісі – қарсыластардың шешімдері мен пікірлерінен бұрқырап қайнап жатқан идеялардың қазаны іспетті болған дей аламыз. Оның сипатын әлеуметтік прогресс мәселелерін шешудегі ұстанымдар мен пікірталастар, прогрестің мақсаты, оған жету жол- 4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 157 дар мен формалар, идеяларды қоғамдық санаға ұсыну тәсілдері анықтай алады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ресейлік тарихқа ретроспективті шегініс жасап, ресейлік қоғамның әлеуметтікфилософиялық ұстанымдарының кең шоғырын қайта қалпына келтірсек, оның алуан түрлілігі мен тарихында болған әлеуметтік прогресс түсінігіне қатысы бар белгілі бір парадигмалық ұстанымдарды байқаймыз және олар қазіргі кезге дейін Ресейде бар болып шығады. Әртүрлі елдердің қоғамдық дамуы бірдей болатының мойындайтын мұндай ұстаным эволюциялық еді және плюралдық ұстаным да бар, ол алуан түрлілік принципіне негізделіп, субъект пен әлеуметтік факторлардың дамуындағы ерекшеліктер мен өзгеліктерді алға тартады. Бір парадигмалық ұстанымда қоғамның әлеуметтік прогресін оның индустриялық, ғылыми-техникалық дамуы анықтау тиіс, ал басқа ұстанымда – қоғамдық прогрессте, ең алдымен, рухани адамгершіліктің дамуы бірінші орында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет