Тақырыбы: Автоматтандырылған жобалау жүйесі (ажж) Кіріспе



бет15/17
Дата02.01.2022
өлшемі50.43 Kb.
#452927
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
лекция

Техникалық жоба. Бұл кезеңде АЖЖ жөнінде толық көрініс беретін ақырғы жобалық шешімдерді қабылдау. Жұмыстар бес сатылық тізбекпен жүреді:

  1. Жалпы жүйелік сұрақтар бойынша ақырғы шешімдерді қабылдау.

  2. АЖЖ-нің қамтамасыз ету түрлері бойынша шешімдерді әзірлеу.

  3. Жоба-сметалық құрылыс құжаттарын әзірлеу.

  4. Қамтамасыз ету түрлерінің байланысы бойынша шешімдерді келістіру.

  5. Тапсырыс құжаттарын дайындау.

Жұмысшы құжаттары. Бұл кезеңде АЖЖ-нің функционалды және технологиялық есептерін шешетін қолданбалы бағдарламаларды әзірлеу және жүйені дайындау, іске енгізу және қызмет жасау үшін жеткілікті барлық құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Серияға енбейтін құрамдастарды дайындау. Бұл кезеңде АЖЖ-нің техникалық тапсырмада көзделген жобалық процедураларды орындауды қамтамасыз ететін жұмысқа қабілетті жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені (ЖАҚК) құрылады. Келесі жұмыстар орындалуы тиіс:

Іске енгізу. Бұл кезеңде АЖЖ-нің өнеркәсіптік қызмет жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету, жүйенің нақты техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау, техникалық тапсырма және нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Келесі сатылардан тұрады:

  • АЖЖ-нің тәжірибелік қызмет жасауын жүргізу;

  • қабылдау сынақтарын жүргізу;

  • қабылдау сынақтарында айқындалған ескертулерді жою;

  • АЖЖ-н өнеркәсіптік қызмет жасауға қабылдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет