Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияның биологиялық, химиялық және инжинерлік ғылымдар аясында пәнаралық сала ретінде пайда болуы


Дәріс № 2 Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияда мембраналық құрылымдарды зерттеу әдістері



бет2/29
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#455386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Лекция БЗӘ

Дәріс № 2

Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияда мембраналық құрылымдарды зерттеу әдістері

Сабақтың жоспары:

1.Мембраналық бөлшектерді оқшаулау. Мембраналық фракцияларды анықтау, оларды тазарту критерийлері. Мембраналық фракцияларды бөліп алу.

2.Липидті құрамы немесе маркер ферменттерінің белсенділігінін анықтау, жарық және электрондық микроскопиялық талдау көмегімен қоспалардың болуын бақылау. Фаза контарст, интерференционды, люминесценттік, поляризация, стереоскопиялық, ультракүлгін, инфрақызыл микроскопия.
Жоғары ағзалардың мембраналары бірімен-бірі гормондар мен нейрондардың көмегімен әрекетке түседі, ал ішкі коммуникацияларды келістіруші молекулалар /екінші қайтара мессенджерлер/ қамсыздандырады. Клеткаға арналған сигналдық молекулалар рецепторларға түседі, алынған ақпаратты мембрана өзгертеді да келістіруші молекулалардың көмегімен клеткалық процестерді реттейді /мысалы, секреция, осу немесе метаболизм/. Сигналды молекулаларды танудың молекулярлы механизмдері және ақпаратты өзгерту механизмдері әлі зерттелмеген.

АТФ синтетазалардағы және ион-тасымалдаушы АТФ-азалардағы электрондонорлы және электронакцепторлы процестерді зерттеу мембраналар биофизиканың маңызды мәселесі болып табылады. Физиканың мембранологияға қосқан үлесі: химиялық және тасымалдау процестердің диссипативсіздік қос кернеулігін қамтамасыз ететін молекулярлық машиналар жайлы ұғым.

Сонымен, мембраналар биофизиканың мәселелері болып келесі мәселелер табылады:


  1. Мембраналардың молекулярлық құрылымы, функционалдықты анықтайтын, мембраналық құрылымның динамикалық қасиеттері.

  2. Клеткадан клеткаға заттарды тасымалдаудағы мембраналардың ролі. Белсенді және пассивті тасымалдаудың және мембрананың құрылымының функционалдығын қарастыру. Құрылым мен функция арасындағы байланысты анықтау.

  3. Мембрананың қозуының физикалық табиғатын тану.

  4. Мембраналардың биоэнергетикасын зерттеу

  5. Рецепция процестердің физикасын зерттеу

 

мембранологияны қолдану  аспектілері

Мембранар технологиясы соңғы 30 жылда аса дамыған. Оның құрамына кері осмос, газдарды бөлу, заттын бақылау шығарылуы сияқты процестер кіреді. Бұл процестердің барлығы заттың трансмембраналық тасымалдауына негізделеді.

Мембраналық технологиялардың көбісі целлюлоза мен оның туындылардың (нитроцеллюлоза, ацетатцеллюлоза) негізінде алынған. Каппилярлы мембраналар жасанды бүйректі жасағанда, қолданған /Махон, Стюарт, Сарни, 1967 ж./. Оның гемодиализді модулінің құрамына 11000 талшық кірді, белсенді ауданы – 1 ш.м.

Микрофильтрация соғыс кезінде судың бактериалдық улануың анықтау үшін қолданылған, қазіргі уақытта оны зарасыздандырылған ерітінділерді алу үшін қолданады.

Ультрафильтрация құбылысын қоршаған ортаның ластануын және құнды қосалқы өнімдердің регенерациялауын бақылау үшін қолданады. «Мембраналық өкпелер» АҚШ-да 20% хирургиялық операцияларда қолданады.

Мембраналық электродтар және заттардың бақыланып жұмсалуы және шығарылуы – келесі мембраналарды қолдану технологиясы. Мембраналық технологияларға жасанды биқабатты мембраналардың қолдануымен жүргізілетін, түрлі препараттарды тестілеу жатады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет