Физикалық шамалар өлшемдер объектісі ретінде
Қоршаған ортаның барлық объектілері өздерінің қасиеттерімен сипатталады.Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген [4,5].Шама-басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті.
Шамаларды талдау оларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді:шынайы және идеалды (1-сурет).
1-сурет.Шамалардың классификациясы
Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақта шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды,өз кезегінде,физикалық және физикалық емес,өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.
Физикалық шама деп көптеген физикалық объектер үшін сапалық тұрғыда ортақ болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың,процестің) қасиеттерінің бірі аталады.Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат,ағаш, шыны сияқты материалдарды сиапттайды,ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні)-олардың әрқайсысы үшін әртүрлі шама.
Физикалық емес шамалар деп қоғамдық ғылымдарға қатысты шамалар аталады.Мысалы,философия,социология,экономика және т.б. салаларда қолданылатын шамалар.
Өнеркәсіп өндірісінде және халық шаруашылығының түрлі салаларында өнімнің сапасын анықтау өте маңызды болып табылады.Сапа-өнімнің арнаулылығына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын қасиеттердің жиынтығы (мысалы,өсімдік майының сапа көрсеткіштері (7-қосымша).Сапаны өлшеуге арналған метрологияның бір бөлімі квалиметрияда төмендегідей сапа көрсеткіштерінің түрлері ажыратылады[3]:
-арнаулылық көрсеткіштері;
-сенімділік көрсеткіштері;
-шикізат,материалдар,отын,энергия және еңбек ресурстарын пайдалану үнемділігінің көрсеткіштері;
-эргонометриялық көрсеткіштер;
-эстетикалық көрсеткіштер;
-технологиялық көрсеткіштері;
-тасымалдаулылық көрсеткіштері;
-стандартизация және сәйкестік көрсеткіштер;
-патенттік-құқықтық көрсеткіштер;
-экологиялық көрсеткіштер;
-қауіпсіздік көрсеткіштері;
-жалпыланған (интегралды) көрсеткіштер.
Өнімді пайдалану тиімділігінің жалпыланған көрсеткіші табылады. Ол өнімді пайдалану немесе тұтынудың жалпы пайдалылығының және өнімді пайдалану және жасаудың жалпы шығындарының арақатынасын анықтайды.
Соңғы уақыттары дәріс алушыларының білімі, спортшылардың шеберлігі, әдемілік, дарындылық сияқти қасиеттерді өлшеу әдетке айналуда.
Квалиметрияда сапа көрсеткіштері техникалық өлшеулердегі физикалық шамалар сияқты рөл атқарады.
Әрі қарай физикалық шамаларға қатысты түсініктер қарастырылады.
Физикалық шамаларды өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады. [4,5].
Бағаланатын физикалық шамаларды сандық түрде белгіленген өлшем бірліктерінің (масса, күш, кернеу және т.б.) белгілі бір саны түрінде өрнектеуге болады.
өлшенетін физикалық шамалар – белгілі бір себептермен өлшем бірлігі белгіленбейтін шамалар, сол себептен олар тек бағалануы мүмкін (өнім сапасы, баға және т.б.).
Физикалық шамалардың жіктелуі төмендегі 2-суретте келтірілген.
Құбылыс түрлері бойынша олардың түрлері:
Энергетикалық (белсенді, активті), яғни энергияның түрлену, берілу және пайдалану үрдістерінің энергетикалық сипаттамаларын суреттейтін шамалар; оларға ток, кернеу, қуат, энергия, заряд жатады, олар қосымша энергия көздерін пайдаланбай өлшенетін ақпарат белгісіне түрленуі мүмкін.
Заттық (пассивті), яғни заттардың, материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттайтын шамалар; радиотехникалық шамалардың ішінен – электрлік кедергі, сыйымдылық, индуктивтілік және т.б; оларға өлшеуіш ақпарат белгілерін қалыптастыратын қосымша энергия көзі қажет; мұнда пассивті физикалық шамалар өлшенетін активті шамаларға түрленеді.
Уақыттық процесті сипаттайтын, бұл топқа түрлі спектальді және поляризациалық сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.
Құбылыстар мен үрдістердің түрлі топтарына қатыстылығы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:
кеңестік-уақыттық;
механикалық, жылулық;
электрлік, магниттік, акустикалық;
физикалық-химиялық;
иондағыш сәулеленудің, жарықтық;
атомдық және ядерлік физиканың.
Басқа шамалардан шартты тәуелсіздігі дәрежесіне байланысты физикалық шамалар жіктелінеді:
негізгі;
туынды;
қосымша.
Бұл белгі бойынша жіклелу туралы төменде толығырақ қарастырылған.
Өлшемдерінің болуы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |