130
Жеңіл тұздалып, чандармен бөшкелерге салынған сан еттерін 7-
10 тəулік
бойы ұстап, артынан оларды пресстейді де, тағы 30-34
тəулікке қояды. Ыдыстан алып, штабельге жинайды.
Пісіп жетілу
ұзақтығы 8-10 тəулік.
Бұлшықет ұлпасын тығыздап, сан етіне белгілі бір пішінге
келтіру үшін пресстейді. Ол үшін сан еттерін терісін төмен қаратып,
екі бөліп жинайды. Бір қабатқа 27 данасын салады: 14 данасын сол
жағына, 13 данасын оң жағына қояды. Қабат ені 90 см.
Бірінші
қабатқа тегіс екі тақтайды қояды, оның қалыңдығы 5 см, ені 30 см,
ұзындығы 420-450 см. Тақталарға екінші қабат сандарды жинайды,
оларды тақтайлармен жабады. Бұл бес қабат болуы тиіс. Штабельді
ауыр жүкпен пресстейді, оның жалпы салмағы 1300-1500 кг.
Бұлай
чандармен жəшіктерде сандарды пресстеуге болады. Сосын сандарды
суға салып қояды. Бір тəуліктен кейін оларды жылы сумен шаяды,
мұқият теріден тазарып, төрт сағатқа сорғытып іліп қояды. Ауа
ылғалдылығы 80% температурада 12-18
0
С болғанда кептіру 10
тəулікке созылады. Қақтау 30-35
0
С-та 3 тəулік, 18-22
0
С-та 5 тəулік,
кебу ұзақтығы – 7-15 тəулік. Дайын өнім шығыны – 70%.
Достарыңызбен бөлісу: