Таланттар



бет21/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
Таланттар

ШӘКІРТТЕН ҮЙРЕНУ

Шәкірт пен мұғалімнің өзара байланысы бір-ақ жақты болса, яғни үйретуші – тек қана мұғалім, үйренуші жақ студент болып қалса, мұғалім тез сарқылып қалар еді. Мұғалімнің жан сарайын байытып отыратын бұлақтың бірі - шәкірттің өзі.


Сол себептен де студент айтқан қызық әңгімеге, бұрын естімеген қызық сөзге құлақ түремін. Одан айтушының көзқарасы, мінезі, талабы байқалады. Тіпті қуана-қуана қойын кітапшаға өздерінің көзінше жазып аламын. Реті келгенде, «Мынау пәленшенің аузынан шыққан сөз!» – деп келесі курстың студенттеріне айтып отырамын. Бұл – алдыңдағы студент бағынышты біреу емес, бәріміз бірігіп жасап жатқан Оқу дейтін үлкен бір шығармашылық еңбектің біргелесі деп қарауға үйретеді. Мына бір әдемі жұмбақты Нұржан айтқан:

Тамар тамшы жерге жетпес,


Қамар белбеу белге жетпес.

Шешуін таба қою оңай емес: Сырға мен білезік. Қасиетті жеті саны туралы Бөкенбайдың пікірі: «Жеті санының қасиетті болуы өмір тәжірибесінен туған. Жеті санының өзі «жету, жетілу» ұғымын білдіреді. Баланың ақыл-есі жетіге келгенде ғана жетіледі.


Шала туған бала жеті айлық болса, өмір сүріп кетеді.
Қазақтың «жете», «жеті» сөздері бір түбірден шыққан».
Қалдан айтқан әңгіме:
«Менің әкем – қызық адам. Мектеп бітіріп, оқуға тапсырып жүрген кезім еді. Сынақтан екінші рет өте алмай, үйге қайттым. Вокзалдан түсіп, ауылға қалай жетерімді білмей тұрсам, әкем жүр екен. Қолын алып, амандасып ем:
– Мм, келіп қалдың ба? – деді. – Оқуға өте алдың ба?
– Жоқ...
– Мм, үйге қайтасың ғой. Мына бір темірді ала кетші, – деп қолыма қағазға оралған, мәшиненің бір бөлшегін ұстата салды. Шамасы, жұмысын тоқтатып тұрған бөлшек болса керек. Сөйтті де, кетіп қалды.
Өзі зоотехник болып істейді. Астында «Уазигі» бар. Таңның атысы, күннің батысы қалқоздың тірлігімен жүргенін көресің.
Содан автобуспен кештетіп үйге жетсем, әкем шай ішіп отыр. Бағана-ақ келіпті. Шайын тездетіп ішті де, тағы жұмысқа кетті».
– Ауылға қайтатынын біле тұрып, сені мәшинесімен ала кетпеді ме?
Қалдан мырс етіп күліп жіберді:
– Ала кетпеді. Өзім де түсінбеймін, осындай адам... Бұл әңгімедегі қызықтырған нәрсе – советтік әкімшілдік үкімет жасап шығарған қарапайым адамның мінезі еді. Жарылқаушы үкіметті баянды ету үшін қарапайым адам жасаған еңбек өлшеусіз. Сол жолда өмірін де, денсаулығын да аяған жоқ. Бала-шағасы аштан өліп жатқанда, қалқоздан бір уыс бидай алғаны үшін сотталған ұрпақтың санасында үкімет адам үшін емес, «адам – үкімет үшін» деген ұғым қалыптасты. Жоғарыдан қалай ойлауға бұйырса, тек солай ойла. Басқаша ойлаған адамды бауырың болса да, аяма, сонда жақсы адамсың. Адам «винтик пен бөлшекке» айналды. Осыдан «өз баласын қалқоздың мәшинесіне мінгізіп алып келуге» партиялық ары жібермейтін әкелеріміз туды.
Ең қызығы, адал адамды осыншалық аянышты күйге жеткізген партиялық аппараттың, қылмыс пен сұмдықты өздері жасап жатқанынан хабарсыз едік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет