Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет59/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86
Акишев

Бақылау сұрақтары



  1. Өлшем құралдары дегеніміз не және не үшін қолданылады?

  2. Өлшем құралдарына қандай құралдар жатады?

  3. Өлшем деп нені айтады?

  4. Бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің айырмашылығы неде, оған мысал келтіріңіз.

  5. Өлшемдер жиыны мен магазиндер не үшін қолданылады?

  6. Өлшемнің нақты және номиналды мәні дегеніміз не және олардың айырмашылығы неде?

  7. Өлшемдік түрлендіргіш түсінігіне анықтама беріңіз және түрлену функциясы деп не аталады?

  8. Өлшемдік түрлендіргіштің қандай түрлерін білесіз?

  9. Өлшеуіш аспаптар қандай мақсаттарда қолданылады?

  10. Тікелей әсер ету аспаптарына мысал келтіріңіз.

  11. Салыстыру аспаптары қандай жағдайларда қолданылады?

  12. Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер дегеніміз не?

  13. Өлшеуіш жабдықтар деп қандай құралдар аталады?

  14. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары қандай екі түрге бөлінеді?

  15. Салмақты өлшеудің қандай техникалық құралдарын білесіз?

  16. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты таразылардың қандай түрлері жасалды?

  17. Сұйықтың тығыздығын анықтау аспаптары?

  18. Инфрақызыл спектроскопия әдісімен сапа көрсеткіштерін анықтау аспаптары?

  19. Өлшеу әдісі дегеніміз не және олардың түрлері?

  20. Өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша өлшеу әдістерінің классификациясы.

  21. Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәні қалай анықталады?

  22. Өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен салыстыратын әдісін атаңыз.

  23. Өлшеудің нөлдік әдісінің мәні неде?

  24. Шаманы өлшеудің алмастыру және сәйкес келу әдістерін түсіндіріңіз.

  25. Жұмысшы құралдардың негізгі түрлері қандай?

  26. Өлшеудің ерекше құралы эталонға анықтама беріңіз.

  27. Эталондар қандай түрлерге бөлінеді?

  28. Ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі деңгейінде өлшеулердің осы саласында мүмкін болатын ең жоғарғы дәлдікпен физикалық шама бірлігін бейнелейтін эталонның түріне сипаттама.

  29. Алғашқы эталоннан бірлік мөлшерін тікелей беру қажетті дәлдікте жүзеге асырылуы мүмкін емес ерекше жағдайларда бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз ететін және осы жағдайларда алғашқы эталон қызметін атқаратын эталонның түрін атаңыз.

  30. Екінші ретті эталон не үшін қолданылады және оны қандай ұйым бекітеді?

  31. Метрологиялық арнаулылығы бойынша екінші ретті эталондардың түрлерін атаңыз.

  32. Эталоннан өлшемнің берілу тізбегін атап өтіңіз.

  33. Ең алғаш ресми бекітілген эталондар қандай және қай жерде жасалды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет