Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет3/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

2. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ САПАСЫ:

    • оқытушының ғылыми-теориялық біліктілік деңгейіне, нақты сабаққа дайындығына;

    • сұрақтарды талқылауда студенттердің белсенділігіне;

    • презентацияларды дайындау, талқылау деңгейіне;

    • оқытушының талқыланған сұрақтар бойынша қорытынды жасау тереңділігіне байланысты.

3. СЕМИНАР САБАҒЫН БАҒАЛАУ, БАҚЫЛАУ:

    • семинар сабағын өткізетін оқытушы күнделікті бақылау кезіндегі студенттердің дайындығын, материалды меңгергендігін бағалайды;

  1. КУРСТЫ ЖҮРГІЗЕТІН ЛЕКТОР:

    • семинар сабағының өткізу сапасын;

    • семинар сабағында лекциялық материалдарды қолдану дәрежесін;

    • студенттердің сабаққа қатысуын бақылайды.



БІРІНШІ ТАҚЫРЫП: Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті


Сабақтың мазмұны: Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдіруі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухании мәдениеттің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар.
Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүнииетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін – символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магияның әмбебап құралы сол кезде пайда болған алғашқы өнер болды. Оның басты тақырыбы – әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналық қасиетін бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар түрлері әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақтастан, мүйізден жасалған заттар қойылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет