Түстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V



бет11/18
Дата23.02.2016
өлшемі2.68 Mb.
#3275
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Еңбек нарығы

2007-2009 жылдар аралығында облыс бойынша экономикалық белсенді халық саны 4,7 % өсті және 1132,7 мың адамды, немесе еңбекке қабілетті халықтың 46,6 % құрады. Экономикалық белсенді халықтың басым бөлігі -723,8 мың адам (63,9 %) ауылдық жерлерде тұрды, қалалық жерлерде тұратындар -408,9 мың адам (36,1 %). Облыс экономикасындағы экономикалық халықтың басым бөлігін ер азаматтар құрады – 595,8 мың адам, немесе 52,6 пайызы, әйелдер -536,9 мың адам, немесе 47,4 %.

Жұмыспен қамтылғандар санының 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өскендігі облыстың барлық аумақтарында байқалады. Жалдамалы жұмысшылар санының өскендігі Кентау (8,1%), Шымкент қалаларында (11,0 %), Қазығұрт (16 %), Түлкібас (12,2 %), Төлеби (12,8 %), Ордабасы (22 %), аудандарында орын алды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық үлесі 48,4 % құрады және ол Қазақстанның өңірлері арасында ең жоғары. Мұндай жағдай ауылшаруашылығымен қамтылған халық үлесінің көптігімен және онымен байланысты экономикалық қызметтің көп түрлілігімен түсіндіріледі.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста экономикалық белсенді халық саны 1242,7 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1173,0 мың адамды, жұмыссыздар 67,7 мың адамды құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 553,1 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 47,2 % болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы № 150 қаулысымен іс-жоспары бекітіліп, тиісті шаралар көрілуде. 2015 жылға дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Жалпы, облысқа 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына 9533,9 млн.теңге бөлінді, жылдың қорытындысы бойынша 9390,5 млн. теңгесі (98,5 %) игерілді.

Жұмыссыздар Шымкент және Түркістан қалаларында (тиісінше 32,4 % және 9,6 %), Сарыағаш ауданында (6,5 %) көп.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың 1 қазанына облыстың экономикалық белсенді халқынан 0,1 % құрады. Жасырын жұмыссыздықтың ең үлкен көлемі Шымкент қаласында (1,1 %).

Номиналды жалақының 2007 жылғымен салыстырғандағы өсімі облыстың барлық өңірлерінде байқалады, алайда ол Созақ ауданында ерекше болды (2,6 есе).

Жалдамалы еңбекке ақы төлеудің жоғары деңгейі Шымкент қаласында – 50861 теңге және Арыс қаласында 51637 теңге сақталады. Орта жалақының төменгі мөлшері Ордабасы ауданында 34993 теңге , (облыстық деңгейдің 72 %), Қазығұрт ауданында 36483 теңге (75%), Бәйдібек ауданында – 36188 теңге (74%) қалыптасты.

Еңбек рыногының тапшы қызметкерлері болып табылатындар: билік органдарының және басқармалардың басшылары; энергетика, экология, ауылшаруашылығы ғылымы мен денсаулық сақтау салаларының жоғарғы білікті мамандары, орта техникалық және агротехникалық білім берудің оқытушылары мен шеберлері, техникалық және құрылыс мамандықтарының жұмысшылары.

2013 жылы облыста экономикалық белсенді халық саны 1256,2 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1188,6 мың адамды, жұмыссыздар 67,6 мың адамды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 553,4 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 46,6 % тең болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы № 150 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде, 2013 жылдың 1 маусымындағы формальды секторда істеп жүрген 241,3 мың азаматтың саны 2014 жылдың 1 тамызына 520,0 мыңға жетті.

2015 жылдың соңына дейін, олар 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 2011-2013 ж.ж. аралығындағы мәліметіне сәйкес:



  • экономиканылық белсенді халық саны 4,7 %-ға көбейді (1198,3 мың адамнан – 1255,2 мың адамға - 57,0 мың адамға дейін)

  • жұмыспен қамтылғандар саны 56,0 мың адамға көбейді (1129,8 мың адамнан – 1185,7 мың адамға дейін)

  • жұмыссыз халық саны 1,1 мың адамға көбейді (68,4 мың адамнан – 69,5 мың адамға дейін)

  • жұмыссыздық деңгейі 0,2 %-ға төмендеді (5,7 %- дан - 5,5 %-ға дейін), Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы басқа облыстарымен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында - 5,6 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық саны 787,5 мың адамды құрап отыр. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында - 4,9 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық – 434,1 мың адамды құрап отыр.

  • жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 1,9 %-ға төмендеді (5,3%- дан 3,4%-ға дейін).

  • әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 1,0%-ға көбейді (6,4 %-дан 7,4 %-ға дейін).

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 16 282,6 млн. теңгенің 16 203,8 млн.теңгесі игерілді (99,5 %).

Бағдарламаны іске асыруда 34415 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: 413 жоба іске асырылды. 8553,919 млн.теңгенің 8507,3 млн.теңге (жылдық соманың 99,5 %) игерілді. 3075 жұмыс орындары ашылды, 1827 Бағдарлама қатысушысы жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты бойынша: 2013 жылға 3046,6 млн.теңге бөлінді.

2663 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқуға жіберілді (46,6 млн.теңге жұмсалды). 1348 адамға шағын несие берілді (3098,9 млн.теңгені құрады). 1692 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Үшінші бағыты бойынша: 10103 адам тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

Кәсіби оқумен 10426 адам қамтылды (оның ішінде 7447 адам 2010-2012 жылдардан өтпелі контингент). 4783 адам оқуды аяқтады, 4756 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (99,4 пайыз).

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 984 кәсіпорында 7334 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 6995 адам (95,4 пайыз) тұрақты жұмысқа орналасты. Орташа жалақы 49,4 мың теңге. 1151,0 млн.теңге толығымен игерілді.

Жастар практикасын ұйымдастыру. Жастар практикасын ұйымдастыруға 1651 жұмыс берушілерге 8886 адам жолданды. 917,3 млн.теңге толығымен игерілді. 4960 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Үшінші бағыттың шеңберінде Шымкент қаласында 480 пәтерден тұратын алты көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды (құрылысқа 2011-2012 ж.ж. бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2655,1 млн.тг. құрады).

324 отбасы (987 отбасы мүшелері) Бағдарлама қатысушылары қоныс аударды. Еңбекке қабілетті жастағылары 419 адамның ішінде 196 –сы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның іске асырылу нәтижесінде облыста жұмыссызды

қтың деңгейі 5,5%, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға төмендеді.


Халықтың тұрмыстық деңгейі

2007-2009 жылдары аралығында тұрғындардың жанбасына шаққандағы орташа табысының артуы тұтас облыс бойынша да және оның барлық әкімшілік аумақтарында байқалды. 2009 жылы бір тұрғынға шаққанда ақшалай табыстың жоғары деңгейі Шымкент қаласында (23239 теңге), Арыс қаласында (18202 теңге), Созақ ауданында (36353 теңге) тіркелді. Ал табыстың төменгі деңгейі Қазығұрт ауданының (13955 теңге), Сарыағаш ауданының (13949 теңге) тұрғындарына тиесілі, бұл аумақтардағы табыстың мөлшері облыстық орта көрсеткішке салыстырмалы қатынасы тиісінше 79 % құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы орташа айлық номиналды жалақы - 48551 теңгені, ал ең төмен күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері тұрғындардың жанбасына шаққанда - 11184 теңгені құрады, демек жалақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 58,5 %, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің 2006-2008 жылдардағы Жолдауларына сәйкес халықтың өздігінше кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндіктері жоқ аса мұқтаж санаттарына атаулы көмек көрсетуге басым көңіл бөлінді. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау іске асырылды. Осы мақсаттарға 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 49,9 % артты. Нәтижесінде 48,6 мың адам 359,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 18,8 мың отбасыға 484,9 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2008 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген отбасыларды қамту тиісінше 35,8 %а және 96,9 % өсті.

2013 жылы 4,3 мың адам 35,0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 6,4 мың отбасыға 149,5 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген алушылардың саны тиісінше 62 % және 14,7 % төмендеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 2009 жылы 8,1 % өсті және айына 3427 теңгені құраса, 2013 жылы жан басына шаққандағы жиынтық табысы 5,1 % өсті және 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда айына 4997 теңгені құрады. Әлеуметтік саясаттың тағы бір басымдығы – ана мен баланы қорғау. 2006 жылы балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі ендірілді, оған басқа жәрдемақылармен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосылды (1 айлық есептік көрсеткіш). 2009 жылы 18 жасқа дейінгі 216,5 мың балаға 2475,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 662,5 млн. теңге – республиканың бюджеттен нысаналы трансферт, оның өзі 2008 жылмен салыстырғанда 37,6 % артық. 2008 жылмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 22,4 % артты.

2013 жылы 18 жасқа дейінгі 259,5 мың балаға 2191,9 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді. Бұл 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 11,3 % артты.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2009 жылы - 27 отбасыға 11,3 га жер телімдері берілді, 188 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 520 үй малын сатып алды, 2013 жылы 6 отбасыға 0,8 га жер телімі берілді, 10 отбасы демеуші есебінен және жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 13 үй малын сатып алды.

Әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша қолдаулар көрсетілуде. 13 әлеуметтік дүкен арқылы 3000 азаматқа, 81 сауда нүктесі арқылы 1627 азаматқа бағасы арзандатылған азық – түлік берілді, 9 әлеуметтік дәріханадан 138 адам арзандатылған дәрі – дәрмек сатып алды, 6239 азаматқа негізгі азық –түлік түрлерінің қымбаттауына байланысты 9861,5 мың теңге өтемақы төленді.

Сонымен бірге, 2008 жылмен салыстырғанда бірде – бір жұмыс істеушісі жоқ отбасылар үлесінің азайғанына қарамай, 2009 жылы аталған отбасылардың жоғарғы деңгейі әлі де сақталып отыр, олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 40,3 пайызын немесе 3800 отбасын құрады. Бұның өзінде, көп уақыт бойы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 2667 отбасын немесе 28,3 пайызды құрады.

Адамның даму жағдайының жақсаруына ардагерлерге, мүгедектерге және басқа азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де жатады.

2013 жылы облысымызда 39,6 мынан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, оның ішінде 1492 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай–ақ 113 мыңнан астам көпбалалы аналар (2008 жылғыдан 5,47 пайызға артық) және 80 жастан асқан 603 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Облыста 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа номиналды айлық жалақы – 78380 теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда (74964 теңге) 4,6 % өсті және ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінен (17342 тенге) 4,5 есе жоғары болып, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2014 жылы облысымызда 36 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, (бұл 2011 жылдан 3 мың адамға кеміген) оның ішінде 584 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай –ақ 156 мыңнан астам көпбалалы аналар (2011 жылғыдан 6,8 пайызға артық) және 80 жастан асқан 547 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Оңалту және медициналық - әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда 2009 жылы 2 мыңнан астам адам, 2014 жылы 2984 адам мемлекет қамқорлығына алынған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында облыста аудандық, қалалық әкімдіктерде әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілерін паспорттау жүргізуге арналған жұмыс топтары құрылды.

Нәтижесінде 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға паспорттау жүргізіліп, оның 3316-сы бейімдеу керектігі анықталды.


Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беруге теңдей қолжетімділік қамтамасыз етілмеген. 2010 жылдың 1 қыркүйегіне мектепке дейінгі 345 мекемеде мектепке дейінгі жастағы 34278 бала тәрбиеленуде, облыста мектепке дейінгі мекемелер мен балаларды қамту 21,4 % құрады. Қазіргі кезде (1 тамыздағы жағдаймен) мектепке дейінгі 1323 мекемеде (2013 жылы – 1256 мектепке дейінгі мекеме) 1-6 жастағы 137666 бала тәрбиеленуде (2013 жылы – 132983 бала). Оның ішінде 3-6 жастағы бала-124100 «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы балаларды қамту 68,5%-ды құрайды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2009 жылы 76 % құрап, 2015 жылы 100 % жеткізу жоспарлануда.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2013 жылы білім беру мекемелерінде 2012 жылмен салыстырғанда 23,5% кеміген, 68,5% құрады. Демографиялық болжауға сүйенсек оқушылар санының өсуінде тұрақты тенденция байқалады. Егер 2002 жылы ОҚО жыл сайын 46 мың бала туылса, 2009 жылдары жылына 72 мың бала, 2011 жылы 77319 бала, 2012 жылы 77601 бала, 2013 жылы 78233 бала дүниеге келді. Бала туудың өсуі бала бақшаларда орын жетпеуіне әкеліп соғады. 2014 жылы 184588 бала үйде тәрбиеленуде.

Жалпы, облыс бойынша 65 мыңнан астам бала, 2014 жылы 88559 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алуға кезекте тұр, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 10392-ге көп.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы туындаған осы жағдай жағымсыз құбылыстарды жеңу жүйесінің қажеттілігін, түбегейлі ұйымдастырушылық, құрлымдық өзгерістерді, жоғары дамыған елдердің озық тәжірбиелерімен республикамыздың заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына сай мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және білім беру мазмұнын жаңартуды қажет етеді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 12372 педагогтар еңбек етуде, олардың 17,2 % жоғары және бірінші санатты ұстаздар.



Орта білім

Орта білім саласында төмен материалдықтехникалық, оқу-әдістемелік базамен байланысты, сонымен қатар оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңарту қажеттілігіне байланысты мәселелер орын алуда.

2010 жылдың 1 қыркүйегіне облыста 1021, 2014 жылдың 1 тамызына 1022 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеуде, ол жерде 524,5 мың, 2014 жылы 576,918 мыңға жақын оқушы оқуда, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 5 мектепке және 33,4 мың оқушыға артық. Мектептердің жалпы санынан 2011 жылы - 48,6%, 2014 жылы - 61,2% (2011 жылы - 53,9%) типтік ғимараттарда, 2010 жылы - 51,3%, 2014 жылы.- 38,7% - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан (2011 жылы - 46%), 2010 жылы - 62, 2014 жылы - 48 мектеп апаттық жағдайда ( 2011 жылы - 62).

2010 жылы - 17 мектеп, 2014 жылы - 28 мектеп (2013 жылы - 37) 3 аусымда оқиды. Білім саласының негізгі проблемасы - апатты және ыңғайланған саман мектептерді жою. Мектептердің негізінен өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары салынғанын есепке алсақ, бүгінгі күні бұл мектептер толығымен ескірген, жыл сайын апатты мектептер саны өсуде, жылына орташа есеппен апатты мектептер саны 10-15 бірлікке көбеюде.

Жаңа модификациялы физика кабинеттерімен 54,7 %, биология кабинеттерімен 31%, ЕМК – 57,9 % негізгі және орта мектептердің тек қамтылған.

Әрбір 5 мектеп мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Мектеп асханасының жабдықтары мен құралдарының тозуы 80 % құрайды. 47,5 % мектептердің спортзалы жоқ.

Мемлекеттен қаржыландырылатын арнайы автобустармен оқушыларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

Осының барлығы орта білімнің 12 жылдық моделін енгізу мерзімін кейінгі қалдырудың себебі болды.

Білім жүйесінің бір көрінісі шағын жинақты мектептердің бар болуы, олар мектептердің жалпы санынан 26,8%, 2014 жылы - 16,1 % құрайды (2009 жылы - 28,2 %, 2013 жылы - 17,1 %).

2009 жылы екі аусымдағы оқушы орындарының жеткіліксіздігі 41005 оқушы орнын құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 40000 орынға аз.

Бүгінгі күні ұстаз еңбегінің материалдық және моральдық ынталандыру жүйесі және заманауи заңнамалық база және ұстаздардың әлеуметтік статусын жоғарлатуға жағдай жасалмаған.

Жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагог қызметкерлердің саны 2009 жылы ұстаздардың жалпы санының 41,4 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 54,0 % көп. Жыл сайын жас мамандардың жұмысқа қабылдануы 0,1 % ғана құрайды.

Гендерлік қайшылық, мамандықтың феминизациясы байқалуда (мұғалімдердің 76,1 % - әйелдер). Жалақының төмендігі (ел бойынша орташа айлықтың 60 % көлемінде), ұстаз мамандығының беделсіздігі жоғары білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне ықпал етуде. 2000 жылдан бері білім саласы қызметкерлерінің айлығы 400 % өскеніне қарамай, оның деңгейі еліміздегі ең төмен жалақылардың бірі болып табылуда.

Балалар және мектеп қоғамдық ұйымдарының қызметі жолға қойылмаған. Балаларды қосымша біліммен қамту тек 4,2%, 2014 жылы - 9,3 % (2013 жылы -7,5%) құрайды.

Оқушыларды спорт секцияларымен қамту 2010 жылы - 15,5%, 2013 жылы - 38,5 % құрайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім бағдарламаларымен қамтылған балалар үлесі облыс бойынша 2010 жылы - 13,5%, 2013 жылы - 10,4 %, 2014 жылы - 14,8 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 18% құрайды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесі 2010 жылы - 8 %, 2011 жылы - 10 %, 2012 жылы - 12 %, 2013 жылы - 14,8 % 2014 жылы - 22,2 % құрады, 2015 жылға 18 % құрайды.

ОҚО орта білім беру мектептерінде оқитындар саны 2003-2009 жылдар аралығында 4,7% кеміген. Жекелеген аудандарда: Кентау қаласында, сонымен қатар Бәйдібек, Отырар, Созақ, Түлкібас және Шардара аудандарында оқушылар санының кемуі 13 %-дан 16 % дейін. Оқушылар санының аз ғана өсуі тек Сайрам, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында 1,4 %-дан 2,9 %-дейін тіркелген. Сыныптардың толықтырылуы норма бойынша 32 оқушы кезінде 22,4-тен 21,7 оқушыға кеміген, педагог қызметкерлер саны 3439 бірлікке, немесе 2,9 % көбейген.

Облыста бір тұрғынға білім беру шығынының ең төменгі деңгейі бола тұра, біліктілік санаты бар педагог қызметкерлер үлесі бойынша ОҚО республикадағы 14 облыс арасында 6 орында тұр.

2009 жылы ОҚО барлық аудандарындағы бір мұғалім жүктемесінің орташа деңгейі 18,4 сағатты құрады. Жүктеменің ең төмен деңгейі Отырар, Сайрам, Сарыағаш және Созақ аудандарында тіркелген.

Қазіргі кезде Интернет желісіне облыстағы барлық мектептер қосылған. Мектептер 100 % сымтетікпен қамтылған. Кең көлемді Интернет қолданатын мектептер саны – 961 (2013 жылы-93 %). Мектептердегі мультимедиялық-лингофонды кабинеттер саны 671 жинақты құрайды. Интерактивті тақталары бар мектептер саны 380 (2013 жылы - 380), интерактивті тақталар саны -1434.

ОҚО техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 2010 жылы - 86, 2013 жылы - 97 техникалық және кәсіптік білім мекемелері бар (2010 жылы - 43, 2013 жылы - 42 мемлекеттік), оның ішінде 26 кәсіптік лицей (25 мемлекеттік), 60 колледж (18 мемлекеттік), 2013 жылы 55 жекеменшік колледж жұмыс істейді, ондағы оқушылар саны – 72991, 2013 жылы - 77094.

2013 жылы 3 колледж (2 мемлекеттік, 1 жекеменшік) жабылып, 1 жекеменшік колледж ашылып, 2012 жылмен салыстырғанда 2 колледжге кеміді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2010 жылы - 24525, 2013-2014 оқу жылында 29012 оқушы білім алуда, бұл 2012-2013 жылмен салыстырғанда 1427 оқушыға, яғни 5,5 %-ға артты.

Соңғы үш жылдың ішінде ТжКББ мекемелеріндегі білім алушылардың үлесі 9,5%-дан 14,2%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 6,4 %-ға көбейді.

Бүгінгі күні облыс бойынша техникалық және қызмет көрсету саласына кадрларды даярлайтын ТжКББ мекемелерінде оқушы орындарының жетіспеуі байқалады. 24 кәсіптік лицейдің 16-сы типтік, 5-уі ыңғайластырылған, 2-уі апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқан, 1 кәсіптік лицейде мүлдем ғимарат жоқ (кәсіптік лицей №22 Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің базасында орналасқан).

Облыстағы 36 мемлекеттік колледждің 28-і типтік, 7-уі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты жағдайдағы ғимаратта орналасқан №6 колледждің оқу ғимараты және ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан №19 колледж құрылысы толығымен 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында 6551 инженер-педагог қызметкерлері қызмет атқаруда, оның ішінде 4385-і оқытушы, 748-і өндірістік оқыту шеберлері, оның ішінде 1636 инженер-педагог жоғары санатты, 1061-і бірінші санатты.

Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін жоғарылату мен кәсіпорындарында сынау мерзімінен өтудің заңнамамен бекітілген қалыптасқан жүйесі жоқ. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары мен әлеуметтік әріптестер арасындағы байланысты нығайту мақсатында жыл сайын «Әлеуметтік әріптестік – сапалы маман даярлаудың кепілі» атты форум өткізіледі, әлеуметтік әріптестер, сонмен қатар оқытушылар мен инженерлік-педагогикалық жұмыскерлердің біліктілігін көтермелеу мақсатында базалық тәжітибиеден өткізіледі.

ТжКББ мекемелерінде оқу процесінің сапасын арттырып, сапалы маман даярлау үшін «Кәсіптік маман даярлауда инновациялық жобалар» тақырыбында арнайы пән оқытушылары, өндірістік шеберлер мен оқушылар арасында ғылыми шығармашылық конференциялар жыл сайын өткізіліп, қорытындысында облыстық «Жыл шебері» байқауы өткізіледі.

Соңғы үш жылда облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылар бөліп жаңартылуда. Атап айтқанда 2012 жылы - 62,8 % болса, 2013 жылы жабдықтарының үлесі – 70,45 % -ды құрады.

Облыстағы ТжКББ мекемелерінде интерактивті тақтамен колледждерді 100 % қамтамасыз етілген.
Мәдениет

Облыста 745 мәдениет және өнер мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет жасап келеді. Оның ішінде: 268 клуб мекемелері, 435 кітапхана, 12 мұражай, 8 кәсіби театр, 11 демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 1 концерттік ұйым, 1 кинобейне орталығы, 1 облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, 1 қалалық мәдениет және өнер орталығы, 1 «Өркен» ойын-сауық орталығы, 2 сурет галереясы, 1 зоопарк және 1 тарихи-мәдени мұраны сақтау, қолдану мен қалпына келтіру орталығы.

Облыстық клуб мекемелерiнде 908 құрылым жұмыс iстеуде, оның «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдардың саны 37-ге жеткен.

Мәдениет мекемелерінің қызметі. 2009 жылы аумақта 215 концерт, 11283 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2440 қойылым қойылып, оның ішінде 43 жаңа.

Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2 видеофильм, 2 ғылыми-көпшілік кітап, 2 фотоальбом, 2 ғылыми-анықтамалық кітап жарыққа шықты.

Облыстық кітапханалардың кітап қоры 6 536 535 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 2 507 мың дана, 2009 жылы алынғаны 129 412 дана.

Мұражайлардың 122 614 экспонат қоры бар, көрермендердің саны 130 мыңға жуық адамды құрайды.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану саласы бойынша облыс бойынша 1130 нысан қорғауға алынған, оның ішінде археологиялық ескеркіштер саны – 1012 болса, архитектуралық ескеркіштер саны -118.

23 республикалық және 2 облыстық маңызы бар ескерткіштеріне реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы аумақта 120 концерт, 11000 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2401 қойылым қойылып, оның ішінде 42 жаңа. Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2010-2012 жж. «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығы 130 дана, 2013 ж. - 72 том, 2014 жылы - 238 том кітап жарыққа шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет