134
пряности, олардан дайындалған экстрактар, сондай-ақ жасанды
ароматизаторлар қолданылады.
Шұжықтардың кейбір жеке түрлерін өндіргенде олардың
құрамына крахмал, ұн (пшеничная),
тауық жұмыртқасы мен
жұмыртқа өнімдерін, кальций жəне фосфат хлоридтерін енгізеді.
Шұжықтарды формаға келтіру үшін, ластанбау жəне массасын
жоғалтпау үшін қолданылатын қабықшаларды жасанды жəне ішекті
табиғи деп бөледі. Ішек қабықшалары шырышты жəне май
қабаттарынан жақсы тазартылған, патологиялық өзгеріссіз болу
керек. Жасанды қабықшалар ақуызды (кутизин, безкозим жəне т.б.),
целлюлозды (вискозды, целлофанды), синтетикалы,
жеуге жармады
(альгинатты жəне пиктинді) болып бөлінеді. Жасанды қабықшалар
берік, эластикалы, ылғал жəне газ өткізгіш болу керек, адгезиялы
қасиеттер жақсы, микроорганизмдерге тұрақты болу керек. Жасанды
шұжық қабықшасының маркировкасына қарап өнімнің түрін, сортын
жəне басқа да көрсеткіштерін анықтауға болады.
Шұжық түріне жəне сортына байланысты
қабықшаның белгілі
бір түрін қолданады. Шұжық батондарының мөлшерін сақтау үшін
жəне тураманы тығыздау үшін шпагат,
жіптер жəне алюминий
скобтар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: