ҚҰтырық ауруы қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі



бет3/4
Дата27.05.2023
өлшемі5.73 Mb.
#474358
1   2   3   4
кутырык

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады:
- біліне бастаған;
- көтерліген;
  • дел*дал.

  • Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақуруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады. Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.

Патологиялық өзгерістер
"Патологиялық өзгерістердің" құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойынындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар болады.
Құтырудың белгілері
Хайуандарда
- Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
- Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
- Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.
  • Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

  • Адамдарда
    - Тістеген жер ауырып, ысиды;
    - Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;
  • Ауырсынып және қиналып жұтынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;

  • Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;
    Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.
    Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет