Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет53/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Акишев

3-сурет. Өлшеу тізбегі: 1-2 – сезімтал элементі бар алғашқы өлшеуіш түрлендіргіш; 3 – аралық өлшеуіш түрлендіргіштер
Өлшеуш аспаптар. Өлшеуіш асапаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.
Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады.
Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарықтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер. Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық бақылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
Өлшеуіш жабдықтар.Өлшеуш жабдықтар – шаманы өлшеудің қосалқы құралы. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады.
Өлшеуіш жабдықтар қосалқы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктердіенгізетінінескерген жөн.
Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылғылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштермен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары – ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температура, ылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгертіп отыратын жағдайларда жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет