Саяси тәртіп-саяси билікті жүйеге
асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-
тәсілдер жиынтығы.Оған демокраиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын
білдіретін саяси тәртіп жатады.
Саяси тұрақтылық-әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында
саяси жүйенің өз құрылымын сақтап,тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін
тұрақтылығы.
Саяси утопия-ғылыми зерттеуге емес ,қиялға
негізделген,іске аспайтын
идеялар мен теориялар.
Саяси ұйым-алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік
құрылымы бар,қызметтері айқындалған және жүйеленген
адамдардың
бірлестігі.
Сепаратизм-бөлектену,оңашалануға
тырысушылық.Көп
ұлтты
мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп
шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы.
Соғыс-мемлекеттер,халықтар,ұлттар,топтар,ұйымдар,діндер
және
т.б.
арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір
уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент)
арқылы
қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.
Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені
түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі.
Реформа – Қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру
үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер
енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше
саласын
қамтуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: