Сарыбаев Е. Е., Бортебаев С. А



бет13/18
Дата18.05.2022
өлшемі0.86 Mb.
#456891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ПӨТжЖ әдістемелік құралы

Қысылған газдарға арналған баллондар. Баллон вентильдері.
Қысылған газдарға арналған баллондарды құрылғылық ерекшеліктері және сыйымдылығымен бөледі. Сыйымдылығы 40 дм3 баллондар көбірек таралған. Баллондар әртүрлі бояулармен боялады., олар баллондағы газдардың түрлерін білдіреді. Баллонның жоғарғы бөлігінде боялмаған жерге баллонның құжаттық берілгендерін жазады: дайындаушы – заводтың тауарлық белгісі, баллон нөмірі, бос баллонның массасы, дайындалған күні, келесі сынақ жылы, сыйымдылығы, жұмыстық және сынақ қысымы, ОТК белгісі. Баллондарды сынау, пайдаланған әрбір бес жылда бір өткізіледі. Оттегін баллондарға 15 МПа қысымына дейін толтырады. Оттегің баллон ішіндегі көлемін (нормалы қысымға аударғанда) анықтау үшін, газ қысымын (манометр көрсетуінен) баллонның сиымдылығына көбейту қажет. Мысалы, баллонның сыйымдылығы 40 дм3, қысымы 15 МПа болғанда ондағы оттегі көлемі 150х40=6000 дм3 болады.
Ацетилен баллондары қуыс массамен (пемза, ағаш көмірі, т.с.с) толтырылады да, ацетилен жақсы еритін ацетонмен қанықтырылады. Массалардың қуыстықтарындағы ацетонға еріген ацетилен жарылысқа қауіпсіз, оны қысыммен баллонда сақтауға болады. Әдеттегі жағдайда (қысым мен температура) ацетонның бір көлемі ацетиленің 23 көлемін ерітеді. Толтырылған баллондағы еріген ацетиленнің қысымы 200С-да 0,19 МПа-дан аспауы қажет.
Баллоннан ацетиленді алғанда біршама ацетонда шығады. Сондықтан, ацетон шығынын азайту үшін ацетиленді баллоннан жылдамдығы 1700 дм3/сағ асырып алуға болмайды.
Баллондағы қалдық қысым 20 0С температурада 0,05-0,1 МПа, 25-35 0С-да – 0,3 МПа болуы қажет. Ацетилен баллондары жұмыс істегенде әрқашанда тік қалпында болуы керек.
Сұйықталған газдарға (пропан-бутан) арналған баллондар қалыңдығы 3 мм көміртекті Ст.3 болатынан пісіріледі. Баллондар сыйымдылығы 27,40, 50, 80 дм3 болып шығарылады. Баллондар қызыл түске боялып, оған ақ түспен жазу жазылады (мысалы: «Пропан»).
2-суретте пропан-бутанға арналған баллонның құрылымы көрсетілген.

2-сурет. Пропан-бутанға арналған баллон


Баллон вентильдері. Барлық баллон вентильдері арналуы және әсерлесу принципімен бірдей, ал құрылымдары біршама өзгешелеу.
Вентиль қысымды немесе сұйықталған газдарды баллондарда сақтауға мүмкіншілік беретін, бекітетін қондырғы. Вентильдің ұшында конус бұрама болады, ол әртүрлі типті баллондарға жасалған (вентильді тек қана оған арналған баллонға қою үшін).
Оттегі баллонының вентилін, оттегі ортасында тоттануға беріктігі бар жезден жасайды.
Оттегі вентилі әсіресе, майлармен ластанбауы қажет. Оттегі вентильдерін аргон, азот, қысылған ауа және көмірқышқыл газы бар баллондарға орнатуға болады.
Ацетилен баллондарының вентильдерін болаттан жасайды, өйткені мыс қорытпалары ацетиленмен жарылғыш қоспа – ацетиленді мыс қалыптастырады.
Қысымды газдарға арналған бәсеңдеткіштер.
Газ бәсеңдеткішінің негізгі арналуы жүйедегі немесе баллондағы газ қысымын жұмыс қысымына дейін төмендету және оны баллондағы не жүйедегі газ қысымы өзгеруіне қарамай, керек деңгейде автоматты түрде ұстап тұру.
Барлық бәсеңдеткіштердің жұмыс принципі бірдей (3-сурет). Бәсеңдеткіштің екі бөлмешігі бар: жоғары қысымды (2) және төменгі қысымды (6). Бөлмешіктегі (2) қысым баллонның қысымымен тең, өйткені бөлмешік бірден баллонмен жалғанады.

а – жұмыс істемейтін қалпы, ә – жұмыс қалпы
3-сурет. Бәсеңдеткіштің құрылым сұлбасы және жұмысы

Бөлмешектер арасында екі серіппе (3) және (8) әсер ететін клапан (1) бар. Бұл серіппелердің қысу күшінің қатынасына байланысты клапан ашық, немесе жабық болады. Серіппенің қысымы бұрандамен (9) реттеледі. Клапанды (1) жабу үшін серіппені (8) толығынан босату қажет (яғни бұранды (9) босату қажет).


Төменгі қысым бөлмешігі (6) газды вентиль арқылы жанарғымен жалғасады, ал жанарғыдағы газ қысымы, бөлмешіктегі газ қысымына тең.
Егер бұранданың (9) бір қалпында бәсеңдеткішке келген және шыққан газ бірдей болса (бөлмешіктегі қысыммен шатастырмау қажет), онда жұмыс қысымы тұрақты болып, мембрана (7) бір қалыпта болады. Егер алынатын газдың көлемі келетін газдың көлемінен көп болса, онда бөлшектегі (6) қысым азаяды. Осының әсерінен қысатын серіппе (8) ұзарады да, диафрагма қалпы өзгереді, клапан (1) көбірек ашылып, газдың бөлмешікке (6) келуі көбейеді. Газдың шығынын азайтқан жағдайда, бөлмешіктегі (6) қысым көбейіп, ол диафрагманы (7) кері жағына иілуге мәжбүрледі. Мұндағы клапан (1) жабыла бастайды да, газдың келуі азаяды. Осылайша, қысымды ұстау автоматты түрде қамтамасыз етіледі.
Бәсеңдеткіштер бірқатар белгілерімен бөлінеді:
– әсер ету белгілерімен (тура және кері әсер ету);
– өткізу қабілеттілігімен;
– газдың жұмыс қысымымен;
– газдың түрімен.
Бір сатылы (бір бөлмешікті) бәсеңдеткіштерден басқа газ қысымының азаюы, екі сатыда өтетін екі сатылы (екі бөлмешікті) бәсеңдеткіштер шығарылады. Мысалы, оттегі бәсеңдеткішінде бірінші сатысында қысым 15 МПа- дан 5 МПа-ға дейін, ал екінші сатысында – 5 МПа-дан жұмыс қысымына дейін азайтылады.
Екі сатылы бәсеңдеткіштерді бір сатылылармен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар:
– берілген қысымды дәлдеп ұстап тұруы;
– жұмыс процесінде газ қысымын жиі реттеуді қажет етпейді;
– төменгі температурада қатпайды.
Мұндай бәсеңдеткіштердің кемшілігі, құрылымының күрделіректігі болып.
Ацетилен бәсеңдіргіші жұмыс принципі жағынан оттегінікімен ұқсас, бірақ баллонға жалғау әдісімен өзгешелеу. Осындай айырмашылығымен басқа, жанатың газдарға арналған бәсеңдеткіштер де қолданылады.
Түрлі газдарға арналған бәсеңдеткіштердің тұғырлары газ баллондары боялған түрге боялады. Өнеркәсіп, бәсеңдеткіштердің әртүрлі таңбаларын шығарады: баллонға оттегінікі бір сатылы ДКМ-1-65, екі сатылы ДДК-8-65 және ДКД-15-65, баллонға ацетилендікі ДАП-1-65, екі сатылы ДАД-1-65, сутегі бәсеңдеткіші ДВП-1-65, пропан-бутандікі ДПП-1-65. Аргон үшін бәсеңдеткіштердің АР-10, Ар-40, АР-150 таңбалары шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет