Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет11/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Акишев

Стандарттау функциялары: Әлеуметтік және техникалық –экономиалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әр түрлі функцияларды атқарады.

  1. Реттеу функциясы. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.

  2. Қорғау (әлеуметтік) функциясы – өнімді шығарушылардың тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.

  3. Ресурстарды үнемдеу функциясы – материалдың энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.

  4. Арақатынасқа байланысты функциясы – ақпараттың жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамассыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту үшін қажет.

  5. Цивилизация (қоғамдық даму ) функциясы – адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет салаларын белгілеу негізнде жақсарту. Мысалы адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни өркениет (цивилизация) деңгейін көрсетеді.

  6. Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа да салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім каталогтарымен қамтамассыз етеді.

  7. Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы - стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа да нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтық міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолжану арқылы жүзеге асырылады.

  8. Дәлдік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламентінің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет