Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет3/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит

Тәжірибелік іс-дағдылар


Жалпы милық симптомдар
Бастың ауруы (белгілі бір жерінің ауруы, сипаты, қаншалықты ұзақ ауыратыны).
Бас айналуы (сипаты, ұзақтығы, бастың және дененің байланысы).
Құсу (жиілігі, тамақ ішуге, бас айналуға, бастың ауруына, бас пен дененің қалпына байланысы).
Тамырдың соғуы (брадикардия, тахикардия, аритмия).
Тыныстың бұзылуы (Чейн-Стокч аритмиясы, Биота, Куссмауль ырғағы).
Көру нерві үрпінің іркілуі.


Бас суйек-ми нервтері
І жұп – иіс сезіну нерві. Иіс шығаратын заттардың (хош иісті шөп, валериана, камфора, әтірлер) көмегімен тексеріледі. Нәтижелері: Иісті жақсы сезеді, нашар сезеді (гипосмия), сезбейді (аносмия), кушейтіп сезеді (гиперосмия), бұрмалап сезеді (дизосмия), сырқатқа әр түрлі иістер сезілгендей болады.
ІІ жұп – көру нерві. Сырқаттың айтуынша:жанары әлсіреген, көзінің алды тұманданған, көз алды ұшқындап, шыбын-шіркей ұшып жүргендей түрлі түстер елес береді. Көздің көргіштік мөлшерін Сивцев кестесінің көмегімен тексереді. Қалыпты жағдайда (1,0), көргіштігі төмендеген (амблиопия), мулде көрмейді (амовроз).
Көз аясының кеңдігін периметрмен өлшеп, нәтижесі сызба турінде жазылады. Егер көру нерві зақымданған болса, көз аясы тарылады, көз аясының кейбір тұстары көрінбейтін болса-скотома, көз аясының жарты бөлігі көрінбейтін болса-гемианопсия (гомонимдік және гетеронимдік).
Көздің жарық сезгіштігі, түс айырғыштығы түрлі түсті арнайы кестенің көмегімен тексеріледі. Түстерді мүлде айыра алмаса- ахроматопсия, жекелеген тустерді айыра алмаса- дисхромотопсия, қызыл және жасыл түстерді айыра алмаса-дальтонизм болғаны.
Көздің түбін офтальмоскоптың көмегімен зерттейді.
III,IV,VI жұптар – көз алмасын қозғайтын,шығыр,әкеткіш нервтер. Сырқат алдындағы нәрселердің қосарланып көрінетіндігін айтады (диплопия). Мұндай сырқатты қарағанда көздің ені мен бірдейлігіне, көз алмасының дұрыс орналасуына (қылилығына немесе басқа ауытқуына (,қарашақтың көлеміне және екеуінің бірдейлігіне (миоз,мидриаз,анизокория) назар аударылады. Бұдан кейін көз алмасының оңға және солға, жоғары, төмен қаншалықты қозғалатындығын және қозғалып тұрғанда дірілдейтіні, кідіріп қалатыны байқалады.
Қарашықтың жарық әсеріне реакциясы (тікелей немесе жанама), конвергенциясы мен аккомодациясы тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет