Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет6/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит

Рефлекстер
Терең рефлекстер (сіңір және периостальдық).
Карпорадиалдық рефлекс- кәрі жіліктің шыбығын балғамен ұрғанда қол шынтақтан иіліп,рефлекс доғасы жұлынның бесінші және сегізінші мойын сегменттері деңгейіне барып тоғысады.
Табан рефлексі- табанды тітіркендіргенде, бақайлар жиырылады.
Аяқ ұшы патологиясының рефлекстері
Бабинский рефлексі – табанды тітіркендіргенде улкен бақай баяу жазылады да,басқалары тармақтанады.
Оппенгейм рефлексі – жіліншік суйегін бас бармақпен сипағанда улкен бақай жазылады.
Гордон рефлексі балтырды қысқанда улкен,бақай жазылады.
Россолимо рефлексі – аты жоқ бақай мен кішкене бақайдың жұмсақ етін қысқанда,бақайлар тез жұмылады.
Бехтерев рефлексі – II-V аяқ ұшы устінен балғамен тықылдатқанда,аты жоқ бақай мен кішкене бақай тез бүгіледі.
Клонустар
Қорғаныш рефлекстері – бақайларды шанышқанда, шымшығанда, оқыс жұмғанда, сал болған аяқ өз бетімен бүгіледі. Мұның жұлынның автоматтық рефлексі деп атайды.
Патологиялық синкинезиялар
Жаппай қосыла қозғалу. Дәрігер сырқатқа қолын ұсынып,қатты қысуды сұрайды. Осы мезетте сл болған қол бүктеліп,денеге жақындай береді және сал болған аяқ жазылады.
Уйлесімді қосыла қозғалу. Шалқасынан жатқан сырқат сал болған аяғын тізесінен бүккісі келеді. Дәрігер тізеден ұстап, аяқты бүктірмеуге тырысады. Міне, осы кезде аяқ ұшы және улкен бақай уйлесімді турде жазылады.
Жалған қосыла қозғалу. Сал болған аяқ немесе қол сау аяқ-қолдың қимылын қайталайды (алақанды жұму және жазу т.с.с.).
Сезімділік жуйесі (сферасы)
Ласег симптомы – дәрігер шалқасынан жатқан сырқаттың аяғын жоғары қарай тік көтереді, бұл әрекетті сырқат шыдағанға дейін тоқтатпайды. Мұны Ласегтің алғашқы фазасы деп атайды. Сырқаттың белі мен сегізкөзі ауыра бастағанда,қимыл тоқтатылады. Одан кейін аяқты тізеден бүккенде, ауру жеңілдейді немесе жоғалады. Ласегтің 2-ші фазасы деген осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет