Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері


Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялары



бет15/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

2.2 Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялары


Қазақстанда ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет" деп көрсетеді.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жалпы білім беру оқу орындары оқытушыларына жастардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға, дәрістердің кәсіби - практикалық бағытталуына көп мүмкіндіктер береді.
Бүгінгі білім беру процесінің жаңаруында ұстаздардың алдында мынадай талаптар тұр:

  • жастарға сапалы білім беруде түрлі жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу;

  • интерактивті оқыту арқылы дәрістердің кәсіби - практикалық бағытталуын қамтамасыз ету;

  • әртүрлі жаңа оқыту технологияларын педагогикалық процеске енгізу арқылы, жастардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау;

  • рефлексия, талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру арқылы жастарды болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлау;

  • инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, жастардың шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына әсер ету.

Инновация ұғымдарының жалпы энциклопедиясының жаңа басылымында "инновация, жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы" деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте "новация - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі" делінсе, "инновация - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық" ретінде түсіндіріледі.
"Инновация" сөзі латын тілінен аударғанда жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде кейіннен қолданысқа енгізілді. Мүның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Инновация саласындағы американдық және кейбір еуропалық зерттеулерге кеңінен шолу жасау негізінде шығарған Э.М.Роджерстің ұғымы ең ескі ұғым деп есептеледі. Аталмыш зерттеулерде агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларына басты назар аударылады. Білім беру саласындағы инновацияларға азғантай көңіл бөлініп, тек олардың қоғамдық жүйелерді тұрақтандырудағы роліне ғана тоқтам жасалады [27].
Роджерс инновацияға мынадай анықтама береді: "Инновация - нақты бір тұлға үшін мүлдем жаңа болып табылатын идея. Бұл идеяның объективті жаңа немесе жаңа емес екендігі маңызды емес, оның маңыздылығы идеяның туындағаннан немесе алғашқы қолданысқа енгеннен бері өткен уақыт бойынша анықталады".
Майлс "Инновация - жүйелі мақсаттарды жүзеге асыру барысында үлкен тиімділікке жетелейтін ерекше жаңа, айрықша маңызды өзгеріс" деп жазады.
Француз ғалымы Э.Брансуик инновацияның мынадай үш түрін атап көрсетеді:

  • білім беру саласындағы бұрын соңды белгісіз болған, мүлдем жаңа идеялар мен іс-әрекеттер инновация ретінде қаралады, мұндай мүлдем жаңа әрі таза идеялар өте аз кездеседі;

  • инновациялардың едәуір басым бөлігін бір ортада және белгілі бір уақыт кезеңінде ерекше өзектілікке ие болатын, бейімделген, кеңейтілген немесе қайта ойластырылған идеялар мен іс-әрекеттер құрайды;

  • бар шарттардың өзгеруіне байланысты мақсаттардың қайта қойылу салдарынан бұрынғы іс-әрекеттер жанданып, олардың және белгілі оң идеялардың сәттілікке жетуін қамтамасыз ететін жаңа шарттар жағдайында туындайтын педагогикалық инновациялар.

Поляк ғалымдарының инновацияны жан-жақты зерттеуіне байланысты Польшада инновациялық процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лаборатория жұмыс істейді.
Американдықтар Бил мен Болен педагогикалық инновацияны "тек материалдың өзгерісін қамтып қана қоймай, оны өзгертуге бағытталған өзгерістер кешенін камтитын өзгеріс" деп пайымдайды.
Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының негізін салушылар В.Замбарт пен В.В.Мейтчерлих. Бұлардың көзқарастары австралиялық И.Шумпетердің көқарастарымен ұқсас. Олар бұл ұғымды саяси технологиялық процестерге байланысты қолдануды қарастырады. Жаңалықтарды И.Шумпетер 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, кейін «инновация» терминімен алмастырады. Ғалым зерттеулерінде: «инновация» - сұраныс тауарларының жаңа түрлерін өндірістің, көліктің жаңа құралдарын өндіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндіреді.
Ал, Марклунд жүргізген жұмыстарының бірінде инновация мен өзгерістер арасындағы айырмашылықты былайша сипаттайды: "Инновация түсінігі мектептердегі және білім беру саласындағы қолданысына қарай көбіне өзгерістер түсінігімен мағыналас келеді. Егер өзгерістер бүкіл мектеп жүйесінде кең ауқымда жүретін болса, онда реформа (қайта құру) деп аталады. Алайда, кез-келген өзгерісті инновация деп санай беруге болмайды. Оның инновация болуы үшін алдын ала қойылған мақсаттарға сай жаңалық енгізуі қажет. Инновация әрдайым бір немесе бірнеше сапалы қасиеттерді алып келеді".
Көптеген тәжірибиелер көрсеткендей қазақтаң ұлттық ойындары жастарды тәрбиелеуде үлкен маңызы ие болып отыр. Ұлттық ойындардың балалардың математикалық амалдарды жетуге, ойлау қабілетін арттыруға, күш, төзімділік, епшілік қабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді. Бұдан басқа олардың бір-біріне деген көз қарасын, ұлт-аралық қатынастарды нығайтуда үлкен роль атқарады. Қазақ ұлттық ойындарын зерттеу қортындыларының көрсеткеніндей, олар көптеген қимыл қозғалыстарды қамтиды: жүтіру, лақтыру, секіру, дәлдікке жаттығулар, тепе-теңдікке, жылдамдық - күштілікке, тағы басқа, және де ойынға қатысушылардың ағзазына әр түрлі әсерлер береді.
Ойынға қатысу олардан әр түрлі қасиеттерді талап етеді: олар дене дайындығы көңілкүй дайындығы және тапқырлық. Ойындардағы жағдайлардың әрқашанда өзгеріп отыруы, олардан, қарапайым қозғалыс реакциясын, өз қимылын үйлетіруді және ойынның әр түрлі бөлігінде ептілікті дамытуға әсерін тигізеді. Ойынның оқиғасы бағдарламасы көптеген деңгейде қатысушылардың психикалық және физикалық дайындықтарын дамытуға көмектеседі.
Қазақтың ұлттық ойындары тек ең күшті, ең жылдам, ең етіні анықтап қоймай, сонымен қатар, _ балалардың дене қабілетін тәрбиелеу үшін емес, сонымен қатар қасиетін қалыптастыратын педагогикалық құрал. Бұл жақтарға келесі жолдармен жетуге болады:
- ережелерді сақтау: оның немесе сайыс бағдарламасына сәйкес
- қатысушьшардың өзін ұстай білуі;
- ойын ережесін сақтау әділдігі;
- жеңімпаздарды анықтаудағы әділдігі;
- ұжымшылдықты сезінуі (әр команда қатысушысы, өз тобының намысын қорғауға бәрімен бірдей қатысуы қажет, командадағы әлсіздерге олақтарға епсіздерге бірдей көзқараспен қарау керек).
Сонымен қазақтың ұлттық ойындары өзінің негізінде,үлкен ар-намыстың, тәрбиелік, өжеттілік, ұжымшылдық, әлсіздерге көмектесу және өзінің топ мүшелерінің ажырамас бір бөлігі екендігін сезіну қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан кәзіргі уақыттың педагогикасының маңызды мақсатының бірі, біздің кәзіргі заман талабымызға сай тәрбиелік мәні бар, мыңдаған жылдар бойы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге қолданып келген қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану болып табылады.
Сонымен қазақтың ұлттық ойындары тек қана дене тәрбиесін дамытатын құрал болып қоймай, жас ұрпақтың ой санасын мәдениетін дамытады. Көбінде олар ұжымшылдық бағыттар мен бір-біріне қол ұшын беруге жас жеткіншектердің өздерінің қатарластарының алдында, ұялу, қысылу, топтарда өздерін емін-еркін ұстауға көп көмегін тигізеді.
Бұл мысалдардың бәрі: қазақтың ұлттық ойындары, халық педагогикасының құралдары ретінде, жас өспірімдерді тәрбиелеуде көптеген күрделі мәселелерді шешуге маңызы зор, сондықтан міндетті түрде негізі педагогикалық жұмыстарды пайдалынғаны жөн.
Бізге белгілі болғандай ауыл жастарының дене тәрбиесі құралдарының ішінде, ең белгілі болып кеткен қазақтың спорттың ойындары: қазақша күрес, ат сайысы спорт түрлері, тоғыз құмалақ. Қазақтың ұлттық ойындары. Көбінесе жас балалар мен жасы ірімдердің арасында үлкен маңызы ие. Ал ауыл жастарының арасында, жасөспірімдерге қарағанда, ондай үлкен деңгейде қызығушылық аз. Бұл көбінесе жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты, себебі олардың спорттың сайыстарға деген қызығушылығы, ұлттық ойындар арқылы халықаральщ ойын түрлерін шебер меңгеруге деген коз қарастан туындайды. Сондықтан бұл жерде қазақтың ұлттық ойындары үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.Жоғарыда айтылғандай, қазақша күрес, самбо мен дзюдо күресінің негізін қалауда үлкен қызымет атқарады, ал ат спорттүрлері: көкпар, қыз қуу, бәйге, теңге алу және тағы басқалары көп деңгейде, халықаралық ат спорты сайыстарының айла-тәсілдерін жеттік меңгеруге негіз бола алады. Егер тоғыз құмалаққа келсек бұл ойын көп деңгейде адамның ой санасының ойлау қабілетінің түйетінің дамуына және де шахмат және дойбы сияқты ойындардың құпиясын шебер білуге өз септігін тигізеді.
Біздің бүндай салыстырулар жасап отыруымыздың басты себебі: бұл біріншіден, қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері, қазіргі халықаралық спорт түрлерімен көп жағдайда үқсас келеді, бұлар қазақ халқының қаны мен терімен тығыз байланысқандықтан, спорттың ойындар түрінде тез қабылданады; екіншіден, бұлар өте қымбат түратын күрделі құрал жабдықты, арнайы құрылысты, қажет етпейді, және де өте тез үйренетін көңілге қонымды болғандықтан, ауыл жастарын тәрбиелеу тәжірибесіне қолдануға өте қолайлы.
Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары ауыл жастарының арасында пайдаланған, болашақта қалаға барып білім деңгейін көтеретіндерге, белгілі бір деңгейде дене дайындығын қалыптастыру арқасында, олардың орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес кірген қазіргі заманғы спорт жүрлерін тез меңгеруге өз үлесін қосады.
Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары өскелең ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу жұмысында пайдалану қажет. Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тәрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты принциптерін нығайта түсетін және халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық спорт жұмысын, әсіресе, біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тәсілдері бар. Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтардың достығы мен өзара түсіністігін нығайту жұмысында үлкен рөл атқарады.
Сонымен бірге, ұлттық спорт түрлерінде тәрбиеленген қазақстандық спортшылардың жетістіктеріне тоқтала кеткен жөн. Көптеген ұлттық ойындарының ережелерін пайдалану, соның ішінде ерекше қазақша күрес, көптеген күресшілердің халықаралық күрес түрлерінен үлкен нәтижелерге жетуіне мол көмегін тигізді. Солардың ішінде К.Карамулин грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі снорт шебері, жас кезінде қазақша күрестен жас өспірімдер арасында Қазақстан республикасыныңжеңімпазы болған. Алғашқы қадамын қазақша күрестен бастаған А.Мотин, кейін грек-рим күресіне ауысқаннан соң республикадағы ең мықты палуандардың біріне айналып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атаққа дейін жеткен. Сондай-ақ, еркін күрестен КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері С.Абдукаримовты да айтуға болады.
Грек-рим және еркін күрестен спорт шеберлері Л.Өтешев, К.Байдосов, С.Сатыбалдиев, Ж.Исқақов, А.Қазымбетов, К.Қожанов, Б.Аргунов». Тұрлыханов, С.Абдукаримов, Р.Ильматов - халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. А.Айханов, А.Бүғүбаев, А.Иванов - тар ауылдың жерлерде тәрбиеленіп, осында ұлттық күрес әдістерін үйреніп, алғашқы дене дайындығын жетілдірді. Алғашқы болып Республикада қазақша күрестің әдістерін пайдалану арқылы к.Байдосовтың спорт шебері атағына қол жеткізу қандай керемет еді.
Алғашқы болып 1980 жылы XXII Олимпиада чемпионы болған еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіріптің спорт жолын бастады. Ол кілемде өзінің алғашқы қадамын қазақша күрестің айла-тәсілдерін үйренуден бастап, жақсы жетістіктерге жеткен. Сонан кейін бірнеше жылдар бойы еркін күрестің айла-тәсілдерін үйренумен айналысып, ол ауыл спортшыларының арасында Қазақстан жеңімпазы деген атаққа ие болды.
Ол әдіс-тәсілдері қазақша күреске үқсас еркін күреспен айналысқанды да көптеген нәтижелерге жетуші еді, бірақ оның спорттық жолы грек-рим күресіне түсті. Содан кейін Жақсылық КСРО жеңімпазы әлем жңімпазы және олимп шыңына көтерілді. Тұрлыхановтар отбасында Болат әке балаларының бойына спортқа деген махаббатты құнды. Ол өзі жарыстарға қатысып жүріп әбден шыңданған халық күресінен алынған жамбас әдісін қолданды.
Ол осы әдісті өзінің ұлы Дәулетке үйретті. Осы әдісті жетілдіру арқасында Дәулет грек-рим күресінен үлкен жетістіктерге жетті. Ол Европа және әлем жеңімпазы болумен қатар, екі олимпияданың жүлдегері атанды.
1981 жылғы Европа чемиионатының күміс жүлдегерлері Қ.Байшолақов пен А.Мұсабековтар есіне алады: «Жаңа Арқанын айналысында туып өскен балалар оқу бітірген соң өздерінің күтпі мен бақтарын санау үшін жиналды. Ұлттың сүйікті күрес - қазақша күреске алғашқы қадамдарын бастаған балаларға, ақсақалдар мен осы спорт түрлерінің ардагерлері өз білгендерін үйретті. Алмас Мүсабековтың айтуынша қазақша күрес бізге үлкен спортқа жол ашты дейді. Сондықтан мен жастарды осы күреспен айналысуға шақырамын. Себебі қазақша күрес - бұл күш және денсаулық кепілі. Спорттың мектептің тәрбиеленушісі С.Волобуевтың мамандығы қазақша күрес болатүғын. Ол 1989 жылы самбо күресінен КСРО чемпионы болып, 1989 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Самбо күресінің әлем чемпионы әлем чемпионатының қала жүлдегері Оралдық Асқар Шайхиев. 1992 жылы самбо күресінен әлем кубігінің иегері М.Темірболатов. Егеменді Қазақстан Республикасының командасы (алтын медальмен марапатталған 10 адам) самбо күресімен айналысқанға дейін, бәрі бірдей дерлік қазақша күрес мектебінің түлектері.
Осыдан аңғарғанымыздай ұлттық спорт түрлерінің, үлкен халықаралық спортта биік деңгейге көтерілудің бірден-бір баспалдағы екендігін айқындайды.
Ұлттық күресіміз халық арасында өзіне қажетті жаңарулар мен толықтыруларды бойына сіңіріп барлық жерлерге тарап үздіксіз даму үстінде. Халықаралық деңгейге дамыған күрес түрлерінен қана біріншіліктер өтіп қана қоймай, ұлттық күрес түрінен де әр түрлі деңгейде жарыстар ел біріншіліктері абыроймен өткізіліп жүр. Көптеген палуандар ұлттық күрестің әдіс айласын, грек-рим және еркін күресте самбо және дзюдо күрестерінде кеңінен пайда жаратып жүр.
Қазақтың атақты палуандары әлем және Европа, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл Серіков, Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Асқар Шайхиев, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Сергей Болобуевтардың бәрі дерлік ұлттық күрес қазақша күрестің мектебінен өткен.
Осы келтірген мысалдардан: анықтағанымыздай, әр мүғалім, жаттықтырушы, сабақ барысында ұлттық ойындар түрлері падалана отырып педагогикалық процесте басқа дене тәрбиесі құралдарымен тығыз байланыстыра жұмыс істеуге дайын болуы керек.
Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі біртіндеп дене мәдениеті және сауықтару жұмыстарында, дене дамуында, денені жетілдіруде ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындары және халықтың қолданбалы спорттық жаттығуларының бай мүрасын кеңінен қолдануда бір ізге салып келеді.
Қазіргі кезеңде дене мәдениеті мен спорттың қандай да болмасын шшіндері халықтың шығармашылық әрекеттері негізінде күндещкті тұрмыс-тіршілігіне еңуі жіне олардың қажеттіліктеріне жауап беруі керек. Осы түрғыдан алғанда, дене тәрбиесі мен спорттың ұлттық пшііндершің маңызы өте зор.
Өкінішке орай, тоқырау заманында өтірік мақтау, мадақтауға құмар ресми үгіт-насихат құралдары елімізде ұлттық мәселе түтелдей шешіліп болған деп сайрап жатты. Бүтінгі жариялық пен демократия заманында орталық істерін ойсыз қайталау, интернационализм идеясының -адамгершілік мазмүның сылып тастау және оны жалаңаш саяси ұранға айналдыру, қоғамдық өмірдің барлық (оның ішінде дене мәдениеті мен спорт) саласындағы ұлтаралық қатынастарда кеткен асыра сілтеушілік сонында әр түрлі келеңсіз құбылыстарға алып келді. Мысалы, жергілікті жерлерде спорттың кейбір түрлерін дамытудың сәнділік қана сипаты болады. Спорт саласындағы басшы мекемелерде дене тәрбиесінің ұлттық пішіндеріне деген тоғышарлық көзқарас сақталды. Ол халқымыздың толып жатқан тамаша спорттық дәстүрлерін жоққа шығаруға дейін әкеп тіреді.
Яғни дене мәдениеті мен спорттағы ұлттық сипатты жоғалтуға болмайды деген қағида үмытылып,-ол іске аспай да қалды. Дей түрғанмен, әлеуметтік зерттеулерге сүйенер болсақ, халықтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы жылдан-жылға үдей түскен сияқты. Қазақстан ЖОО-ның студенттері арасында жүргізілген сүрақ-жауап бойынша 800 студенттің түрғылықты халық өкілдерінің 100 проценті, басқа халық өкілдерінің 96 проценті ұлттық ойындарды дамыту керек деген ой айтты. Тек 4 проценті ғана оларды «заманға сай емес», «ескі үлгідегі», «пайдасы жоқ» (олимпиадалық түрлерімен салыстырғанда) деген сияқты ойлар айтты.
Сөтіп, сүралған студенттердің басым көпшілігі ұлттық спорт түрлері мен ойындарын ұлт мәдениетін сақтайтын маңызды сала деп есептейді және дене тәрбиесінің ұлттық құндьшықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттық денсаулығымен сәкестендіреді.
Спорт әрқашанда адамдардың рухани өмірін интернациоландырудың негізгі көзі бола отырып, дене қасиеттерінің жоғарғы деңгеін ғана емес, сонымен бірге ұлтқаралық қатынас мәдениетінің жоғары дегейін де дамытады, яғни спорттық байланыс халықтар мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін және басқа да құндылықтарды сайлау, бағалау арқылы жасалады. Осының дәлелі ретінде қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының табиғатын және Қазақстанда тұратын барлық халық өкілдерінің ұлттық ойындар мен дәстүрлі жарыстарға деген көзқарасын атап өтуге әбден болады.
Сонау төнкеріске дейінгі орыс этнографтары мен кейбір батыс Еуропалық ғалымдар спорт түрлерінің әр түрлі ұлт өкілдерінің арасында байланыс, достық қарым-қатынас орнатудағы арықша маңызын байқаған еді. Мысалы, А.К.Гейнс көкпар - ат спорты ойынына орыс шабандоздарының да қатынасқанын және оларды қазақ жанкүйерлері жылылықпен қарсы алғанын ашық айтады: «Көрініс өте ғажап. Ешкіні өнгерген қырғыздың (қазақтың) соңынан жүздеген шабандоздар жоғары-төмен, ары-бері шауып отырады», - деп жазған.
Халық ойындары мен жаттығуларын жеке адам тәрбиесі мен дамуы мақсатында пайдалану ежелден келе жатқан құбылыс. Бұл қазба жұмыстар арқылы, ежелгі авторлар еңбегі арқылы белгілі. Осылардың барлығы халық ойындары мен жаттығуларының халықтың тұрмыс-тіршілігінде үлкен орын алғандығын және ол оның әскери-патриоттық бағыты болғандығынан ғана емес, сауықтыру-қолданбалы бағыты да болғандығынан. Бұған ұлы Ибн Сина еңбектері, біздің мәдениетіміздің Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн сияқты қайраткерлеріміздің шығармалары арқылы кәз жеткізуге болады. Бұл екі ғұламаның өз заманынан озық ойлары халық ойындары мен жаттығуларын денсаулығы мықты, өмір сүйгіш ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты жол деп қарастыратын тамаша таңдалған материалдар бойынша жеткізілген.
Біздің отандастарымыз Қашқари мен Баласағұни, ерте орта ғасыр ғалымдары ретінде, халық ойындарының жас ұрпаққа тәрбиелеудегі рөлі туралы өлеңдерінің трактаттарында басқа елдердің ғалымдары мен ойшылдарынан, әсіресе Батыс Еуропаның гуманист-ғалымдарынан әлдеқайда алға кетті.
Халық ойындары мен спорты одан кейінгі дәуірлердегі ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерінде үлкен орын алды. Әсіресе, Абай шығармаларына ерекше тоқталған жөн. Оның заманында халық спорты ойындар қазақ халқы өмірінің ажырамас бір бөлігі болған еді. Көктемгі және күзгі кештерде, әр түрлі мереке-мейрамдарда, бір жанүяларда немесе руларда өтетін тойларда түрлі жарыстар өткізіліп жүр. Абай спорттың халықтық түрлерінің адамның рухани және дене дамуына тигізетін пайдасын жақсы түсінді. Бұл ойлары оның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген атақты өлеңінде әдемі берілген және осы өлеңде ұлы ақынның халық спортының ең қызықты бір түріне деген көзқарас тамаша бейнеленген.
Спорттың ұлттық түрлері мен ұлттық ойындар қазіргі заманғы ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің де негізгі тақырыптары болып келеді. Оларды әрі қарай дамыту жөнінде Ә.Марғұлан, Қ.Қуанышбаев, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы сиқты қайраткерлер де талай жерде айтып өтті.
«Мен жарыс мәресіне шыққан сонау алыс шақтарды жүрегімнің түкпіріндегі пәк сезіммен еске аламын», - деп жазды Сәбит Мұқанов. Мұнда халық спортына деген сүйіспеншілік те, күннен - күнге аңызға, этнографияға айналып бара жатқан ұлттық спорттық дәстүрлерге деген өкініш сезімі де бар еді.
Халық ойындары мен спорт халықтық ән мен күйлер сияқты үзақ уақыт барысьшда, ғасырлар бойында қалыптасқан. Біздің көбіміз мүндай күндерге де жеттік. Бірақ бұл көзқарас ешқашан шектелген емес. Ол үнемі алға қойған міндеттерге орай, мақсатына қарай өз түрін өзгертіп отырды.
Ұлттық спорт түрлерінің республикалық федерациясы ең басты әрекет етуші және шығармашылық орган болуға тиіс. 1990 жылы Республикада қазақша күрес, тоғызқұмалақ және ұлттық ат-спорты түрлері бойынша федерациялар құрылған еді. Осыған орай ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спорттық федерациялардың құрыла бастады. Мүндағы ең басты мәселе, бұл федерациялардың барлығы өткен жылдардағыдай тек сан үшін ғана емес, шын мәнінде түрақты жұмыс істейтін сипатта болуы керек. Бірақ негізгі міндет -ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан мамандар даярлау.
1990 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында жаңа кафедра - ұлттық спорт түрлері мен ойындар бойынша кафедра ашылды. Ол 1994 жылы ұлттық спорт түрлері бойынша алғашқы жоғары білімді мамандар даярлай шғарады. Болашаққа оның әр түрлі бөлімшелері ашылады, соның негізінде қызмет ету алаңы кеңейтіп, оқу-жаттығу және тәрбие процестерін толық түрде өте бастайды. Сонымен бірге мамандар даярлығы барлық арнайы оқу орындарында. Шымкенттегі дене тәрбиелеу мәдениеті институтында және республикамыздағы педагогикалық институттардың дене мәдениеті факультеттерінде етілуі қажет.
Дене тәрбиелеу мәдениеті техникумдарында, сондай-ақ дене тәрбиесі бөлімшесі бар педагогикалық училищелерде қазақтың жіне Республикамызда тұратын басқа да халықтардың ұлттық ойындарын оқыту бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі. Дене мәдениеті сабақтарында, пионер лагерлеріндегі жұмыстар және спорт мейрамдары мен кештерін өткізгенде ұлттық ойындарды енгізіп отыру - оларды қызықты да әсерлі етуге ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылған _ оқу орындарында алған арнайы білім деңгейін бітірушілердің маманданған жаттықтырушылар болуына, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқыту саласында дүрыс бағыт алып отыруына, жергілікті жерлерде ұйымдастырушылар ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүған дейінгі жүргізілген жұмыстардың басы - қасында мамандар емес, жекелеген бастамаша - жанкүйер адамдардың жүргені құпия сыр емес-ті және осындай жағдайлардың барлығы дерлік сол шаралардың өту деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытудың қазіргі заманғы тәжірибесі елеулі өзгерістерді, кейбір маңызды мәселелерді шұғыл шешуді талап етеді. Олар мыналар:

  1. Республика территориясына кең тарлған қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау және тарату қағидаларын ұйымдық жағынан қайта құру. Олардың ішіне тек қазақ халқының ғана емес, басқа халықтардың да ұлттық спорт түрлері енуі әбден мүмкін. Осы процестерді дүрыс және мақсатқа сай басқару, тиянақты ұйымдастыру Республикада спорттың бұл түрлерін дамыту мәселелерін тиянақты шешуге ықпал етеді.

  2. Дәстүрлі ұлттық дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі ерекше орын алады. Бугінгі күні көпшілікке арналған бірнеше кітап пен кітапшалар жарыққа шықты. Дегенмен, бұл мәселені жан-жақты, терең қарастыратын еңбектер әлі де жеткіліксіз.

  3. Жоғарыда айтылғандардан біз бұл мәселенің барлық ұлттық орта мектептерде өткізілу проблемасын аңғарамыз. Қазіргі уақытта ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарьшда ғана емес, патриоттық және интернационалдық бағытта да пайдаланған жөн. Бұл үшін ойындардың ерекше мүмкіншіліктері мен ұлттық өзгешелігін көрсетудің маңызы бар.

  4. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша ғылыми негізде жасалған бағдарлама өзінің нақтылы шешімін талап етеді. Аламан-бәйге, бәйге, жорға, жарыс, көкпар, күміс алу, йударыспақ, қыз қуу,жамбы ату сияқты ертеден келе жатқан спорт түрлері бойынша бағдарламаның жоқтығы Қазақстанда оларды толық таратып дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Ал бағдарламаның дене тәрбиелеу мәдениеті ұжымдарында оқу-жаттығу және тәрбие жұмыстарының мазмүны мен мақсатын айқындайтын негізгі құжат болып есептелетенін бәріміз де блеміз. Ұлттық спорт түрлерінің бағдарламасы мына мәселелерді қарстыруы керек: олардың көлемі, құрылымы, секция жұмысының тәртібі, топтар жинақтау, оқу материалдарының мазмүны спорттық жаттығудың көпжылдық жоспары. Жасалған бағдарламалар қазіргі заманғы спорт талаптарына сай келіп, спорттық ҰЖЫМдарда қолдануға ыңғайлы да тиімді болуы керек. Сонымен бірге спорт түрлері мен ойындары көршілес Орта Азия республикаларына үсынуға лайық болғаны дүрыс.

  1. Бағдарламалық талаптар негізінде оқулықтар, оқу құралдары және әдістік нүсқаулар жасалады. Бүгінгі күні қазақ, орыс тілдерінде қазақша күрес пен тоғызқұмалақ бойынша ғана оқу құралдары бар. Арнаулы ғылыми -әдістемелік әдебиеттер болғанда ғана жан-жақты дамыған спортшылар даярлауға, олардың бойында таңдаған спорт түріне деген қызығушылық туғызуға болады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарының пайдалығы мен қасиеттері туралы қажетті білім беруге мүмкіндік те бар.

  1. Спортты пайдалану әдісі өзіндік мақсат - міндеттерімен, түрақты мазмүнымен, сабақты жүргізу шарттарымен, айналысушылардың жас және қимыл-қозғалыс мүмкіндіктерімен анықталатын бәрімізге белгілі және бұл жерде ұлттық спорт түрлерімен айналысудың пайдалылығы туралы ерекше атап өткен жөн. Осы айтылғандардың ішінде спорттық мамандық ең негізгісі болып есептеледі. Республикамызда осы спорт түрлері бойынша мамандар даярлайтын біріккен орталықтың болуы спорттық ҰЖЫМдарда оқу-спорт жұмыстарын жақсартуға, спорт жетістіктерінің жарыстар рөлінің артуына және Республикамыздың түкпір - түкпірінде ұлттық спорт түрлері мен ойындарының таралып дамуына арқау болады. Осыған орай разряд тапсыру мөлшерлері мен талаптары бекітіледі. Бұл жағынан қазақша күрес пен тоғызқомалақтың жағдайьі біршама жақсы. Ал ат спорты түрлеріне келер болсақ, бұл салада әлі күнге дейін ешқандай жұмыс басталған да жоқ. Арнайы мөлшерлер тиісті талаптар болмайышпа жоғары маманданған спортшылар дайындап.шығару қиынға соғады.

  2. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша өтетін спорттық жарыстар ережесі разряд мөлшерлеріне және талаптарына тығыз байланысты. Спорт құмарлардың жоғарғы дәрежедегі үсыныстарына тоғызқұмалақ бағдарламасы, кодекс және соның негізінде жасалған спорттық жарыстар ережелері ғана жауап береді. Ал басқа түрлерінең республикалық ресми жарыстар өтіп жатқанымен жарысқа қатысушылар әрекетін реттеп отыратындай етіп, ережелерді түтелдей қайта жасап шагуға тура келеді. Қазақша күрес бойынша құрылған федерация ұлттық күрес бойынша жаңа ережелер еңгізуге тырысуда, бұл - өте құптарлық іс. Бірақ ұсынған ережелер қызу пікірталасын туғызып қана қойған жоқ, мамандар жағынан кейбір жерлеріне деген толық қарсылықтар туғызды. Спорттық жарыстар ұйымдастыру барысында түзетулер, өзгерістер, қосымшалар енгізулер болып жататын құбылыс, бірақ олар айқын да түсінікті болуы қажет. Ал негізінде қандай да болсын жарыс ережелерін спорттық өмірге енгізу үшін олар тәжірибелік жарыстарда байқаудан өткізіліп, барлық кемшіліктері мен жетіспеушіліктері анықталуы тиіс. Әсіресе ұлттық спорт түрлері ережелеріне деген көзқарас ерекше болуға керек. Себебі олар тек спортшылар мен қатысушлар әрекеті реттеп қана қоймайды, сонымен бірге жарысқа деген көрермендер көзқарасында анықтайды. Жарыс ережелері спорттық жетістікке ғана емес, сол спорттың көгапілік спортына да әсер етеді. Яғни федерация алдында спорт жарыстары ережелерін жетілдіру жолында қыруар жұмыстар түр.

  3. Төрешілер және қоғамдық төрешілер дайындау мәселесін де шешу керек. Бұл спорттық жарыстардың ресми ережелер негізінде өтуіне көмектеседі, халық ойындарына дүрыс эмоционалды бағыт береді және оларды пайдалы әрі мақсатқа сай өтеді.

  4. Қазақтың ұлттық ойындары мен спорт түрлерін насихаттау жұмысын түбірінен жақсарту қажет. Республикалық, облыстық баспасөздерде, әсіресе газеттерде, көбіне өткен жарыстар туралы хабарлар немесе есептер ғана беріледі де, ал келелі мәселелер көтеретін ұлттық спорт түрлерін әрі қарай дамыту туралы мақалалар аз басылады. Ұлттық спорт түрлері жанкүйірлері осы спорт түрлері мен ойындары туралы толық мағлұмат күтеді.

10.Қарапайым спорт алаңдары құрылысын, спорт жабдықтары мен жарысқа қатысушыларды киіммен қамтамасыз ету жұмыстарын жолға қойған жөн. Спорттың ұлттық түрлерін әрі қарай дамыту ісі тек осы проблемалармен ғана шектелмеді, біз олардың ең негізгілеріне ғана тоқталдық. Алғашында осы проблемалардың шешілуінің өзі сөзден іске көшудің басы болып, спорттың бұл түрлері мен ойындар көпшілікке таралып, салауатты өмір салтына өтуде және ұлтты сауықтыру жолында көмекші болар еді.
1988 жылдан бастап халық мейрамы Наурызда көпшілікке арналған мәдени - спорттық шаралар қайта жанданды. Қайта туған наурыз - айрықша бірлік пен достықтың, қайырымдылық пен әділеттіктің мейрамы. Мейрамда халықтың спорт түрлері бойынша өтетін жарыстар айрықша орын алады. Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының жылда өткізілетін Наурыз мейрамның бағдарламасында кәркемөнерпаздар өнері, атыстан басқа, шабандоздар жарысы, қазақша күрестен, аударыспақ, теңге алу, көкпар сиқты ойындардан жарыстар бар. Қазақша күрес жеңімпазы жүлдеге тірі қой алады [28].
Соңғы жылдары Қазақстанда қайта құрулар жасалып, ұлттық қайта өрлеу процестері өтуде. Республикада қазақ тіліне, халық фольклорына, салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындар мен сайыстарға қарай бет бұрыла бастады. Наурыз мейрамдарында ұлттық дене мәдениеті дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлері, ойындар мен көңілді сайыстарды байқауға болады. Осыдан алпыс жылдай бүрын қилы заман саясаты бойынша жаңа дәуірдің, жаңа өмірдің талабына жауап бермейді деген жөлеумен бұл мейрамды тойлауға рүқсат етілмей тасталғаны белгілі. Ал шын мәнінде Наурыз ғасырлар бойына көктем, еңбек, халықтың коңіл көтеру жіне спорт мейрамы ретінде тойланып келгенді.
Ұлттық спорт дәстүрлері біртіндеп қайта жанданып келеді. Көптеген халық мейрамдарында бүтінгі күндері ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп отырады, бүкіл қазақстандық спартакиядалар өткізіле бастады. Көптеген орта мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын қызықты да тартымда өткізу үшін бағдарламаға кейбір ұлттық ойындар енгізілген. Осының бәрі болашақта ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мүрасы қоғамның өзіндік орнын алып, бүкіл дене тәрбиелеу мәдениеті мен спортты дамыту қозғалысына мол үлесін қосар деген үміт ұялатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет