185
еткомбинаттары мен былғары зауыттарында терілерді өңдегенде бұл
бөліктер алынып, айтарлықтай қалдық массасын құрайды. Жəне де аз
бағалы бөліктермен бірге қалдықтарға бөлікті пішуге пайдалы іргелес
заттар түсу мүмкін.
Жасалынған сызбаға сəйкес пішіндеу кезінде ірі қара малдың
алдынғы бөлігін көз саңылауларымен бірге, сəйкесінше тері
массасының 4,2; 3,1 жəне 5,0% құрайтын артқы жəне алдыңғы
аяқтарының ұштары бөліп алынады.
Шошқа терілерін екі əдіспен пішіндейді. Бірінші əдіспен барлық
теріні алмай, тек оның ең бағалы бөлігін- крупонды алады.
Терінің
қалған бөлігі тушада қалып, тағамдық өнімдерді өндіруде
қолданылады. Екінші əдіспен бүкіл теріні алып, шелдейді, одан кейін
көлемі үлкейген крупонды кесіп алады (бірінші əдіске қарағанда
34-38%-ке крупон көбірек болады).
Кəсіпорындардың территориялық орналасуына байланысты
терілерді əр түрлі əдістермен консервілейді: ылғал тұздау (құрғақ
тұзбен, қатарларды келесі тұздықтаумен),
құрғақ тұздау, қышқылды-
тұзды жəне тұщы-құрғақпен. Əр түрлі əдістермен консервілеу
үрдісінің негізгі кезеңдері 6-кестеде көрсетілген.
6-кесте. Əр түрлі əдістермен консервілеу үрдісінің негізгі кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: