Сабақтың түрі : бекіту сабағы



бет1/6
Дата07.10.2022
өлшемі126.16 Kb.
#462180
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
50e8d27464e5f50229fc989c2942b4a6e6da0f40



Тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия.
Мақсаты:

  • білімділік: өткен тақырыпты қайталау, бекіту, тексеру. Тақырып бойынша алған білімдерін өздігінен кез келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;

  • дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;

  • тәрбиелік: өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Балаларды еңбектене, іздене білуге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, тест, есеп шығару, оқушыларға әр дұрыс жауапқа – жұлдыз, бір қате болса – төртбұрыш, бірнеше қате – үшбұрыш беру.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, карточкалар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу;
-кезекшімен сұхбат;
-психологиялық дайындық.
II. Қайталау. Сұрақ – жауап.
-Жұмыс дегеніміз не? (Дененің орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы – механикалық жұмыс деп аталады).
-Қуат дегеніміз не? (Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады).
-Энергия деген не? (Энергия – дененің жұмыс істеуқабілетін нақты көрсететін физикалық шама).
-Кинетикалық энергия деп қандай энергияны айтамыз? ( Кинетикалық энергия – денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия).
-Потенциалдық энергия деген не? ( Потенциалдық энергия – әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия).
-Механикалық энергия? (Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы – механикалық энергия).
- Механикалық энергияның сақталу заңы? (Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет