Тақырыбы: «Омыртқалылар зоологиясы» электрондық оқулығын жасақтау



бет3/5
Дата04.05.2023
өлшемі1.12 Mb.
#473186
1   2   3   4   5
СББРЖ жоба үлгі

1.2. Практикалық бөлім

«Омыртқалылар зоологиясы» тақырыбында электрондық оқулық жасақтау

Ең алғаш сілтеме бойынша бағдарламаны ашқан уақытта оған тіркелу керектігін айтып хабарлама шығатынын 1-суретте айтып кеттік. Енді одан әрі кірген уақытта біздің электрондық оқулығымыздың мазмұны шығады.




2-сурет –Электрондық оқулық мазмұны.

Бұл электрондық оқулық болғандықтан, көріп тұрғанымыздай мазмұн тақырыптарының асты сызылып, өзі сілтеме белгісімен боялып тұр. Яғни, бұл тақырыптарды басқан уақытта бірден оқушы сол сабаққа өте алады.


Бұл бағдарламалық жүйенің бір жақсысы, онда сынып оқушылары бір бірінен жарысып, ұпай жинап оқи алады. «3-сурет»-те көрсетілгендей тапсырманың өту пайызы көрсетіліп тұрады. Әзірге ол 0 пайыздық нәтижені көрсетіп тұр. «Омыртқалы жануар» тақырыбы бойынша 3 негізгі тақырыптың өзектілігін ашатын тапсырмалар мен теориялар, ақыр соңында тест тапсырмалары көрсетілген. Оларға анық назар аударып, ашып қарайық.


3-сурет –«Омыртқалы жануар» тақырыбы.

Байқап тұрғанымыздай әрбір тапсырма астында «мәтін», «сурет», «мәлімет», «видео ролик», «тест» сияқты белгілер тұр. Осы жерден оқушы әрбір тапсырмада не күтіліп тұрғанын біле алады. «Мәтін» мен «сурет» тұрса, онда тапсырмада теориялық бөлім мен қосымша суреттер кездесетіндігін мәлімдейді. Біз оны «4-сурет»-тен байқай аламыз.


Бұл бағдарлама тиімділігі «сурет»-тер кіші болып тұрса, үлкейтіп көрсетугемүмкіндік бар. Соңында оқушы бұл тақырыппен танысып болғаннан кейін, жанында тұрған «келесі» батырмасын басу арқылы, екінші сабаққа өте алады.


4-сурет – «Омыртқалы жануар» тақырыбының бірінші сабағы.

4-суретте тақырып бойынша 2 – тапсырмада видео ролик көрсетуге мүмкіндік болды.




5- сурет–«Омыртқалы жануар» тақырыбының екінші тапсырмасы.

6-суретте оқушыға түсінікті болу үшін жаңа теориялар түсіндіріліп өтілді. Бұл жерде электрондық оқулықта қосымша слайдтар мен вордтық жұмыстар еңгізілген. Ең соңында «өзіңді тексеру» жұмыстарын жүргізу үшін тест тапсырмалары келтірілген.



6-сурет –«Омыртқалы жануар» тақырыбының екінші тапсырмасы.

7-суретте көріп тұрғанымыздай, оқушы өзінің орындаған жұмыстарын еңгізе алады. Соңында «завершить урок» батырмасын басу арқылы, сабақ барысы бойынша бүкіл тапсырманы орындап бітеміз.




7-сурет –«Өзіңді тексеру» тест тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет