Абуов жандос махмудович сырдария өзені суын Қызылорда облысы егіс алқаптарын суаруды тиімді пайдалану мәселелері 6М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану»



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі388.89 Kb.
  1   2   3


ӘОЖ 626.80: 556: 631.67 (574.54) Қол жазба құқығында


АБУОВ ЖАНДОС МАХМУДОВИЧ

Сырдария өзені суын Қызылорда облысы егіс алқаптарын

суаруды тиімді пайдалану мәселелері

6М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2011

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.





Ғылыми жетекшісі:




техника ғылымдарының докторы, профессор

С.И.Қошқаров




Ресми оппоненті:




техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.Н. Байманов




Қорғау 2011 жылдың «___» _________ сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Политехникалық факультеті, № 5 оқу ғимараты, ауд ___ )

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы


Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаға антропогендік жүктеменің өсуі бірінші орынға оны қорғау мәселелерін тудырады, ал шаруашылық айналымға көптеген мөлшерде табиғи ресурстарды қолдану немесе енгізу оларды тиімді пайдалану қажеттігін алға қояды. Мұндай күрделі жағдай Сырдария өзені бас-сейнінде де қалыптасты. Соңғы жылдары бұл аумақта сушаруашылығы жағ-дайының қиындығы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы халықты сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсті, аумақтық экологиялық жағдайын күрделендірді, адамдардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын нашарлатты. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қада-ғалау департаментінің мәліметтері бойынша суармалы егістікте жұмыс атқара-тын адамдарда өзен суымен жұмыс атқармайтын халықпен салыстырғанда аска-ридоз ауруымен ауырудың жоғары деңгейде өсу тенденциясы анық байқалады.

Сырдария өзенінің төменгі ағысында жерлердің табиғи құрғауы мен тұзда-нуы, аң және өсімдік әлемінде экологиялық жүйенің терең тозуы анықталған. Грунт сулары деңгейінің төмендеуі фауна мен флораға қатты әсер етеді.

Біздің уақытымызда адамның табиғатқа әсері геологиялық өзгеру элемент-терімен теңесуде. Агроөндіріс кешенінің тармақтарын жылдамдату, ауыл ша-руашылығын химиялау, мехнанизациялау көлемі мен жылдамдығы табиғи қор-шаған ортаға қысымның ұлғаюына әкеліп соқты. Соңғы 30-40 жылда еліміздің егіспен, жер өңдеумен айналысатын аудандарда топырақ қарашірігінің 1/3 жо-ғалды. Мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі төменде-ді, егіс алқаптарынын шайылған минералды тыңайтқыштармен улы химикат-тардың көп бөлігі су көздерін ластады. Соңғы 25 жылда халық шаруашылы-ғында топырақ өңдеу және басқа салаларында дұрыс жүргізілмеуінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына 552,6 млн АҚШ доллары көлемінде материалдық шығын келтірілді.

Аймақ үшін маңызды мәселелердің бірі болып тоғайларды сақтап қалу та-былады. Соңғы ширек ғасырда сырдария өзені аңғарында 34 мың га тоғай, 470 мыңга сексеуіл және басқада өсімдік түрлері жойылды. Ауыз судың сапасы бір-талай нашарлады, өзенге улы төгінді және кәрізді – дренаждық сулар тастау тыйылмады. Бұл өз кезегінде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы гидро-химиялық режимді нашарлатты.

Осыған байланысты өзенді ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген Сырдария өзенінің төменгі ағысында су сапасын сақтай отырып, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселе-лері өзекті маңызға ие болды. Мұндай жағдайда қарастыру су көздерін салтау-дан қорғау, суармалы суды үнемдеу, егіс алқаптарын тыңайтқыш элементтері-мен қамтамасыз ету, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашы-лығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері шешіледі.

Қазіргі кезде Отандық және шетелдік ғылымда ауыл шаруашылығына бері-летін суды тиімді және ұтымды пайдалану концепциясын құруға көптеген тал-пыныстар бар. Бірақ, оларды Сырдария өзенінің төменгі ағысына қолдану таби-ғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты мүмкіндік түдырмайды. Сондықтан, қойылған қойылған мақсатқа жету үшін нақты топырақ-климаттық жағдайлар-ды, өзен суының гидрохимиялық құрамын ғылыми негізділігіне, егілетін да-қылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егістік жүйесінде ауыл шаруа-шылығы дақылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егістік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару технологиясы, топырақ қасиетінің және құра-мының өзгеру факторлары, жіне өнім сапасына көңіл бөлу керек.

Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі оны қолдан суару не-гізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесін суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Осының барлығы тақырып өзектілігінің негізгі дәлелі.

Зерттеудің мақсаты: Зерттеулер негізінде аймақта Сырдария суын тиімді пайдалану жөнінде іс-шаралар анықталады.

Міндеттері: Зерттеулер міндеттеріне суармалы жүйенің қазіргі жағдайын талдау, суармалы жүйенің пайдалы әсер коэффициенттін анықтау, суды пайда-лану жұмыстарының кемшіліктерін анықтау, суды тиімді пайдалануды қамта-масыз ететін әдістер анықталады.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы Түгіскен, Жаңақорган-Шиелі Қызылорда және Қазалы суармалы алқаптары

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Аталған аймақта егіс алқаптарында суды тиімді пайдаланудың ерекше жолдары мен әдістері ұсынылады.

Жұмыстың негізгі қорғалатын қағидалары:

- Қызылорда облысының суармалы егістікте суды тиімді пайдаланну және суландыру жүйелеріндегі пайдалы әсер коэффициентін көтеру;

- Қызылорда обылсының суармалы алқаптарында экологиялық және мелиоративтік жағдайдың қалыптасуы мен заңдылықтары;

- Қызылорда облысындағы суармалы жерлерге суды тиімді пайдалан-ғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен яғни су-жер ресурс-тарын тиімді пайдалану технологиясын пайдаланғанда бұрынғы күріш ауыс-палы егістігінде дақылдарды өңдеу жүйесіндегіден артады.



Бастапқы зерттеу мәліметтері. Жұмыстың бастапқы мәліметтері және негізі ретінде «Казгидромет», «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қор-ғау» жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы және АШМ, СРК «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы мекемелерінің мәліметтері пайдаланылды.

Жұмыстағы пайдаланылған зерттеу әдістері. Жұмыста қарастырылып отырған күрделі мәселелерді шешу мелиорацияланған ауылшаруашылық жер-лердің топырақ-экологиялық (В.Х.Хачатурьян), ландшафттық-экологиялық (А.В.Кологанов, В.Н.Щедрин, Г.А.Сенчуков, А.А.Бурдун) және ландшафттық (А.И.Голованов, С.И.Қошқаров) ерекшеліктерін ескеретін мелио-рация және экология саласындағы жүйелік зерттеулерге негізделген. Жұмыста қа-растырылған талқылау, табиғи ортаны (ландшафт), жер бетінің атмосфера қаба-ты, топырақ, өсімдік, жер беті және жер асты сулары сыңарын құратын өзара байланыстық және арақатынастық қатарды құрайтын, бірлескен ұйымдастыру құрылымы ретінде қарастырылатын геожүйелік даму (А.Г.Исаченко, А.И.Голованов); В.В.Докучаев – Вильямс - А.Н.Костяковтардың табиғаттағы ерекше дене ретінде қарастырылатын топырақтың мелиорациясы және генези-сіне, В.В.Докучаев – А.А.Григорьев – М.И.Будыко іліміндегі – эволюция және ландшафттардың географиялық аймақтық заңдылықтарына, В.Р.Волобуевтың топырақтың дамуына қажетті қуат және түрлендіру ортасын бағалауда барлық жүріс ағындарын нақты табиғи-техникалық қызмет арқылы қарастыратын қызметтік (Г.П.Щедровский және экожүйелік (В.С.Преображенский) дамуға сүйенетін, В.Х.Хачатурян және И.П.Айдаровтың қызметтік-табиғи жүйенің үлгісіне негізделген және де ландшафттарға түсірілетін техникалық жүктеменің экологиялық мүмкіншілік шамасын негіздеу мен (И.П.Айдаров, Г.А.Сенчуков) жердің кешенді мелиорациясының (Д.А.Суюмбаев) көзқарасы пайдаланылған.

Жұмыстың сыннан өтуі. «Сыр өңірі суармалы егіс алқаптарының эколо-гиялық, мелиоративтік жағдайларын жақсарту мәселелері» атты ғылыми семи-нарда (Қызылорда, 2011), «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашы-лығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты 13(67) студенттердің және магистранттардың ғылыми конференциясының «Су, жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану» секциясында (Қызылорда, 2011) баяндамалар жасалды.

Жұмыстың жариялануы: Диссертация тақырыбы бойынша 2 ғылыми еңбек жарияланды.

Диссертацияның құрылым көлемі: Диссертация кіріспеден, 4 бөлім-нен, қорытындыдан, 83 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 104 беттен, оның ішінде 19 суреттен және 46 кестеден құралған.
Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұ-мысының өзектілігі, жұмыстың мақсаты және де тарауларға қысқаша тұжырым берілген.

Бірінші бөлімде облыстың табиғи-климаттық ерекшеліктері және олар-дың суармалы жерлерге әсері жайлы жазылған. Облыстың географиялық орны, климаты және гиологиясы мен гидрогиологиясы. Сонымен қатар су тапшылығына байланысты сыр өңірінің табиғатының нашарлау жағдайы өзекті мәлесе.

Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.

Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдармен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемі-нің 11,8 пайызы. Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүс-тігінде – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстан-ның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.

Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалы-мен қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәуілік, ай жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байта-ғының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25о – 28о. Террито-рияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсалюттік температура +44 – 47о. Қыс-та облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айыр-машылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы - 13,4о, ал оңтүстігінде «Аққұмда» - 6, 8о десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6,6оС.

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа бол-сада суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік темперетура 40–45о-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі темперетура-ның айырмасы – 85–90оС.

Ауаның тәуіліктік орта температурасы 0отан жоғары болатын күннің саны 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 – інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 пайызы қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартым-сыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүн-дігініде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қар-дың жатысы 4 айға созылады.) Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатады.

Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1-ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Аал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айла-рында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-тү-лей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Топырақтардың су-физикалық қасиеттері шабындықты-батпақты топы-рақтарды зерттелуімен түсіндіріледі. Топырақ қабатының кескінінен көретіні-міз оның құрамы ауыр механикалық болып келеді. Бет жағында ауыр саздақ, ал әрі қарай саз кездеседі. Жыртылатын горизонттағы көлемді салмағы 1,06-1,30 г/см3 шамасында ауытқиды, орташа алғанда 1,12 г/см3. Бұл топырақ түрлері үшін көлемді салмақтың орташа мәні 0-100 см. Қалыңдығы үшін -1,31 г/см3 құрайды.

Топырақтың үлесті салмағы 2,66-1,70 г/см3 шамасында. 0-100 см. Қабат үшін табиғи ылғалдылық көрсеткіші оның көлемінен алғанда орташа 18,7-23,98 % шамасында ауытқиды. Бірінші метр қабаттың шекті далалық ылғал сыйым-дылығы топырақтардың механикалық құрамына қарай оның көлемінен орташа 17,8-ден 31,2 %-ке дейін ауытқиды, яғни метрлік қабаты 2782-3118 м3/га ылғал сақталуы мүмкін.Топырақтардың су сіңіргіштігі олардың механикалық құрамына, тығыздығына байланысты 0,08-ден 0,10 м/тәулікке дейін ауытқып отырады.
Екінші бөлімде бойынша Қызыдорда облысның суармалы алқаптарында экологиялық және мелиоративтік жағдайдың қалыптасуы, облыстың егіс алқаптарына су-жер қорын пайдалану жағдайы, облыстың егіс алқаптарының экологиялық және мелиоративтік жағдайдың қалыптасуы және егіс алқабындағы мелиоративтік жағдайдың заңдылықтары қарастырылған.

Сырдария өзенінің төменгі аймағы (Қызылорда облысының шекара-сында) 218,4 мың га жерді алып жатыр. Облыстың шекарасында жеті әкімшілік орналасқан: Арал, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған (2-кесте), [26; 27-28].



Қызылорда облысының әкімшілік ауданның құрамы

2-кесте

Ауданның аттары


Ауданы, мың га

Суармалы егістік,

%


Барлығы

Оның ішінде

жайылым

шабындық

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

Арал

5660

-

-

2,2

0,04

Жалағаш

2360

1660,7

57,1

31,5

1,33

Сырдария

4380

4429,2

81,1

58,5

2,92

Қармақшы

2920

2035,0

37,4

25,1

0,86

Қазалы

3700

2761,7

76,4

30,1

0,81

Шиелі

1820

1301,0

24,0

36,2

1,99

Жаңақорған

1000

963,9

20,9

32,5

3,25

Барлығы

21840

13151,5

296,9

216,1

11,2

ХХ ғасырдың басында суармалы егістік жерлер негізінен дөңес-атыз тегістіктерге, өзен саласына, өзеннің жағалауына жақын тау етектеріне және құрғақ атырауға орналасқан болатын. Ал, орта шенінде жерді пайдалануға, оның ішінде суармалы егістікке тән бірнеше әкімшілік жүйемен басқарудың нәтижесінің арқасында экстенсивтік жолмен суармалы егістікке жарамды деген барлық жерлерді егіншілік жүйесіне игеру. Оның негізіне Сырдария өзенінің төменгі саласына орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аудандарының барлығындағы суармалы егіншілік жерлерді игеру қарқыны дәлел бола алады (3-кесте).



Қызылорда облысының әкімшілік аудандарындағы суармалы егістік жерлердің өсу қарқыны

3-кесте



Аудандар




Жылдар

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2005

2010

Арал

F, мың га

0,60

0,40

0,20

0,20

1,80

2,20

2,40

2,40

2,20

-

F/FH

1,00

0,67

0,33

0,33

3,00

3,67

4,00

4,00

3,67

-

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

-0,04

-0,04

0,00

0,32

0,08

0,04

0,00

-0,04

-

Жалағаш


F, мың га

11,3

16,4

19,0

31,7

36,8

34,4

35,0

34,4

31,5

30,87

F/FH

1,00

1,451

1,681

2,805

3,256

3,044

3,097

3,044

2,787

1,882

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

1,02

0,52

2,54

1,02

-0,48

0,12

-0,12

-0,58

-0,13

Сырдария

F, мың га

11,5

11,5

14,4

18,7

24,7

28,2

28,0

27,0

25,1

28,40

F/FH

1,00

1,00

1,274

1,626

2,148

2,452

2,434

2,348

2,183

2,469

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

0,00

0,58

0,86

1,20

0,70

-0,18

-0,20

-0,38

0,66

Қазалы

F, мың га

13,3

11,6

14,3

18,8

30,2

32,4

32,1

31,5

30,1

15,89

F/FH

1,00

0,872

1,075

1,413

2,270

2,436

2,413

2,368

2,263

1,195

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

-0,34

1,23

0,90

2,28

0,44

-0,06

-0,12

-0,30

2,84

Шиелі

F, мың га

20,2

23,2

24,0

27,5

41,6

39,3

38,5

38,2

36,2

29,32

F/FH

1,00

1,149

1,188

1,361

2,059

1,945

1,905

1,891

1,792

1,459

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

0,06

0,16

0,70

2,82

-0,46

-0,07

-0,06

-0,40

1,38

Жаңақорған

F, мың га

9,3

8,9

15,1

24,7

32,0

35,1

35,0

34,8

32,5

26,49

F/FH

1,00

0,957

1,623

2,656

3,441

3,774

3,763

3,742

3,494

2,848

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

-0,08

1,24

1,92

1,46

0,62

-0,02

-0,02

-0,46

-1,20

Қызылорда облысы

F, мың га

92,2

92,8

124,6

171,0

228,5

235,0

233,5

229,8

216,1

130,97

F/FH

1,00

1,006

1,351

1,854

2,478

2,548

2,532

2,492

2,343

1,420

(Fi-Fi-1)/T, мың га/жыл

-

0,12

6,36

9,28

11,50

1,30

-0,30

-0,74

-2,74

-17,03

Жалпы, 3-кестедегі келтірілген мәліметтерге жүгінетін болсақ, Қызылорда облысының барлық әкімшілік аудандарында суармалы егістік жердің даму қарқынының 1965–1990 жылдар аралығында жоғары екендігін көруге болады, ал 1995 жылдан бастап оның ауданы біртіндеп кеми бастаған.





Каталог: Docs
Docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
Docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
Docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
Docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет