Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


-сурет. Бірқалыпсыз шкаласы бар Дәлдік класындағы мегамметрдің панелі Бақылау сұрақтары



бет67/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Акишев

28-сурет. Бірқалыпсыз шкаласы бар
Дәлдік класындағы мегамметрдің панелі


Бақылау сұрақтары

1. Өлшем құралдарының қателігі түсінігіне анықтама беріңіз.


2. Өлшем құралының жүйелі және кездейсоқ қателігі дегеніміз не?
3. Жүйелі қателіктің болу себептерін атаңыз.
4. Кездейсоқ қателіктердің туындауына қандай факторлар әсер етеді?
5. Өлшем құралдарының абсолютті қателігінің өлшеу нәтижелеріне немесе физикалық шаманың шынайы мәніне қатынасымен сипатталатын қателік қалай аталады?
6. Қандай жағдайларда қателік келтірілген болуы мүмкін?
7. Өлшем құралдары үшін қандай жағдайлар қалыпты, ал қандайлары қалыпты емес болып саналады?
8. Әсер етуші шама терминіне түсінік беріңіз.
9. Қалыпты өлшеу жағдайлары және жұмысшы өлшеу жағдайлары дегеніміз не?
10. Негізгі, қосымша және динамикалық қателіктерге сипаттама беріңіз.
11. Кездейсоқ шамалардың қалыпты таралуы дегеніміз не?
12. Қалыпты таралу заңының формуласын көрсетіңіз.
13. Стьюденттің таралу заңын қалай түсінесіз?
14. Қалыпты таралу кезіндегі қателіктің сенімді шектері дегеніміз не?
15. Көп бақылаулар жасалатын өлшеулер нәтижелерін өңдеу ережелері қандай факторларды ескереді?
16. Бақылаулар нәтижелерін өңдеу қандай ретпен жүзеге асырылады?
17. Бақылаулар нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқу бағалауын қалай есептейді?
18. Нәтиженің алынбаған жүйелі қателігі қандай себептерден пайда болуы мүмкін?
19. Өлшеу құралдарының дәлдік класы не үшін бағаланады және оның маңыздылығы неде?
20. Халық шаруашылығының қандай салаларында өлшеу құралының дәлдік класы түсінігі кеңірек пайдаланылады?
21. Дәлдік класы дегеніміз не?
22. Дәлдік класы қандай белгілермен белгіленеді және бұл белгілер аспаптардың қай бөлігінде жазылады?


5 тарау. Өлшем құралдарын калибрлеу
және салыстырып тексеру
5.1 Калибрлеудің қазақстандық жүйесі

Өлшем ңүралдарын калибрлеу - метрологиялың сипаттамалардың наңты мөндерін және мемлекеттік метрологиялың баңылау мен қадағалауға жатпайтын өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау және растау мақсатында жасалынатын операциялардың жиынтығы. Өлшем құралдарының жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттарының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші лаборатория жасайды.


Калибрлеу - өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдісі, мұнда түрлі өлшемдер, олардың үйлесімі немесе түрлі комбинациядағы көп мәнді өлшемдердің шкала белгілері салыстырылады және оның нәтижесінде белгілі мәнге байланысты жеке өлшемдер немесе шкала белгілері есептеледі.
Салыстыру нәтижесінде теңдеулер жүйесі алынады, оны шешу арқылы өлшемдердің шынайы мәні табылады. Теңдеулер саны салыстырып тексерілетін өлшемдердің санына тең. Өлшемдердің аттестациясының дәлдігін жоғарылату үшін теңдеулер санын көбейтеді және сол кезде өлшемдердің шынайы мәндері жиынтық өлшемдер нәтижелерін өңдеу сұлбасы бойынша анықталады.
Калибрлеу әдісін түсіндіру үшін төмендегі мысалдарды қарастыра кетейік.
Мысал. Массалары 500; 200; 200**; 100; 50; 20; 20**; 10; 2; 2**; 1 г кірлерден тұратын Г-1-1110 және Г-1а-1110 грамдық жиынтықтар массасы 1 кг жұмысшы эталонмен салыстырылады, ол төмендегі жолмен жүзеге асырылады:
а) 1 кг = 1000 г жұмысшы эталон массасы 500; 200; 200**; 100 г аса жоғары дәлдіктегі 1-разрядты таразыларда дөл өлшеу әдістерінің бірімен салыстырылады:

1000 - (500 + 200 + 200** + 100)=а1,


мүндағы а1- жұмысшы эталон массасы мен кірлер қосындысы массасының айырмасы;


б) жиынның 500 г кірлері массасы 200; 200**; 100 г кірлер қосындысымен салыстырылады, нәтижесінде теңдеу алынады:

500 - (200 + 200** + 100) = а2


мұнда а2 - екінші салыстыру нәтижесі;


в) осыдан кейінгі салыстыруларды осылай жасайды және нәтижесінде келесідей теңдеулер алынады:

200 - (100 + 50 + 20 + 20** + 10) =а3


200** - (100 + 50 + 20 + 20** + 10) =а4
100 - (50 + 20 + 20** + 10) =а5
50-(20 + 20**+10)=а6
20-(10 + 5 + 2 + 2** + 1)=а7
20**- (10 + 5 + 2 + 2** + 1) =а8
10-(5 + 2 + 2** + 1)=а9
5-(2 + 2** + 1)=а10
2-(1 + 1**)=а11
2**- (1 + 1**)=а12
1+1**=а13

Он үш салыстыру нәтижесінде отыз белгісізі бар отыз теңдеуден тұратын жүйе алынды. Осы жүйені шешу арқылы жиын кірлерінің массаларының шынайы мәндері анықталады. Шынайы мәндерді анықтау қателіктері жанама өлшемдер нәтижелерін өңдеу әдісімен анықталуы мүмкін.


Калибрлеу біздің еліміз де бұрын болған өлшем құралдарын ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырды (ҚР СТ 2.12-2000) [12]. Мемлекеттік метрологиялық қызметтер жасайтын тексеруге қарағанда калибрлеуді, оны білікті жүргізуге жағдайлары бар кез келген метрологиялық қызмет (немесе жеке тұлға) жасай алады. Калибрлеу - ерікті операция және оны сондай-ақ кәсіпорынның өзінің метрологиялық қызметтері жасауы мүмкін. Бұл міндетті жүргізілетін және ММҚ (мемлекеттік метрологиялық қызмет) органдары тарапынан бақыланатын салыстырып тексерудің тағы бір айырмашылығы.
Дегенмен, калибрлеудің ерікті сипаты кәсіпорын-ның метрологиялық қызметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды.
Талаптардың ең бастысы - жұмысшы өлшем құралын ұлттық эталонға міндетті сәйкестендіру. Осылайша, калибрлеу функциясын өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ал егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің қағидалары халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кіреді.
Осы талапты орындау (эталонға сәйкестендіру) басқа көзқарастан да маңызды: өлшемдер - технологиялық үдерістердің ажырамас бөлігі, яғни олар өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өлшемдердің нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі болуы керек, ол мемлекеттік эталондардан бірлік мөлшерлерін беру және заңдылық метрологиялық нормалары мен ережелерін сақтау арңылы ғана жасалынады. Өнімді сатушыға сенімділік беделді ұлттық метрологиялық ұйымдар атынан берілген өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификатпен бекітіледі.
Калибрлеуді енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Батыс елдерінде калибрлеу жұмыстары өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі қажеттілігіне байланысты кеңейіп, дамып отырған. Мұнда салыстырып тексеруге (міндетті функция ретінде) өлшем құралдарының шектелген номенклатурасы жатады. Ал Қазақстанда калибрлеу аспаптардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау процестерін мемлекетсіздендірудің өнімі болып табылады. Осының салдарынан салыстырып тексерудің жалпыға ортақ міндеттілігінің жойылуы калибрлеу функциясының пайда болуына алып келді.
Калибрлеуді объективті енгізуге бәсекелестіктің жоқтығы кедергі жасайды. Мұнда белгілі бір қарама-қайшылық байқалады. Бір жағынан, кәсіпорындар заңға сәйкес өздері өлшем құралдарын калибрлеуді жүргізу құқығы бар және калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқықтарына аккредиттеудің білікті органдарында аккредиттелгісі келмейді (бәсекелестік жоқ кезінде). Екінші жағынан, мемлекеттік эталоннан қол үзу өлшем нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін жоғалтуға әкелуі мүмкін екендігін кәсіпорындар түсінеді.
КҚЖ-і мынадай қағидаларға негізделеді: ерікті кіру; өлшеудің жұмысшы құралдарының, мемлекеттік эталондарынан бірлік мөлшерлерінің міндетті берілуі; КҚЖ субъектілерінің көсіпқойлығы және техникалық біліктілігі; өзін-өзі ақтау.
КҚЖ-не кірудің негізгі себебі тұтынушылардың өнімнің сапасының көрсеткіштеріне сенімділік дәрежесінің өсуіне тырысуы болуы керек. Бұл үдерісті сондай-ақ, калибрлеу ұйымдарын да қамтитын елдегі даму үстіндегі сынақ жүргізу лабораторияларын аккредиттеу жүйесі ынталандырады. Сонымен атар, КҚЖ-не мүшелікті калибрлеу қызметін аңпараттың қамсыздандыру қамтамасыз етеді.
КҚЖ-нің субъектілері болып мыналар табылады:
• шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағынатын эталондарды пайдалану арқылы өлшем құралдарын калибрлеу құңығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;
• мемлекеттік-ғылыми метрологиялық орталықтар (Қазаңстанның Мемстандартының метрологиялық институттары) және өлшем құралдарын калибрлеу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу құқығы бар КҚЖ-де аккредиттеуші орган ретінде тіркелген Мемлекеттік метрологиялық қызметтің органдары;
• КҚЖ қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша функцияларды атқаратын метрологиялық қызметтің ҚҒӘО;
• КҚЖ-нің кеңесші органы - КҚЖ қызметінің тех-никалық саясатының мәселелері бойынша КҚЖ-ң ор-талық органының шешімдер жобаларын қалыптастыру және талқылау үшін Қазақстанның Мемстандарты құрған КҚЖ Кеңесі.
КҚЖ Кеңесінің мүшелері бола алады: аккредиттелген метрологиялық қызметтердің басшылары, аккредиттейтін органдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының және кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу институттары мен бірлестіктердің, сондай-ақ басқа да КҚЖ-не қызығушылықтары бар қоғамдар мен бірлестіктердің өкілдері. КҚЖ субъектілерінің барлық қызметі келісімшарт негізінде жасалынады. Аккредиттелген метрологиялық қызметтерге қойылатын талаптардың орындалуын бақылауды осы метрологиялық қызмет орналасқан аймақтағы Мемлекеттік метрологиялық қызмет органы жүзеге асырады [14,15, 16]. Сонымен қатар аккредиттеу органы қойылатын талаптарға өзінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит және ревизиялар жүргізіп отырады.
Өлшем құралын калибрлеудің құқықтық негіздері ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның 20-бабымен анықталады. Заң калибрлеудің қолдану ше-караларын белгілейді: тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығарылған кезде, имрортталған кезде пайдаланған, жалға берген және сатқан кезде калибрлеуге ұшырайды. Заң заңды тұлғалардың мүдделі лабораториялық қызметтері калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттелуі мүмкін екендігін белгілейді. Аккредиттеу тәртібін Қазақстанның Мемстандарты белгілейді (ҚР СТ 7.4 - 2000). Заңның осы ережесін жүзеге асыру мақсатында келесідей құжат жасалынған: «ГСИ. Заңды түлғаларды калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттеу тәртібі». Бұл құжат мыналарды белгілейді:
• аккредиттейтін органдарды тіркеу тәртібі, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу және оларға қойылатын талаптардың тәртібі;
• аккредиттелген метрологиялық қызметтерді бақы-лау нысандары, аккредиттеу аттестатын жарамсыз ету тәртібі, КҚЖ реестрін енгізу ережелері.
Калибрлеуаралық интервал деп күнтізбелік уақыт аралығы айтылады, осы уақыт өткеннен кейін өлшем құралы оның техникалық жағдайына қарамастан калибрлеуге бағытталуы керек. Осыған ұқсас салыстырып тексеруаралық интервал түсінігі бар. Калибрлеуаралық (салыстырып тексеруаралық) интервалдардың үш түрі бар:
• бірінші түрі - өлшем құралының осы түріне нормативтік құжаттардың негізінде белгіленетін, осы түрдегі өлшем құралдарының барлығына ортақ интервал. Бұл жағдайда сынау нәтижелері бойынша өлшем құралының түрін бекіткен кезде калибрлеуаралық интервал ҚР Мемстандартымен анықталады;
• екінші түрі - берілген түрдегі өлшем құралын ұйымдар мен кәсіпорындарда пайдаланудың нақты жағдайларына сәйкес белгіленген интервал. Егер бекітілген интервал нормативтік құжаттарда көрсетілген өлшем құралының осы түріне сәйкес келмесе, оның шамасын Мемстандартпен немесе оны аккредиттеген ведомстволық метрологиялық қызметпен келісу керек. Мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшем құралдары үшін калибрлеуаралық интервал заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің шешімімен анықталады;
• үшінші түрі - маңыздылығы жоғары өлшеу операцияларына арналған өлшем құралдарының калибрлеу-аралық интервалы. Мысалы, атомдық электростанцияларының апатсыз жұмыс істеуімен байланысты өлшеулерге арналған. Индивидуалды интервалдар екінші ретті және разрядты эталондар үшін де қарастырылған.
Интервалдардың үшінші түрі елшем құралдарын пайдаланудың күнтізбелік уақытын ескерумен байланысты, өйткені олардың құрамдас бөліктерінің ескіруінен қателер көбейеді, сол себепті тексеруаралық интервал қысқартылған. Тексеруаралық интервалдың барлық түрлеріне ортақ болып өлшем құралдарының метрологиялық істен шықпауының көрсеткіштерін есептеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет