Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері Күні



бет3/5
Дата20.07.2022
өлшемі2.56 Mb.
#459748
түріСабақ
1   2   3   4   5
Дүйсенова Айнұр

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық
/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./

  • Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?

  • Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.

  • Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/

Эксперименттік тапсырмалар.
1-топ
1 тапсырма :
Штатив, жіп, секундомер көмегімен жүйенің тербеліс периодын табу керек.
2-топ
1 тапсырма :
Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, тербеліс периодын анықта.


3-топ:
1-тапсырма:
Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.

Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі — математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.


Тербелмелі жүйелерге тән белгілердің бәрі математикалық маятникте де болады. Егер маятникті тепе-теңдік күйінен ауытқытсақ, онда ол әрекет етуші күштерді теңгеруші күштің әрекетінен бастапқы тепе-теңдік күйіне қайта оралады. Осындай маятниктердің қозғалысын бақылай отырып, келесі қарапайым заңдарды тағайындауға болады.


Егер маятниктің ұзындығынөзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіні байқалады. Демек, математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.


Егер маятникті қозғалысқакелтіргенде оны әр түрлі бұрышқа (бірақ өте үлкен емес) ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей периодпен тербеледі.Амплитудасы өте үлкен болмаған жағдайда бұл тербеліс гармоникалық тербеліске мейлінше жуық болады. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.
«Суреттер» физикалық тұрғыда сөйлейді

Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет