Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе



бет17/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

Табиғи танымдық серуендеу соқпағы, ұзындығы 4-8 шақырымға созылады. Бұл маршрут қала және курорттық демалыс орталықтарының маңынан өтеді. Көбіне жылдың жылы кезеңдерінде ұйымдастырылады. 3-4 сағаттың жаяу жүріп аралатылады да демалушыларды топ жетекшісі табиғат ерекшеліктерімен, мәдени - тарихи ескерткіштерімен таныстырады.
Танымдық туристік соқпақ. Оның ұзындығы бірнеше ондаған шақырымнан бірнеше жүздеген шақырымға жетеді. Бұл танымдық – туристік соқпақтар халық санының тығыздығы аз белсенді демалыс аймақтарының және сонымен қатар қорықтар мен ұлттық табиғи бақтардың жақын маңдарынан өтеді. Қоршаған табиғи ортамен, мәдени және тарихи ескерткіштермен танысу, адам баласының табиғатқа тигізетін әсерін бағалау, алған экологиялық білім мен тәрбиені тәжірибе жағдайында қолдану және үйрену.
Танымдық - серуендеу және танымдық туристік табиғи соқпақтар негізінен ғылыми - ақпараттық құндылығы жағынан экологиялық, ботаникалық, географиялық болады
Оқу экологиялық соқпақ. Мұндай соқпақтар қаланың рекреациялық зоналарынан бақтар, орман бақтары, елді мекендердің жасыл - желекті зоналарынан өтеді.
Бұл табиғатты арнаулы оқытуға мақсатталған негізгі келушілер оқушылар мен білімгерлердің ұйымдасқан топтары ұзындығы 2км –ден аспауға тиіс соқпақтардан өтеді.
Оқу экологиялық соқпақтар, бірінші кезекте, әртүрлі оқу орындарында оқитын келушілерге: мектеп, училище, колледж және жоғары оқу орындарының білімгерлеріне арналған. Маршрутты ұйымдастырудың артықшылығы оқытушы – педагог немесе экскурсия жетекшінің басшылығында болады. Жол сілтегіш бағаналарға және ақпараттық қалқандарға қарай отырып, соқпақты өз бетімен жүріп өтуге болады. Рекреация зонасына кіргенде, сол жердің жалпы картасымен сызба нұсқасын ілу керек [36].
Табиғи оқу экологиялық соқпақты салу – көрсетілетін табиғат объектілерінің әр түрлілік және ақпараттық нысандарына негізделеді, ал олардың келушілерге әсер етуі экскурсия жетекшісінің бақылайтын фактілерді сенімді әрі қызықты етіп баяндау тікелей экскурсия жетекшісіне байланысты. Мысалы Қырғыз Алатауын алайық. Қырғыз Алатауында орындалатын негізгі мәселелер, бұл – табиғи оқу экологиялық соқпақтардың тиімді етіп жүргізілуі және көпшілікке білім беру проблемасының шешілуі.
Оқушылар үшін табиғат аясында болу олардың бойында экологиялық білімді тереңдете түсуге мол мүмкіндік береді. Олар осы арқылы сыныпта оқыған, көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздерімен көріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Экологогиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне – мектеп жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақтар, зоопарктер мен табиғи және тарихи ескерткіштер т.б. жатады.
Жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап табиғатты қорғауға, табиғат аясында өзін қалай ұстау қажеттігіне баули білу қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Қорыта айтқанда, оқушылардың пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін мектептен және сыныптан тыс тақырыптық кештер, конференциялар арқылы тереңдетуге ерекше көңіл бөлінеді. Оқушыларға экологиялық білім берудің бүгінде зор мәнге ие болып отырғаны белгілі. Сондықтан, бұл бағытта жұмыс жасау кезек күттірмес мәселе. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын ұтымды ұйымдастыру біріншіден уақытты мүмкіндігінше тиімді пайдалануға септігін тигізсе, екіншіден оқушылардың әрбір сабаққа қызығушылығын, ынта-ықыласын, пәндердің өзара байланыстылығын білуге құштарлығын арттыруға көмектеседі. Соның нәтижесінде оқушылардың жан-жақты әрі сапалы тиянақты білім алуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет