Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияның биологиялық, химиялық және инжинерлік ғылымдар аясында пәнаралық сала ретінде пайда болуы



бет1/29
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#455386
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Лекция БЗӘ


Дәріс № 1

Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияның биологиялық, химиялық және инжинерлік ғылымдар аясында пәнаралық сала ретінде пайда болуы.

Сабақтың жоспары:

1.Биотехнологияның жетістіктерін пайдалану салалары. Биотехнологияның әр түрлі салаларының дамуы және физика, химия және биология жаңа құрылғылар мен технологияларды дамытудағы жаңа жетістіктері.

2.Қазіргі заманғы биотехнологияның дамуын ынталандырушы негізгі факторлар.
Биотехнологиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының ұлттық академиясының ғылыми зерттеу институттарында, Қазақстандық ауылшаруашылық ғылымдары жəне бірқатар жоғарғы оқу орындарында шетелдік, əсіресе Қытай, Германия, АҚШ, Польша тағы басқа елдердің ғалымдарымен бірлесіп гендік, хромасомалық, жасушалық, ұлпалық жəне популяциялық деңгейлерде зерттеулер жүргізуде. Республикамызда 1993 жылы Биотехнологиялық Ұлттық Орталығы құрылды. Осы Орталықтың молекулалық биология саласындағы фундаментальді зерттеулерін жүргізілетін базалық мекемесі ретінде М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология жəне биохимия институты белгіленген еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 тамыз 2005 жылғы № 802 қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасы ұлттық биотехнология орталығы» РМК құрылған еді. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулеріне барынша қолдау көрсету, Мемлекет мүддесі мен ғылымитехникалық даму кезеңдері үдерісіне сай келетін ғылыми-ізденіс жұмыстарына бағдарламалар жасап, бағыт беру болып табылатын. Соған сəйкес фундаментальды жəне қолданбалы маңызы бар бағыттар қатарындағы шығымдылығы мол, экологиялық жағынан қауіпсіз жəне қалдықсыз технологияларды ендіру, ғылыми мүмкіндігі зор кəсіпорындар мен ондағы ғылыми-интеллектуалды байлықты қорғауды ұйымдастыру, отандық технологиялар мен шет елдерден ауылшаруашылығына, денсаулық сақтау саласына, қоршаған ортаны қорғау, тамақ жəне қайта өңдеу өнеркəсіптеріне ендірілетін озық жетістіктерінің коммерцияландырылуын қамтамасыз ету, ғылыми мамандар дайындау мен олардың білімділігін көтеруге жағдай жасау сияқты өзекті мəселелер алға қойылды. Сонымен бірге, Қазақстанда альтернативті энергия көздерін алу бағытында биоотын өндіру, күн сəулесі батареяларын пайдалану, жел энергиясын алуда арнайы қондырғыларын орнату сияқты бағыттардың дамуына мол мүмкіндіктер бар. Елбасының алға межелеген Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына ену стратегиясына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 наурыз 2006 ж. №222 қаулысындағы «Жаңа ғылыми-зерттеу комплексін» ұйымдастыру мақсатына сəйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығын» Астана қаласында құру ұйғарылды. Құрылған орталық құрамына келесі құрылымдар кіреді: ҰБО (НЦБ), Астана қаласы; МСМ (ДГП), «Республикалық микроорганизмдер

коллекциясы», Астана қаласы; МСМ (ДГП), «Биологиялық қауіпсіздік мəселелері ғылыми-зерттеу институты», Жамбыл облысы, Гвардейский елді мекені; МСМ (ДГП), «Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты», Алматы қаласы; ҰБО (НЦБ) филиалы, Степногорск қаласында.

Қабылданған бағдарламаларға сəйкес ҰБО (НЦБ) қолданбалы зерттеулер болып есептелінетін төменде келтірілген бағыттарындағы ғылыми-техникалық ізденіс жұмыстарына басшылық етті:

1. «Қазақстан Республикасында 2006-2008 ж.ж. биотехнология кластерін құру үшін қажетті жаңа технологияларды қалыптастыру»

2. «Құс тұмауы: зерттеу, оларға қарсы дəрмектер мен əдістерді қалыптастыру 2006-2008 ж.ж.»

3. «Қазақстан Республикасының 2006-2008 ж.ж. биологиялық жəне химиялық қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық қамтамасыздандырылуы»

4. «Қазақстан Республикасының 2004-2006 ж.ж. өсімдік жəне малдардың аса қауіпті инфекцияларының мониторингі мен генетикалық карталандырылуын ғылыми-техникалық қамтамасыздандырылуы»



Осындай бағдарламаларды орындауда шет елдік ғалымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Зерттеу жұмыстарымен барлығы 30-ға жуық ғылыми мекемелер айналысса, оның ішінде 6-нда шет елдер ғалымдары тартылған: - АҚШ- нан Аубурн, Техас жəне Калифорния университеттері; - Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы; - Жапонияның Нагасакий университеті; - Ресейдің Мемлекеттік вирусология жəне биотехнология ғылыми орталығы. Қазіргі кезде биотехнолог-мамандарды Республикамыздағы жетекші ЖОО болып табылатын Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультеті дайындайды. Аталған жоғары оқу орнының биология факультетінің жанында құрылған «Биология жəне биотехнология мəселелері» жəне «Экология мəселелері» ғылыми-зерттеу институттарында биотехнологиялық мəселелер бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Астана қаласындағы Биотехнология орталығына үлкен қаржылар құйылып, қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылуда. Ғылыми сыйымдылығы жоғары жəне тиімді технологиялық өндіріс салаларының қажеттілігіне байланысты, Қазақстан Республикасында биотехнология өндірісінің кейбір басым бағыттарын дамыту жоспарлануда. Атап айтқанда – медициналық, ауылшаруашылық, өнеркəсіптік жəне экологиялық бағыттары. Республикада өндірісте биотехнологиялық өнімдерді өндіруге қажетті өндірістік кешендер салынып, оларға қажетті техникалар мен қондырғылар əкелініп, технологтар, иммунолог, биологтар жəне т.б. мамандар дайындалуда. Мысалы, ҰБО қабылданған бағдарламаларына сəйкес, елімізде соңғы кездерде биоэтанол өндіретін зауыт (Солтүстік Қазақстан) салынып, көптеген аудандарда биогаз өндіретін қондырғылар пайдаланылуда. Жамбыл облысында БМ зауытында этанол өндіру жолға қойылса, Қордай ауданы аумағында орналасқан «Биологиялық ғылымизерттеу институтында» құс тұмауын қоздырушы Н1N1 вирусына қарсы дəрмек шығарылып, Москва қаласына клиникалық сынақтан өтуге жіберілген. Сонымен бірге фосфор зауытының қалдықтарын биотехнологиялық жолмен өңдеу жұмыстары да қарастырылуда. Қазақстан Республикасы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» РМК-да ФС-1 дəрмегі жасалған. Оның микробқа жəне вирусқа қарсы белсенділігі айшықты байқалған жəне иммунитетті айтарлықтай, яғни төрт есеге дейін арттыратыны анықталған. 2004-2008 жылдары шетелдік мамандардың қатысуымен халықаралық стандарттар бойынша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп, жаңа дəрмектің бірегей терапевтік тиімділігі көрсетілген. ФС- 1 дəрмегінің тиімділігі өкпе құрты ауруымен науқас адамдарға жəне иммундық жетіспеушілігі вирусына (ВИЧинфекциясы) шалдыққан ауруларға қолданылып зерттелмек. Қазіргі кезде аталған дəрмектің барлық терапевтік қасиеттері мақұлданып отыр. Оны қолдану көптеген күрделі аурулардың дерттеріне ғана емес, сонымен бірге адамдардың өмір сапасына да оң ықпал етуде. Биотехнологиялық ғылыми-зерттеу институттарында эмбриондар тасымалдау, жоғары салмақ қостыратын дəрмектер жасау сияқты жұмыстар жасалуда. Байқоңыр ғарыш айлағында космостық кеңістік жағдайында əртүрлі ағзалардың өсіп-даму ерекшеліктерін зерттеу, жаңа биологиялық жəне техникалық заттар алу мүмкіндіктерін анықтау сияқты тəжірибелер жасалуда. Республика аумағында ферменттерді дайындап оны спирт, нан өндірісінде пайдалануға болады жəне өндірілген ферменттерді мемлекет ішінде немесе экспортқа шығару мүмкіндігі де зор. Қазір əлемнің көптеген елдерінде бензиннің октан санын жоғарылату мақсатында этанолды, бұрыннан қолданыстағы экологиялық жағынан қауіпті болып табылатын – тетраэтилқорғасынның орнына пайдаланады. Қазіргі кезде оның көмегімен ондаған аса бағалы биологиялық белсенді (активті) заттар – гормондар, ферменттер, дəрумендер жəне кейбір дəрідəрмектер алынады. Биотехнологияның жетістігі ең алдымен оның іргелі ғылым салаларымен тығыз байланысты, яғни биотехнологияның жаңа салалары мен əдістері, генетикалық, гендік, жасушалық жəне ақуыздық инженерия, индимология инженериясы, жануарлар, өсімдіктер жəне бактериялар жасушаларының культурасын көбейту, жасушаларды біріктіру əдістерін кеңінен игерген сайын арта бермек.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат қоғамы өте күрделі мəселелерді шешу қажеттілігі алдында бетпе-бет қалды. Олардың қатарында халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің жəне табиғи байлықтардың азаюы, адамдардың арасындағы əр түрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы сияқты көптеген өзекті мəселелер еді. Бұл мəселелерді шешу үшін оған жаңа қырынан қарап, ерекше ғылыми шешімдер табу қажет болды. Осындай заман ағымынан туындаған өзекті мəселелердің бірталайын, қазіргі кездің өзінде биотехнология ғылымы ұсынған əдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр. Ғылым, техника мен технологияның қарқынды түрде дамуы биотехнология саласының да мүмкіндіктерін арттырды. Соның нəтижесінде азық-түліктердің жаңа түрлерін, əртүрлі ауруларға қарсы медициналық дəрі-дəрмектер, альтернативті энергия көздерін алу, ауылшаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімділіктерін арттыру жəне экологиялық апат салдарларымен тиімді күресу əдістеріне қол жеткізілді. Мысалы, келешекте көмір, мұнай қорларының азая бастауына байланысты, автомобилдерге қажетті жанаржағар май ретінде өсімдіктерден алынатын биоэтанолдың маңызы зор болатын болса, медицина мен ветеринария салаларындағы жаңа технологиялар əртүрлі вакциналар, рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дəрідəрмектерін, атап айтқанда ДНҚ-сынамаларын зерттеу, ДНҚ-дарының бегілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде кездесетін мутацияларды анықтау сияқты мүмкіндіктерге қол жеткіздірді. Биотехнология жетістіктері арқылы адамдар өздерінің ағзасына қажетті ақуыздарын сүт немесе қан құрамдарынан бөліп алу мақсатында, трансгенді хайуандарды пайдалануға болатындығы дəлелденген. Қазіргі уақытта адам ақуызын сүт арқылы алу үшін хайуандарды тиімді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылуда. Адам ақуызын өндірудегі тағы бір болашағы бар бағыт ретінде, тауық жұмыртқасы саналады. Сонымен бірге бірталай трансгенді өсімдік түрлері де шығарылған. Адамдарды емдеу үшін пайдаланылатын дəрмектерді астық тұқымдастардан, жүгеріден, картоптан жəне темекі жапырақтарынан алу мүмкіндіктері де туылып отыр. Микробиологиялық өндіріс қазіргі кезде əртүрлі микроорганизмдердің мыңдаған штаммдарын пайдаланады. Бұлардың көпшілігі индукциялық мутагенез арқылы жақсартылып, бағытты сұрыптау нəтижелерінен алынған. Соның арқасында қажетті өнімді көп мөлшерде синтездеуге қол жеткізілуде. Биохимия, цитология, микробиология ғылымдарында ферменттермен қоса микроорганизмдер, өсімдік жəне жануарлар жасушаларын иммобилизациялау əдістері аса қызығушылық тудырады. Малдəрігерлік саласында жасуша мен ұрықты өсіру, in vitro жағдайындағы овогенез, қолдан ұрықтандыру мен жасанды егіздер алу сияқты биотехнологиялық əдістері кеңінен қолданылуда. Металургия саласында – геобиотехнология жетістіктерін пайдалана отырып, құрамында өте аз мөлшерде, бірақ қымбат металдар бар кен орындарынан арнаулы микроорганизмдерді қолдану арқылы пайдалы қазбалар өндіру, тас көмірлерін 4 десульфидтеу, пирит немесе құрамында пириті бар жыныстарын тотықтыру, көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану; экологиялық тұрғыдан – ауылшаруашылығы, өнеркəсіп жəне тұрмыстық қалдықтарды, ластанған сулар мен ауаны өңдеп тазартудың тиімді тəсілдерін жасап шығару сияқты маңызды мəселелерді шешу мүмкін болып отыр; өсімдік шаруашылығында əртүрлі аурулар мен зиянкес жəндіктерден қорғаудың микробиологиялық əдістерін жасау жəне бактериалды тыңайтқыштар мен өсу үдерістерін реттейтін заттар жасап шығару, генетикалық жəне жасушалық инженерия əдістерін қолдана отырып қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, жоғары өнімді өсімдіктердің жаңа сұрыптары мен гибридтерін шығару жолға қойылуда. Биотехнология жетістіктерінің аса маңызды бір кезеңі, ХХ ғасыр аяғындағы адам геномы атты халықаралық бағдарламасының жүзеге асуы болып табылады. Ондағы негізгі мақсат – адам геномын молекулалық деңгейде біліп, хромосомаларды картаға түсіру жəне олардың құрамындағы ДНК-ны зерттеп, геномдағы нуклеотидтердің қатар тізбегін толығымен анықтап шығу. Адам геномы жобасы АҚШ-да 1988 жылы Дж.Уотсонның, Ресейде 1989 жылы академик А. Баевтың ұсынулары бойынша басталған болатын. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсат адам геномындағы нуклеотидтердің толық тізбегін анықтау еді. Бұл кезең 2000 жылдың соңында аяқталды. Қазіргі таңда адам геномы бағдарламасына сəйкес, хромосомалардың бүкіл ДНҚ молекулаларындағы нуклеотидтердің орналасу реті анықталып, адам геномы толықтай белгілі болды. Сонымен бірге биотехнология саласының жоғарыда айтылған жетістіктері мен көптеген пайдасынан басқа, кемшін тартып жататын тұстары да жеткілікті. Солардың қатарында, өсімдіктердің генетикалық модификацияға ұшыраған түрлері мен сұрыптарын шығару, бірталай шешілуі қиын жəне қауіпті проблемалар туындатуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Атап айтар болсақ, генетикалық жағынан өзгерістерге ұшыраған (модификацияланған) өсімдіктердің генетикалық материалдары, олардың жақын маңда өсіп тұрған жабайы түрлеріне, не болмаса туыстас жақын түрлерге тозаңдары, жəндіктер немесе т.б арқылы бақылай алмайтындай дəрежеде таралып кету қауіпі бар. Сондай ақ, арам шөптердің гербицидке төзімділігінің артуы, ал жəндіктердің инсектицидтерге бой алдырмайтын түрлерінің пайда болуы мүмкін. Осындай қауіпті əсерлер, адамдар ағзасына генетикалық өзгерістерге ұшыраған тағамдарды пайдалану арқылы бөгде гендердің түсіп кетуінен де туындауы ғажап емес көрінеді. Сонымен бірге, биотехнология саласындағы эмбриондарды қолдан ұрықтандыру мен өсіру, клондауды адамдарға қолдану мүмкіндіктері, жасанды адам ұлпалары мен мүшелерін тасымалдауды (трансплантация) коммерциялық мақсатта пайдалану сияқты моральдық-этикалық жағынан қоғам мүдделеріне сай келе бермейтін тұстары да баршылық. Биотехнология немесе биоинженерияның принциптерін толықтай түсіну үшін, осы ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарын жақсы білу қажет болады.

Сондықтан, осындай күрделі де заманауи мəселелерді шешу əдістеріне ден қойған өскелең ұрпақ үшін, биотехнология ғылымының қол жеткен мүмкіндіктері де, ашылмаған тылсым сырлары да, болашақта алар асулары да мол екендігін баса айта кеткенді жөн деп санаймыз.



Биотехнология сөзі гректің үш сөз тіркесінен құралған, яғни «bios – тіршілік, techne – шеберлік, logos – ілім» деген мағынаны білдіреді. Биотехнология ғылымы тірі ағзалардағы жəне олардың тіршілік əрекеттерін техникада кеңінен қолдануға негізделген. Алғаш рет 1917 ж. венгр нженері Карл Эрике биотехнология терминін тірі организмдерден алынатын өнімдерді белгілеу үшін қолданды. К. Эрикенің пайымдауынша «биотехнология дегеніміз – тірі ағзалар арқылы өнім өндірілетін жұмыстардың барлығы» деп түсінген. Бірақта, биотехнологияның ғылым ретінде арнайы мойындалған мерзімі, 1961 жылы шведтік ғалым-микробиолог Карл Геран Хэден, сол кезде шығарылатын «Микробиология, биохимиялық инженерия жəне технология» атты журналды, «Биотехнология жəне биоинженерия» деп атауды ұсынған кезден бастап есептелінеді. Қазіргі қалыптасқан, яғни 1981 ж. «Бүкілəлемдік теориялық жəне қолданбалы химия одағы» қабылдаған тұжырымдама бойынша: Биотехнология – қажетті өнімдерді өндіру (тамақ өнеркəсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, энергетикада) жəне қоршаған ортаны қорғау мақсатында биохимия, биология, микробиология жəне техникалық химия жетістіктерін тиімді пайдалану деген мазмұнды береді. Биотехнология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап қалыптасты. Қазіргі кезде биотехнология ғылымы биологияның іргелі салаларының біріне айналып отыр. Биотехнологияның кейбір қарапайым əдістерін адам баласы ерте кездерден бастап-ақ күнделікті тұрмыс тіршілігінде пайдалана білген. Мысалы, нан пісіру, ірімшік дайындау, шарап жасау, тері илеу жəне де басқа қажетті өнімдерді дайындауда қоданылытын үдерістерді адамзат тіршілігінде ертеден пайдаланып келеді.

Биотехнология адамның өміріне маңызды əртүрлі қажетті өнімдерді, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларын өсіріп-трансплантациялауды техникалық жолмен жүзеге асыратын ғылым. Ол өнеркəсіптік микробиология, технологиялық, биохимиялық, генетикалық инженерия тағы басқа салалармен тығыз байланысты жəне осы салалардағы алынған жаңалықтар биология ғылымының жалпы жетістіктерін іс жүзінде қолданумен, əртүрлі жекелеген қолданбалы бағыттарды негіздеуге мүмкіндік береді. Өнеркəсіптік биотехнология – микробиология, генетика, биохимия, химиялық, техникалық білімдер мен жасушалық дақылдардың қасиеттерін ұштастыра отырып, өндірістік үдерістерде өз үлесін қосуда. Биотехнологиялық өндіріс – спецификалық заттардың түзілуіне мүмкіндік беретін бактерия, ашытқы саңырауқұлақтары, балдырлардың көмегімен олардың метоболизмі нəтижесінде жүзеге асатын биосинтетикалық үдерістерге негізделген. Биотехнологияның қарқынды дамуы немесе өркендеуі, тек дəстүрлі биотехнологиялық əдістерді автоматизациялау мен тиімділігін арттырумен анықталып қоймай, сонымен бірге соны үдерістерді ойлап шығарумен байланысты болады. Биотехнологиялық үдерістер – тамақ өнімдерін өндіру, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру, in vitro жағдайында жоғарғы ұлпалық жасушалардың негізінде өсімдіктерді сұрыптау, медицинадағы фармацевтік өнеркəсіпте, энергия көздерін толықтыруда жəне қоршаған ортаны қорғау мен тазалауда кеңінен қолданылады. Биотехнологияның қазіргі маңыздылығы микробиология, генетика, гендік инженерия, тағы да басқа көптеген ғылым саласының жетістіктерімен байланысты. Ашу өндірісінің дамуы – ашу үдерісінің табиғатын оны қоздыратын микроорганизмдерге тəуелді екендігін көрсеткен Л. Пастер еңбектерімен байланысты дамыды. Ашу үдерісінің əр түрлігі нəтижесінде өсімдіктер жəне басқа да бірқатар субстраттардың, көмірсулардың органикалық еріткіштері сияқты бағалы өнімдерге айналуы жүзеге асады. Мысалы, ашытқылардың массасының екі еселенуі үшін 3 сағат қажет болса, ал торай мен балапан үшін отыз күн керек. Оны чатка, метан, мұнай өндіру орны қалдықтарын жəне басқа шикізаттарды өңдеу үшін қолданады. Сұйық жəне газ күйіндегі жанар-жағар майларды (этанол, метан, пропан) түзетін микроорганизмдер – биотехнологиялық мақсатта қолданылатын құнды субстраттар болып табылады. Микроорганизмдер жоғарғы реакциялық мүмкіндіктері арқасында əртүрлі биологиялық активті заттарды синтездейді (антибиотиктер, вакциналар, дəрумендер, қышқылдар). Биотехнология бактериялардың, өсімдіктер мен жануарлардың негізгі генетикалық бағдарламасын өзгертуге мүмкіндік береді жəне ол үшін генетикалық инженерия əдісі қолданылады. Жалпы алғанда, биотехнологиялық үдерістер электроника, генетика, биохимия, химиялық технология, тамақ өнеркəсібі жəне басқа да өндіріс салаларының ғылыми негіздерін құрайды. Биотехнологияның халық шаруашылығындағы маңызы мен атқаратын міндеттеріне байланысты, даму бағыты қажетті деп келесідей салаларды айтуға болады: -медицина саласында əр түрлі өте қауіпті ауруларға қарсы күресуде биотехнология жетістіктерін, атап айтқанда ұлпалар, дене жəне ағза мүшелерін трансплантациялау немесе имплантациялау; -фармакологияда қауіпті ауруларға, атап айтқанда жүрек-тамыр, ісік аурулары, тұқым қуалайтын, инфекциялық жəне оның ішінде вирустар тудыратын ауруларға қарсы тұра алатын жаңа биологиялық белсенді дəрмектер мен дəрілік заттар (интерферондар, инсулин, өсу гормондары, моноклональды антиденелер жəне т.б.) жасап шығару; -өсімдіктерді əртүрлі аурулар мен зиянкес заттардан қорғаудың микробиологиялық əдістерін жасау жəне бактериалды тыңайтқыштар мен өсу қарқындылығын реттейтін заттар жасап шығару; генетикалық жəне жасушалық инженерия əдістерін қолдана отырып қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, жоғары өнімді өсімдіктердің жаңа сұрыптары мен гибридтерін шығару; -мал шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында, əртүрлі жемге арналған қоспалар мен биологиялық белсенді заттар (жемдік ақуыздар, амин қышқылдары, ферменттер, дəрумендер жəне ветеринариялық дəрмектер жəне т.б.) жасап шығару; ауылшаруашылық малдарының көп таралған ауруларының профилактикалық алдын алу, диагностикалау жəне емдеу, мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарының қарқындылығын арттыру мақсатында эмбрион трансплантациялау, гендік инженерия жетістіктерінің жаңа əдістерін қолдану; -тамақ, химия жəне микробиологиялық өндірістерінде қажетті өнім алу мақсатында жаңа микроорганизмдер штаммдарын пайдалану, тиімді технологияларды істеп шығару; -табиғи энергия көздерінің (мұнай, табиғи газ, көмір, т.б.) азайып таусылу мүмкіндігіне байланысты, адамзаттың оны ауыстыратын басқа да алтернативті жолдарын іздеп қарастыру қажеттілігі туындайды. Сол себепті биотехнология жетістіктері энергия көздерін ауыстыра алатын қажетті мөлшердегі спирт, биогенді көміртектер, сутегі сияқты заттарды алу мүмкіндігіне қол жеткізеді жəне оны ауылшаруашылығы мен өндіріс қалдықтарын биоконверсиялау арқылы алу мүмкіндігі туады; -металургия саласында – геобиотехнололгия жетістіктерін пайдалана отырып, құрамында өте аз мөлшерде қажетті қымбат металдар бар кен орындарынан арнаулы микроорганизмдерді қолдану арқылы пайдалы қазбаларды өндіру; -экологиялық биотехнология саласында – ауылшаруашылығы, өнеркəсіп жəне тұрмыстық қалдықтарды, ластанған сулар, топырақ пен ауаны тазартудың тиімді тəсілдерін жасап шығару; Биотехнологияның басқа ғылым салаларымен байланысы -ғарыштық биотехнология саласында – биологиялық құнды заттардың құрылысын анықтау жəне оларды медицинада, фармакологияда, ветеринарияда қолдану үшін сапалы кристалдарды алу; микрогравитация жағдайында микроорганизмдердің рекомбинантық штаммдарын, өсімдіктердің төзімді жəне жақсартылған жасушаларын сұрыптап алу, оларды медицинада, фармакологияда, ауылшаруашылығында, экологияда қолдану; биология жəне биотехнология салаларында фундаментальдық білімін кеңейту үшін бионысандарға ғарыштық факторлардың əсерін зерттеу сияқты маңызды мəселелер алға қойылады.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын негізгі биотехнологиялық əдістерге келесілер жатады:

- гендік инженерия;

- жасушалық инженерия;

- хромосомдық инженерия;

- ақуыздық инженерия;

- инженерлік энзимология.

Биотехнология үдерістері ірі сабақты азықтарды (жүгері, сабан, күнбағыс, т.б.) силостау əдісі арқылы жұмсартып, азықтың сіңімділігін арттыру үшін де қолданылады. Сонымен бірге, мал қоралары жанында жиналатын көптеген нəжіс, жем-шөп қалдықтары сияқты заттарды өңдеп, бағалы тыңайтқыштарға айналдыру ісінде де қолданыс тапқан. Микроорганизмдер көмегімен алынған кейбір заттар азық құрамын байыту үшін қолданылса, басқалары ас қорыту жүйесіндегі зиянды микрофлораның əсерлерін басады немесе арнайы микробтық метаболиттерінің пайда болуына жағдай жасайды (соңғы кездері жемдік антибиотиктер кеңінен қолданыла бастады).






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет