Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет16/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлттық ойындар мен спорт түрлері өскелең ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу жұмысында пайдалану қажет. Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тәрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты принциптерін нығайта түсетін және халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру жұмысын, әсіресе, біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тәсілдері бар.


Тарихи және қазіргі материалдарды, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді, сонымен қатар, өзіндік шығармашылықты және тәжірибелік зерттеулерді талдау барысы және алынған логикалық талдау жасау арқылы келесідей жалпы қорытындыға келдік:

  1. Қазақстанның көне халықтарының өмір салты туралы тарихи мәліметтер жеке тұлғаның жағымды сапаларын сақтау негізінде жинақталған өмірлік тәжірибеден келіп шыққан және толыққанды дені сау адам тәрбиелеуге бағытталған қазақтардың денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасын көзге елестету мүмкіндігі белгілі болды.

  2. Салауатты өмір салты түсінігі туралы көптеген авторлардың пікірі белгілі болды, сондықтан да, осы түйсік жайлы қалыптасқан өз анықтамамызды ұсынамыз: салауатты өмір салты дегеніміз – адам бойында зиянды әдеп-ғұрыптардың болмауы, өз денсаулығына деген құндылықты қатынас, науқастану тәуекелінің алдын алу, тиімді тамақтануын, оңтайлы қарым-қатынасын, осылайша тұлғаның өзін-өзі жұмсайтын жоғары адами қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

  3. Қазақ халқының спорт түрлері сан алуан және әр түрлі сипатымен ерекшеленеді. Бір спорт түрі жасөспірімнің дене күшінің мол болуына, сымбаттылығына мән берсе, енді бірі ақыл-ойын тәрбиелеп, парасатты, әрі тапқыр болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның сыртқы келбетінің танылуына ықпал ететін спорт түрлері көптігімен ерекшеленсе, қазақ халқының зияткерлік мәдениетін, жүйрік қиялы мен кең ақылын танытатын ойындары ұлтымыздың көпқырлылығын танытса, халықтың озық ойлары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, жан сырлары мен рухани көрсеткіштерге тұнып тұр(4). Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қаблетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы теориялық тұрғыдан негізделді.

  4. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.

  5. Ұлттық спорт түрлері және қазақша күреспен шұғылдану оқушылардың салауатты өмір салтының қалыптасуы мен денсаулықтарының нығаюына жағымды әсер ететіні белгілі болды.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін қажетті спорттық базасы жоқ ауылдық жерлерде пайдалану анағұрлым тиімді болып табылады. Мұнда тек педагогикалық және спорттық принциптерді сақтай білу арқылы ғана осы спорт түрлері мен ойындардың сауықтыру-қолданбалы мүмкіндіктерін толығымен аша түсуге жағдай жасау қажет.
Дегенмен, мұндай жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде өтіп жатқан жоқ. Сондықтан да, біз өз алдымызға мынадай міндеттер қойдық - жарыстар ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау, ол үшін ең үздік төрешілер коллегиясы мен өзіміздің жарыс өткізу тәжірибемізді пайдаландық.
Сонымен ұлттық спорт түрлерінің жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны мен рөлін анықтай түсіп, енді оларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыру керектігіне көз жеткіздік.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері өскелең ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған және іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу жұмысында пайдалану қажет. Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тәрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты принциптерін нығайта түсетін және халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру жұмысын, әсіресе, біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тәсілдері бар. Тарихи және қазіргі материалдарды, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді, сонымен қатар, өзіндік шығармашылықты және тәжірибелік зерттеулерді талдау барысы және алынған логикалық талдау жасау арқылы келесідей жалпы қорытындыға келдік:
1. Қазақстанның көне халықтарының өмір салты туралы тарихи мәліметтер жеке тұлғаның жағымды сапаларын сақтау негізінде жинақталған өмірлік тәжірибеден келіп шыққан және толыққанды дені сау адам тәрбиелеуге бағытталған қазақтардың денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасын көзге елестету мүмкіндігі белгілі болды.
2. Салауатты өмір салты түсінігі туралы көптеген авторлардың пікірі белгілі болды, сондықтан да, осы түйсік жайлы қалыптасқан өз анықтамамызды ұсынамыз: салауатты өмір салты дегеніміз – адам бойында зиянды әдеп-ғұрыптардың болмауы, өз денсаулығына деген құндылықты қатынас, науқастану тәуекелінің алдын алу, тиімді тамақтануын, оңтайлы қарым-қатынасын, осылайша тұлғаның өзін-өзі жұмсайтын жоғары адами қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Қазақ халқының спорт түрлері сан алуан және әр түрлі сипатымен ерекшеленеді. Бір спорт түрі жасөспірімнің дене күшінің мол болуына, сымбаттылығына мән берсе, енді бірі ақыл-ойын тәрбиелеп, парасатты, әрі тапқыр болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның сыртқы келбетінің танылуына ықпал ететін спорт түрлері көптігімен ерекшеленсе, қазақ халқының зияткерлік мәдениетін, жүйрік қиялы мен кең ақылын танытатын ойындары ұлтымыздың көпқырлылығын танытса, халықтың озық ойлары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, жан сырлары мен рухани көрсеткіштерге тұнып тұр. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қаблетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы теориялық тұрғыдан негізделді.
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.
Ұлттық спорт түрлері және қазақша күреспен шұғылдану оқушылардың салауатты өмір салтының қалыптасуы мен денсаулықтарының нығаюына жағымды әсер ететіні белгілі болды.
Спорттың ұлттық түрлерін әрі қарай дамыту ісі тек осы проблемалармен ғана шектелмеді, біз олардың ең негізгілеріне ғана тоқталдық. Алғашында осы проблемалардың шешілуінің өзі сөзден іске көшудің басы болып, спорттың бұл түрлері мен ойындар көпшілікке таралып, салауатты өмір салтына өтуде және ұлтты сауықтыру жолында көмекші болар еді.
Соңғы жылдары Қазақстанда қайта құрулар жасалып, ұлттық қайта өрлеу процестері өтуде. Республикада қазақ тіліне, халық фольклорына, салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындар мен сайыстарға қарай бет бұрыла бастады. Наурыз мейрамдарында ұлттық дене мәдениеті дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлері, ойындар мен көңілді сайыстарды байқауға болады. Осыдан алпыс жылдай бүрын қилы заман саясаты бойынша жаңа дәуірдің, жаңа өмірдің талабына жауап бермейді деген жөлеумен бұл мейрамды тойлауға рүқсат етілмей тасталғаны белгілі. Ал шын мәнінде Наурыз ғасырлар бойына көктем, еңбек, халықтың коңіл көтеру жіне спорт мейрамы ретінде тойланып келгенді.
Ұлттық спорт дәстүрлері біртіндеп қайта жанданып келеді. Көптеген халық мейрамдарында бүтінгі күндері ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп отырады, бүкіл қазақстандық спартакиядалар өткізіле бастады. Көптеген орта мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын қызықты да тартымда өткізу үшін бағдарламаға кейбір ұлттық ойындар енгізілген. Осының бәрі болашақта ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мүрасы қоғамның өзіндік орнын алып, бүкіл дене тәрбиелеу мәдениеті мен спортты дамыту қозғалысына мол үлесін қосар деген үміт ұялатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет