Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік



бет9/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#135943
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1 Автомобиль көлігі аясында:

- көлік және коммуникация мәселелері бойынша орталық атқарушы органмен келісіп республикалық мемлекеттік кәсіпорын автомобиль көлігінебайланысты басшыларын қызметке тағайындау.



  • автомобиль тасымалдау, жөндеу басшыларын қызметке тағайындау, коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

- әлектронды көлік коммуналды ұйымын құру және басшыларын қызметке тагайындау;

- автомобиль көлігінің коммуналды ұйымдарының жекешелендіруін жүргізу;

- автомобиль көлігі жұмысының әкологиялық бақылауы;

- автомобильді, элоктрондық транспорттық даму бағдарламаларын бекіту;



  • халықгың көліктік қызметіне мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға тапсырыс алу;

  • жергілікті автомобильдердің маршруттарын бекіту;

  • тасымалдаушылар қызметіне бақылау ұйымдастыру;

- сенім басқарымына автомобильді және әлектронды транспортты бақылауға алу;

- қала көлігінде жүру үшін азаматтарға тағайындалған тарифті бекіту (ақшалай түрде).

Жол шаруашылығы сферасында:


  • көлік және коммуникация мәселелері бойынша орталық атқарушы органмен келісіп, республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру және оның басшыларын қызметке тағайындау;

  • жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қолданудағы, ремонтгағы, құрылыстагы коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

  • жергілікті маңызды автомобиль жолдарын облыстық мәслихаттың бекітуіне беру;

  • автомобиль жолдарын қолдануда, жобалауда, құрылыс жүргізуде, жөндеуде тапсырыс беруші ретінде шығу;

  • автомобиль жолдарын күзетуді үйымдастыру;

  • МАИ, Ішкі Істер Министрлігімен бірге жұмыс істеу;

  • жол қорларындағы облыстық қаржыны анықтау және бекіту;

  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Электрондық және пошта байланысы сферасында:

- көлік және коммуникация мәселелері бойынша орталық атқарушы органмен келісіп, республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрып оның басшыларын қызметке тағайындау;



  • байланысқа байланысты коммуналды ұйымдарды құру және басшыларын қызметке тағайындау;

  • жер учаскелерін беру;

  • пошта және әлектронды байланыс қызметінде тапсырыс беруші ретінде шығу;

  • сонымен, басқа жергілікті атқарушы органдар көлік инспекциясын және басқа да инспекцияларды құру үшін орталық атқарушы органмен келіседі.

Сыртқы істер аумағын басқару

Еліміздің халықаралық аренада алатын орны, оның беделі сыртқы саясатгы қалыптастыру және оны жүзеге асырумен ете тығыз байланысты, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықга және өзара бір-бірінің түсінуіне кеңінен жол ашады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттагы бағыты -еліміздегі ішкі саясатының негізгі қағидаларымен тығызбайланысты,сонымен қатар саяси режим, демократиялық институттардың тигізетін ықпалы да зор. Демократиялық институттардың тиісінше көбірек қатысуы , қоғамымыздың тиімдірек дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. БҰҰ жарғысына сәйкес барлық мемлекеттер бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйеніп, соларды басшылыққа алуы тиіс.

Конституцияға сәйкес Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасы Президенті анықтайды.

Сыртқы істер аумағын басқаруда оның функцияларына мыналар жатады:



  • халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді;

  • республиканың дипломатиялық өкілдіктер басшыларын қызметке тағайындау және оларды қайтадан кері шақырып алу;

  • халықаралық шарттарга қол қою және келіссөздер жүргізу;

  • ратификациялық грамоттарга қол қою;

- Президент жанындагы тіркелген шетел мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің сенім және кері шақыру - грамоталарын қабылдау;

- Дипломатиялық рангтерді беру;

- Республикаға қарсы, еркінен тыс агрессия жағдайында адекваттык шефім қабылдау.

Сыртқы саясатты жүргізуде нақты шараларды жетілдіруді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Сонымен қатар, Министрлер Кабинеті Үкіметаралык келісімдер жасасумен қатар, олардың орындалуына бақылау жасайды.

Сыртқы қатынастар аумағында мемлекеттік басқаруды және мемлекетеміздің сыртқы саясатын жүргізуді қаматамасыз етуші орталық атқарушы орган болып - Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі танылады.

Сыртқы Істер Министрлігі өз кезегінде Конституцияны басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының зандарына, басқа да нормативті құқықтық актілерге, сонымеи қатар 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі» туралы ережеге сүйенеді.

Сыртқы Істер Министрлігі жүйесіне Қазақстан Республика-сының дипломатиялық өкілдіктері және консульдық мекемелері кіреді. Халықаралық ұйымдардың жанындағы Республиканың өкілдіктері, Сыртқы ІстерМинистрлігінің Республика территориясындағы ведомстваға тәуелді ұйымдардың өкілдігі, сонымен қатар Жогарғы дипломатиялық мектеп және басқа да оқу орындары кіреді.

Сыртқы Істер Министрлігінің ережеге сәйкес негізгі атқаратын міндеттері:



  • Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаттағы бағытынжузеге асыру.

  • Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағытын жүзеге асыру.

  • Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы туралы ұсынысун Президентке талқылауға беру.

- Республика шекарасының бұзылмастығын және герриториялық біртұтастығын, еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін дипломатиялық тетіктер арқылы қамтамасыз ету.

- Шетелдердегі Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

- Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен дипломатиялық және консульдық қатынастарын жүзеге асырады.

Осы аталған тапсырмаларды орындау мақсатында Сыртқы Істер Министрлігі мынаган құқылы:

- Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары жобаларының Конституцияға және халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкестігіне бақылау жасауға;

- сыртқы саясат және дипломатиялық қызметтегі мәселелерге қатысты занды актілердің жобаларын Президентке қарауға ұсынуға;

-өз құзіреті шеңберінде нормативті актілер шығара алады. Сыртқы Істер Министрлігін Министр басқарады және ол министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы Президент пен Премьер-Министрдің алдында жауапты болады.

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?

  2. Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?

  3. Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Әкімшілік құқық» пәні бойынша семинар сабақтары әкімшілік құқықтық білімді нығайтудың негізгі жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Семинар сабағына дайындалу барысында жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

Студент семинар сабағына дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге өз тарапынан ізденіп баспа материалдарын да қарастыруы қажет.

Құқықтық білім адам өмірінің барлық кезеңдеріне қажет, сондықтан аталмыш пәнге деген қызығушылықтың болуы студенттің құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Семинар сабағының басты кеңесшісі ол пән оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырған жөн. Семинар сабағында тақырыпқа қатысты мәселе көтеріліп, әр түрлі әдістердің қолдануымен шешіледі. Әдістер: ахуалдық есептер шешу, баяндау, пікір таластыру, ойын және т.б. Есептер дегеніміз күнделікті өмірімізде туындап жатқан құқықтық мән – жайлар, мәне соларға жауапты іздеу барысында студент қажетті нормативті құжатты дұрыс тауып, талдауы керек. Жауапты баяндау барысында арнайы деректерге сүйене отырып, өз сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында баяндап тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.

1 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ: ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ – ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ, ОҚУ ПӘНІ, ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің әкімшілік құқық пәні туралы айта отырып, құқықтық білім саласында аталмыш пәннің алатын ролін өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық – жария құқық саласы ретінде.

  2. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.

  3. Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі орны.

Әдістемелік нұсқау: Жария құқық ұғымын түсініп алыңыз.Әкімшілік құқықтың неге жария құқық болып табылатынына мән беріңіз.Әкімшілік құқық пәнін дұрыс анықтау үшін басқа құқық саласының пәнін анықтап алыңызалыстырыңыз, содан кейін әкімшілік құқықтың пәнімен салыстырып көріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  5. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  6. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  7. «Әкімшілік процедулар туралы»

  8. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  9. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  10. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

2 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚАТЫНАСТАР

Сабақтың мақсаты: Студенттердің әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар туралы алған білімдерін бекіте отырып, әкімшілік құқықтық қатынастарға түсудің тәртібін білуді меңгерту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік - құқықтық нормалар түсінігі, ұғымы.

  2. Әкімшілік – құқықтық нормалардың түрлері.

  3. Әкімшілік – құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны.

Әдістемелік нұсқау: Құқықтық нормалар ұғымын қайталаңыз. Әкімшілік құқықтық нормалардың ерекшелігін анықтаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа құқықтық қатынастарға қарағанда айырмашылығы қандай деген сұраққа жауап іздеп көріңіз. Әкімшілік құқықтың тараптарына құқықтық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  5. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  6. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  7. «Әкімшілік процедулар туралы»

  8. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  9. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  10. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

3 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің әкімшілік құқықтың қайнар көздері туралы алған білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық кайнар көздер түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық қайнар көздер түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің ең негізгісі ретінде ҚР. Конституциясын өарастырыңыз. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түрлерін оларды жүйелей отырып талдаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  4. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  5. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  6. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  7. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

4 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін студенттерге алған білімдерін қолдана отырып көрсете алу қабілеттерін жетілдіру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық субъектілері туралы жалпы мағлұмат.

  2. Жеке әкімшілік – құқықтық субъектілері.

  3. Азаматтар әкімшілік құқық субъектісі ретінде.

  4. Қоғамдық ұйымдар. Діни бірлестіктер.

  5. Жастар және балалар бірлестігі.

  6. ҚР Президенті.

  7. ҚР Үкіметі.

  8. Орталық атқарушы органдар (министрліктер, агенттіктер).

  9. Жергілікті атқарушы органдар.

  10. Ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік құқық субъектілерін жіктеп алып, жеке талдау жасаңыз. Олардың құқықтары мен міндеттеріне, құқықсубъектілігіне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Конституциялық заңы «ҚР Президенті».

  2. Конституциялық заңы «ҚР Укімет туралы».

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  4. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  5. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  6. «Әкімшілік процедулар туралы»

  7. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  8. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  9. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

5 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік жауапкершілік туралы алған білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі.

  2. Әкімшілік жауапкершілік қағидалары.

  3. Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары.


Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік жауапкершілік ұғымына тоқталыңыз. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болатын мән жәйларды анықтап алыңыз. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін пайдаланыңыз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

6 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУ

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік іс жүргізу туралы алған білімдерін бекіту. Әкімшілік іс жүргізудің құқықтық тәртібін анықтау.

Жоспар:

  1. Әкімшілік іс жүргізу түсінігі.

  2. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері.

  3. Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары.

  4. Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін анықтау үшін, азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізумен салыстырыңыз. Әкімшілік іс жүргізуде негізге алатын қағидаларға тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

7 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМДЕР

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқықтық режимдер туралы алған білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік – құқықтық режим түсінігі және түрлері.

  2. Төтенше жағдайдағы құқықтық режим.

  3. Ерекше және әскери жағдай режимдері.

  4. Құпиялық режим.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік құқықтық режимдерге жекелей тоқталыңыз. Кесте құрастырып олардың ұқсастығы мен айырмашылығына түсінік беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

8 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік жазалар туралы алған білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік жаза қолдану ұғымы.

  2. Әкімшілік жазалардың түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік жазалардың түрлерін анықтауда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті пайдаланыңыз. Олардың баптарын есте сақтауға тырысыңыз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

9 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік бұлтартпау шараларын талдай отырып, ол туралы алған білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар ұғымы.

  2. Әкімшілік бұлтартпау шаралардың түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік бұлтартпау шараларын анықтауда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті пайдаланып, ситуациялық жағдайлар арқылы, мысалдармен түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

10 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

Сабақтың мақсаты: Студенттерді әкімшілік құқық бұзушылық себептерін анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын қарастыруға талпындыру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық бұзүшылық түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық бұзүшылық түрлері.

  3. Әкімшілік құқық бұзүшылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті пайдалана отырып нақтылап алыңыз, олардың себептерін анықтап, болдырмаудың амалдарын қарастырыңыз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

11 СЕМИНАР



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ

Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуде заңдылықтарды сақтау, жалпы заңдылық принципіне тоқтала отырып, студенттердің өзіндік түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтағы заңдылық ұғымы.

  2. Әкімшілік құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды бақылау.

  3. Әкімшілік құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды қадағалау.

Әдістемелік нұсқау: Әкімшілік құқықтағы заңдылық ұғымын түсіну үшін, алдыменен жалпы заңдылық ұғымына тоқталыңыз. Заңдылық принципінің алатын ролән айтыңыз. Заңдылықтың сақталуы және оның бұзылу жаңдайларына мән беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  4. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

12 СЕМИНАР



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік қызмет туралы алған білімдеріне сүйене отырып, мемдлекеттік қызметке орналасу тәртібін үйрету.

Жоспар:

  1. Мемлекеттің қызметтің түсінігі мен ерекшелігі.

  2. Мемлекеттің қызметтің негізгі қағидалары.

  3. Мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет