Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет8/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит

Психиканы тексеру
Сырқат адамның санасын:айқын,куңгірт,самарқау т.с.с.
Туйсінуі:жалған елес (көз алдындағы елес,дыбыс елестері,иіс елестері т.с.с.)
Ойлау қабілеті-тежелген, мулде шапшаң, өшігу, сандырақтау, өз жағдайын бағалай білмеу.
Ықыласы-орнықты немесе устірт.
Зердесі-таяудағы немесе көп уақыт бұрын өтіп кеткен есте ұстауы немесе ұстай алмауы. Конфабуляциялар.
Парасаты-жасына, біліміне, әлеуметтік жағдайына сай немесе сай емес.
Көңіл-куйі – бірдей, куйзелген, еңсесі басылған, көтеріңкі, шаттану устінде.
Уйқысы- тез уйықтап кету мерзімі, уйқысының ұзақтығы, тиянақтылығы.
IV. Кіріспе нұсқау және өзіндік жұмысы.
Студенттерді 2 адамнан топқа бөлемін, оларға өз –бетімен жұмыс істеудің мақсатын түсіндіріп, науқастар алдындағы жауапкершілікті, этика және деонтология ережелерін сақтау керектігін ескертемін.
Студенттер ауру схемасын қолдана отырып науқасты жан-жақты сұрастырып мәліметтер жинайды. Науқастың шағымын, қай уақытта пайда болғанын, неге байланысты екенін, науқастың ауруының даму тарихына көңіл бөледі, науқастың өмір баян тарихын сұрастырады.
Тері, есту, көру, иіс және дәм сезу анализаторларының қабылдау деңгейін тексереді. Жоғары ми қызметін, қимыл әрекетті, сезімділікті, вегетативті жүйке жүйесінің қызметін зерттеу тәсілдерін жүргізеді.
Студенттер клиникалық оқу бөлмесінде оқытушының алдында науқас туралы жинаған мәліметтерін айтып береді. Студенттер тексеру кезіндегі өзгерістерге сүйене отырып болжамалы алғашқы диагноз қояды.
Практикалық дағдылар тізімі:
-Шағымдарын, анамнезін жинау
-бас сүйек-ми нервтерін, қимыл әрекетін тексеру
-рефлекстерді анықтау
Ауру тарихының кестесі

1.Науқастың аты-жөні
2.Жасы
3.Жанұя мәліметтері
4.Мамандығы
5.Мекен – жайы
6.Клиникаға түскен күні

Шағымдары.
Бұл бөлімде науқастың клиникаға түскен күнгі негізгі шағымдары жазылады.

Аурудың даму тарихы
Бұл бөлімде аурудың басталуын, аурудың дамуын бірінші күннен бастап дәрігерге қаралғанға дейінгі уақытты, қай емдеу және алдын – алу мекемелерінде қандай ем берілді, олардың нәтижесі туралы толық жазылу керек.

Науқастың өмірбаян тарихы
Бұл бөлімде науқастың туған күнінен бастап осы ауруханаға түскен күніне дейін қысқа биографиялық мағлұматтарды хронологиялық тәртіппен жазады: туған жері және жанұясы, сәби кезіндегі дамуы, балалық шағы, мектептегі кезі, өз бетімен еңбектенуі және еңбек анамнезі.
Етеккірі, тұрмыс құруы, жүктілік, босануы, түсіктер, күйеуі туралы мағлұмат (немесе әйелі туралы мағлұмат).
Басынан өткен аурулары.
Соңғы жылдардағы еңбек ету орны мен тұрмыс жағдайы:
1.Еңбек ету жағдайы, тәртібі
2.Тұрмыс жағдайы
3.Тамақтану, оның қалыптылығы
Зиянды әдеттері.
Тұқымқуалаушылдық, мерез, психикалық аурулар, зат алмасу аурулары, гемофилия, туберкулез, қатерлі ісіктер, алкоголизмнің тұқымында ауырған адам бар болды ма екені туралы мағлұматтар жинау қажет.

Науқастың жалпы жағдайы:
Жалпы қарау.
Науқастың жалпы жағдайына баға беру: қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр.
Дене қызуы.
Есі: ашық, ашық емес, ступор, сопор, кома.
Беті мен шашын қарау.
Науқастың төсектегі қалпы: активті, пассивті, мәжбүрлі.
Дене бітісі, конституциясы, бойы, салмағы, жүрісі.
Терісі және көрінетін кілегейлі қабықтары: түсі (бозарған, сарғаю, қызғыш, көгеру, сұрғылт), пигментация, депигментация, тырнақ ізі, геморрагия, тыртықтар, бөртпелер, ксантомдар, дымқылдығы, эластикалығы. Теріасты майы, оның дамуы: қалыпты, әлсіз, артық.
Ісік: мінездеме, орналасуы, таралуы – орнықты, жалпы.
Лимфа бездері: жақ асты, мойын, бұғана асты, бұғана үсті, қолтықасты, шап, шынтақ бездері. Олардың үлкейген көлемі, консистенциясы, ауыруы, олардың терімен немесе бір-бірімен өсуі.
Бұлшықет: даму сатысы – қалыпты, әлсіз, жақсы.
Буындар: конфигурациясының өзгеруі, ісінуі, ауыруы, активті және пассивті қозғалуы кезінде сықырлауы.
Сүйіктер: деформациясы, сипау кезінде ауыруы, қол-аяқ саусақтарының шеткі буындарының қалыңдауы (барабан таяқшалары).
Тырнақтар жағдайы (сынғыштығы, сызықтар, «сағат әйнегі»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет