Саясаттану глоссарий


Саяси стратегия мен тактика-



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата15.11.2023
өлшемі260.32 Kb.
#483385
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
КАЗ глоссарий (1)

Саяси стратегия мен тактика-партияның,мемлекеттің,қоғамдық-саяси 
ұйым,қозғалыстардың саяси өмір,процесте,күресте басшылыққа алатын іс-
әрекеті.Стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезеңдегі жалпы 
бағытын айтады.Тактикаға стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында 
нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті,оның таяудағы мүддесін 
орындаудың әдіс –тәсілдері кіреді.Саяси жағдайларға байланысты тактика 
жиі өзгеріп отырады. 


Саяси тәртіп-саяси билікті жүйеге асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-
тәсілдер жиынтығы.Оған демокраиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын 
білдіретін саяси тәртіп жатады. 
Саяси тұрақтылық-әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында 
саяси жүйенің өз құрылымын сақтап,тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін 
тұрақтылығы. 
Саяси утопия-ғылыми зерттеуге емес ,қиялға негізделген,іске аспайтын 
идеялар мен теориялар. 
Саяси ұйым-алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік 
құрылымы бар,қызметтері айқындалған және жүйеленген адамдардың 
бірлестігі. 
Сепаратизм-бөлектену,оңашалануға 
тырысушылық.Көп 
ұлтты 
мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп 
шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы. 
Соғыс-мемлекеттер,халықтар,ұлттар,топтар,ұйымдар,діндер 
және 
т.б. 
арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес. 
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір 
уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы 
қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. 
Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені 
түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. 
Реформа – Қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру 
үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер 
енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын 
қамтуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет