Сезімтал организм


Ведомствоаралық үйлестіру



бет8/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
1 рк биобез

14.Ведомствоаралық үйлестіру
1. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді
биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар
биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және биологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеу мен іске асыруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет іс-шаралары өткізілетін
орындарда күзетілетін адамдардың және объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
3. Терроризмге және экстремизмге қарсы, оның ішінде патогенді биологиялық агенттер
пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризмге
және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді
Қазақстан Республикасының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы
заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.
4. Ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған төтенше жағдайлар кезінде басшылықты және салааралық үйлестіруді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды іске асыруды, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді Қазақстан
Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет